Мектеп оқушысы діни рәсімнен кейін уланып қалды

    Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған балалар заңсыз діни рәсімдерге қатысқан. Шіркеуге барған оқушылардың бірі астан уланып қалыпты.

    Ақтөбе қаласындағы Евангелистік-христиандық баптистік шіркеудің басшысына айыппұл салынды. Протестанттық бағыттағы діни ұйым кәмелетке толмаған балаларды заңсыз түрде дінге тартқан.
    -Биыл қаңтар айында басқармаға №1 орта мектептің атынан өтініш түсті. Мектеп басшылығы кәмелетке толмаған балаларды заңсыз діни рәсімдерге қатыстыратындығын айтып, осы мәселені шешуге көмек сұрады. Тексеру кезінде бес оқушының Евангелистік-христиандық баптистік шіркеудегі Рождество мерекесіне қатысқаны белгілі болды. Діни рәсім 7 қаңтар күні өткен. Оған 10-11 жастағы балалар қатысқан.Алайда оларға діни шара өтетіндігі туралы айтылмаған. “Балалар лагері бар, тегін сыйлықтар таратылады” деген жалған ақпарат берген.Шіркеуде балалардың қатысуымен діни-іс шаралар өткізіліп, әдебиеттер таратылған. Мектеп оқушылары діни рәсімдерге бірнеше рет қатысқан, бірақ ата-аналары бұл туралы білмейтін болып шықты. Олар балаларының діни көзқарастарына жат бірлестік жұмысына тартылғанына наразылық білдірді, -дейді облыстық дін істері басқармасының инспекторы Арсен Хасен.
    Діни рәсімнен соң оқушылардың бірі мектепке бармай қалған. Анасының айтуынша, бала шіркеуде берілген астан уланып қалыпты. Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік соты діни бірлестіктің басшысын Әкімшілік кодекстің 490 бабының 7 тармағы (діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң талабын бұзу) бойынша айыпты деп тапты. Оған 120 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Шіркеу басшысы мұнымен келіспей, сотқа қайтара шағым түсірген. Бірақ шешім өзгеріссіз қалды. Айта кетелік, бұл Ақтөбе облысындағы балаларды заңсыз діни бағытқа тартуға қатысты алғашқы дерек емес. Қазір Мәртөк ауданында заңсыз діни лагерь ашқандардың ісі Жоғары сотта қаралып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөкте заңсыз діни лагерь ашқандар сотқа тартылмақ
  • Ақтөбеде діни көзқарасына байланысты екпе салмайтындар көп
  • Ақтөбеде діни экстремистік ағымның өкілі ұсталды
  • Діни сауат ашу курстары басталды
  • Діни кітаптар тәркіленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге