Әйелдер күйеуінің жәбірін жасырады

    Әйелдер күйеуінің жәбірін жасырады

    Ақтөбеде отбасылық кикілжіңдердің күш көрсетуге айналуы жиілеген. Мәселе тек қол жұмсаумен ғана шектелмейді.

    Жан айқайы
    Қазір әлеуметтік желілер отбасылық қарым-қатынаста жайсыздық сезініп жүрген жандардың мұңын шағатын жеріне айналды. Көбіне әйелдер өзін дұрыс қырынан көрсетпеген отағасына қатысты шағым айтып, көпшіліктен көмек сұрап жатады. Еркектердің отбасының шырқын бұзуы бұрынғы КСРО елдеріне мұра боп қалған сияқты.
    - Мереке қарсаңында отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында айқай-шу көбейеді. Қазір елімізде 400-дей әйел күш көрсету құрбаны болады екен. Және әрбір сегізінші жанұяда қандай да бір күш көрсету түрі болады, - дейді Қазақстанның дағдарыс орталықтары Одағының жетекшісі Зульфия Байсақова.
    Құқық қорғау органдарына тиісті шағым түскеннен кейін зорлықшыл адамның жәбірленушіге жақындауына тыйым салатын құжат әзірленеді. Сонымен қатар айыппұл санкциялары жазылады, бірақ ол отбасы бюджетінен төленеді.
    - Отбасы қаражатының әкімшілік айыппұл ретінде мемлекеттік қазынаға кетпейтіндей етіп қоғамдық жұмыстар жасауға болатын сияқты. Зорлықсыз қатынас мәдениетін қалыптастырудың маңызы өте зор, - дейді Байсақова.
    Осындай қатынас мәдениетін ақтөбелік әйелдердің өміріне енгізуді заңгер Татьяна Шарикова мен психолог Сәулентай Талғатқызы қалайды екен.
    - Әйелдерге күш көрсету секілді жағымсыз іс-әрекеттер, өкінішке орай, біздің қоғамымызда бар. Бұған қарсы бірдеңе жасау керек. Біз күйеуінен қысым көретін әйелдер үшін екі айда бір рет семинар өткіземіз деп шештік. Барлығы да тегін және қатысушылардың есімдері құпия болмақ. Алдымен, қысым көрудің маңдайға мәңгілік жазылмағанын және онымен күресу керек екенін түсіну керек, - дейді Татьяна Шарикова.
    Алғашқы кездесуімізге онша көп адам жиналмады. Бұл көптеген әйелдің өз отбасындағы кикілжіңдер мен тұрмыстық мәселелерін көпке жаюға да-йын еместігінен болар. Дегенмен де мәселелердің өте көп екендігі анықталды. Және олар қол жұмсаумен шектелмейді екен.
    - Біз қаржылай қысым көрсету оқиғаларының да жиі екенін білдік. Бұны әйелдің қандай да бір себеппен жұмыс жасамауынан да білуге болады. Үйдің басты қатыгезіне айналған күйеулері әйелдерінің жеке қажеттіліктеріне ақша бермейді екен. Шаштаразға бару немесе сол сияқты өзге нәрсе үшін күйеуінен үнемі ақша сұрап жүруді қалыптан тыс нәрсе деп есептейміз. Өкінішке орай, ақтөбелік отбасыларда мұндай кең тараған, - дейді құқық қорғаушы заңгер.
    Әлеуметтік желілерде берілген кеңестердің барлығына бірдей құлақ аса беруге де болмайды. Олардың дұрысынан бұрысы көп. Сондықтан да кәсіби психологқа, заңгер мен медиаторға жүгіну керек.
    - Бізге «күйеуім ұрады» деп жас келіншектер хабарласып жатады. Сұрастыра келе оның қарапайым отбасылық төбелес екені анықталады. Мұндай да болады. Еркектерді ақтап отырған жоқпын, алайда әйеліне қол жұмсаған еркек – мен үшін азамат емес. Ондайлар бір сәтте-ақ беделінен айырылады. Ерлер физикалық тұрғыдан күштірек. Ашуланса, тіпті, әйелінікі дұрыс болмағанның өзінде құшақтап алып, диванға тастай салсын да, үйден шығып кетсін. Екеуі де жүйкелері тынышталған кезде сөйлессін. Қол жұмсалған жерде махаббат жоқ. Ондай еркек – жүйкесі бұзылған, өзіне сенімсіз еркек, - дейді Татьяна сөзін жалғап.
    Кездесу барысында шу шығарғыштарға қатысты Европалық әрекет те сөз болды. Ақтөбелік бір отбасы Германияға көшіп кеткен екен. Күндердің күнінде жанұядан айқай шығып, дауыстары көршілеріне естілген. Кешкі сағат сегіздер шамасында көршілер полиция шақырып, тәртіп сақшылары оларға айтарлықтай сомамен айыппұл салып кетіпті.
    - Европада көршілердің әлеуметтік позициясы жақсы дамыған. Бізде ондай жағдайда көршілерден ешкім хабарламайды. «Айқайласып жатыр ғой» деп отыра береді. Жұптар төбелескеннен кейін әйелдің денесінде ешқандай із қалмаса да, арыз беруден бас тартқан әйел үшін көршілері жазып бере алады. Мұны көпшілік біле бермейді. Көршілердің берген шағымы бойынша отағасына шу шығаруға тыйым салынып, учаскелік инспектор ол отбасының тыныштығын бір ай бойы бақылайды. Жанжал тағы қайталанса, «тентек» отағасына айыппұл салынады. Қорқудың қажеті жоқ, келіп, бізге жағдайларыңызды айтыңыздар, - деп қынжылды заңгер.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл Ақтөбеде 22 әйел суицид жасаған
  • Ақтөбеде жыл басынан бері 14 әйел зорланды
  • Ақтөбеде теракт жасағандардың бірі әйелін қара киім киюге мәжбүрлеген
  • 10 жастағы бала анасын қорғау үшін әкесіне пышақ кезеді
  • Күн сайын 20 шақты әйел зәбір көреді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге