Мереке күні гүл 30 пайызға қымбаттады

    Мереке күні гүл 30 пайызға қымбаттады

    Мереке қарсаңында қалада гүл саудасы қызды. Таңсәріден тұтынушылар қатары көбейді. Сатушылардың айтуынша, мерекеге орай бұл жолы Ақтөбеге гүлдер әдеттегіден көп жеткізілген. Әдемі жандар үшін гүл сатып алуға асыққан ақтөбелік жігіттерге таңдау да көп болды.

    Негізінен, Эквадор және Голландияда өсірілген дала гүлдері: орхидея, раушан, лалагүл ақтөбеліктердің сұранысына ие болды. Ал, еліміздің Өскемен және Екібастұз қалаларынан жеткізілген қызғалдақтар мереке қарсаңында-ақ, таусылып қалған. Мереке күні сатылған гүлдердің бағалары да әртүрлі болды. Мәселен, раушан гүлі 800 теңге мен 1500 теңге аралығында болса, қызғалдақтардың әрқайсысы 180 теңгеден басталады. Сатушылар бағаның сәл өскенін жасырмады. Олар мұны жеткізушілердің қызмет құнын әдеттегіден 30 пайызға дейін көтергенімен байланыстырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Абай даңғылында біреуі 40 еуро тұратын раушан гүлдер егіледі
  • Мереке күні гүл 30 пайызға қымбаттады
  • Әйел деген әдемі ғой, әдемі...
  • Ақтөбеде шырша ұрлаушылар көбейді
  • Мереке күндері мас күйінде 50 жүргізуші ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге