Ақтөбеде мереке қарсаңында соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

    Ақтөбедегі үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Ажар Оразғалиеваны құттықтады. 94 жастағы әжей майдан даласында зенитші болған.

    Ажар Оразғалиева Атырау облысында өмірге келген. 18 жасында соғысқа өз еркімен аттанып, Орел, Харьков, Брянск қалаларын азат етуге қатысқан. Курск доғасындағы шайқаста болып, Берлинде жеңісті қарсы алған.
    -Соғысқа 1942 жылы Атырау облысынан аттандым. Доссор кентінен 17 қыз жіберілді. Ұзын бұрымымды қиып, әжеме қылдырдым. Осыдан кейін 416 зенитті артиллериялық дивизионнның құрамында бір ай әскери дайындықтан өтіп, майдан даласына аттандық. Немістер Орел, Харьков, Брянск қалаларын басып алды. Ал Курск шайқасы кезінде біздің жауынгерлер жанқиярлық ерлік көрсетіп, қаланы жауға берген жоқ. Күндіз-түні кескілескен ұрыс болды. Кейін үш қаланы азат еттік. Киевте, Румыниядағы шайқастарға қатыстым. Соғыс кезінде майдан даласына бірге аттанған Жеміс деген құрбымды өз қолыммен көмдім. Соғыста жамбасымнан жарақат алдым, көп қан кетті. Контузия алдым,-дейді әжей.
    Ауыр жарақат алған жа-уынгер осыдан кейін Берлинге аттанған. Кейуана Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен сәтінің куәсі болған. Ал 1945 жылы елге оралғаннан кейін соғыс ардагері Ғабидолла Оразғалиевқа тұрмысқа шыққан. Мұнай мен білім беру саласында еңбек етіп, өмірге он бала әкелген. Қазір немере, шөбере сүйіп отыр. Соғыс ардагері, Батыр ана Ажар Оразғалиеваны облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының төрайымы Айгүл Дүйсенова құттықтап, сыйлық табыс етті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Харьков түбінен ақтөбелік сарбаздың моласы табылды
  • Әскери қызметкерлерге жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
  • Соғыс ешкімді аямады...
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 72 жылдығын тойлады
  • Ешкім де ұмытылмайды!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге