Ақтөбенің қалталы әйелдері пластикалық отаға ақша аямайды

    Бралов тегі ойылдықтар үшін жақсы таныс. Тіпті ол туралы қағытпа сөз де бар екен. Қағытпа дегенді құлағымыз шалып қалып, Ойылдың бірнеше азаматына хабарластық. “Бала кезімізде “Браловтың қолына түспе, түссең кесіп тастайды” деген қалжың сөз жүретін” дейді күліп... Бәрінің айтқаны – осы.

    “Скальпель – сиқырлы таяқша емес!”
    Браловтар динас-тиясының «пыша-ғына» ілінген тек Ақтөбе жұрт-шылығы емес. Жоғары санатты, танымал хирург Елубай Браловтың ұлы Ибрагимге Атырау, Ақтау, Орал тіпті алыс-жақын шетелден келіп, ота жасатады екен. Әңгіме «сұлулық хирургиясы» атанып кеткен пластикалық отаның Ақтөбедегі беталысы туралы болмақ. Ибрагим Бралов пластикалық хирургия саласында 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. М.Оспанов атындағы БҚММУ-ге қарасты жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, 30-ға жуық ғылыми мақала мен екі кітаптың авторы. Қазақстанның пластикалық хирургтерінің мүшесі. Қалалық медициналық орталықтардың бірінде үзіліссіз пластикалық ота жасайды. Көз, құлақ, мұрын, ерін, төс, қарын, артық май дейсіз бе – барлығын скальпель мен иненің көмегімен ойыңыздағыдай етіп беруге әзір. Солай дейді. Одан бөлек арасында уақыт тауып, жалпы хирургиялық және реконструктивті оталар да жасайды. Аудан-ауылдан келген қарапайым адамдар туабітті немесе апаттан кейінгі тыртық-жарақаттарын жасыруға келсе, қаланың қалталы әйелдері мен ер-азаматтары «еуропалық қабақ» синдромымен әуейі боп, қарындағы майды алғызып, тіпті жыныс мүшесіне дейін түзетеді екен. Соңғысы интрига тудырмас үшін айта кетейік, бала кезінде ауыл молдасынан сүндеттелген кей азаматтардың жыныс мүшесі уақыт өте бастапқы қалпына қайтып келеді екен. Қайтадан сүндеттеледі десе болады. Кезекті отадан шығып, қолын жуа сала сұқбат берген хирург алғашқы сөзін «біз сиқыршы емеспіз» деген сөзден бастады:
    - Пластикалық хирургтердің скальпелін көбісі сиқыршының таяқшасындай көреді. Олай емес. Табиғаттың жаратылысына қарсы шығып, кәрілікті біржола тоқтата алмаймыз. Дегенмен, біраз уақытқа қартаюды баяулатуға болады. Бір ғана көздің үстіндегі салбыраңқы қабаққа жасалған ота адамды кем дегенде 15 жылға жасартады. Қабылдауыма келетін клиенттердің дені – халықпен тікелей жұмыс жасайтын, өңірге белгілі, қалталы азамат пен азаматшалар. Шенеуніктер аз келеді. Олардың халыққа қызмет етуден қолы босамайтын шығар. Клиенттерімнің 70-80 пайызы блефаропластика жасатады. Бірінші орында – осы. Екінші орында – отопластика. Қалқан құлақтарды бірер минуттардың ішінде түзетіп, тіктеп береміз. Одан кейін липосакцияға келетін адамдар көп. Арнайы аппараттың көмегімен қарындағы артық майды сорғызып аламыз. Бірақ артық салмақтан арылғысы келетін адамдарды бірден ота үстеліне жатқызбаймын. Белгілі уақыт аралығында өз бетінше арықтауға тапсырма беремін. Үдеден шыға алса ғана ота жасаймын. Төртінші орында - төсті үлкейту мен абдоминопластика, яғни арықтаудан кейінгі қарындағы «алжапқыш» боп салбырап тұрған терілерді алып тастау. Лазермен де ота жасаймын. Бірақ дәстүрлі скальпельді бәрібір артық көремін. Лазерден күйік алып қалу қаупі басым,- дейді ол.
    Ибрагим Елубаевичтің айтуынша, пластикалық ота жасату үшін хабарласатын адамдар өте көп. Хирург Ақтөбеде күн сайын 1-2 адамға, айына 20-30 адамға ота жасаса, демалыс күндері Атырауда 10-15 ота жасап үлгереді екен. Қабылдауына келетін клиенттердің 80-85 пайызы – 18 бен 70 жас аралығында қыздар, келіншектер, егде тартқан әйелдер. Қалған 15-20 пайызы – ерлер. Олардың жас мөлшері 30-60 шамасында. 18 жасқа толған қызына, 70 жасқа толған әжесіне сыйлық ретінде пластикалық ота тарту ететін “креативтер” де жиі кездеседі екен. Тағы бір айта кетерлігі, қарсы көрсетілімдер болмаса отаға келісім мен пациенттің қалауы болса жетеді. Екеуара келісім шарт жасалмайды. Отадан кейінгі нәтижеге көңілі толмаған клиенттерге түзету оталарының кейбіреуі тегін жасалады. Оның да арнайы критерийлері бар және арада бір жылдай уақыт өтуі керек екен.
    -Сұлулық іздеп келген жанның бәрін ота үстеліне жетелеп апармаймын. Алдыма келген кісінің тіпті пластикалық отаға моральдық тұрғыдан дайын немесе дайын еместігін бірден білемін. Бір жағы психологпыз ғой. Қарсы көрсетілімдер бар. Бірінші соларға мән беремін. Ота кезіндегі асқынулар болмас үшін, клиент жан-жақты анализдер тапсырады. Жедел респираторлы аурулардан бастап қант диабеті, психикалық ауытқу, бауыр циррозы, жүрек ақауы сияқты созылмалы аурулар кезінде ота жасамауға тырысамыз. Ал, гемофилия диагнозы қойылған адамдарға эстетикалық оталар мүлдем жасалмайды,- деді ол.
    “Ажарланамын деп ажал құшатындар бар”
    Баспасөз бетінде келтірілген деректерге сүйенсек, әлемде 5000 пластикалық отаға – 1 өлім делінген. Қазақстанда ота үстелінен о дүниеге аттанып кеткен пациенттердің нақты саны көрсетілмеген. Дегенмен, 2-3 жыл бұрын Оралда, Қарағандыда болған оқиғалар біразға шейін халықты дүрліктірді. Ибрагим Елубайұлы 12 жылдың ішінде жасаған пластикалық оталардың санын жобалап та айта алмағанымен, бірде-бір рет өлім не шектен тыс асқынудың болмағанын айтып, үстелін үш рет «қағып қойды». Бірақ өліп кетуге болатынын жоққа шығармайды.
    - Медицина нақты ғылым емес. Ботокс кезінде анафилактикалық шок алу немесе липоскация кезінде қан кету жағдайлары дәл менің практикамда болмағанымен, ондай асқынулар болып тұрады. Кей адамдар жақындарының иландыруымен еркінен тыс келеді, психологиялық тұрғыдан дайын болмайды. Ондай адамдарды апта бойы, тіпті бір айға жуық отаға дайындаймын. Күнде қабылдауыма шақыруым да мүмкін. Нәтиже болмаса, отаға алудан бас тартамын. Бұндай кезде де асқынулар болады. Кәсіп деп ақшаның соңынан түсіп кеткен хирург емеспін. Мойнымда бір адамның өмірі тұр,- дейді дәрігер.

    “6-7 рет пластикалық ота жасатқан клиенттер бар”
    “Пластикалық ота есірткі сияқты” деген пікір бар. Бралов оны жоққа шығармайды. Бір рет отаның “дәмін татып”, “мүсіншінің” жұмысына көңілі толған адамдар бірнеше рет алдына келеді екен.
    - Түр-әлпет, дене бітіміне бір рет өзгеріс енгізген көп адамдар тоқтай алмайды. «Жетілудің шегі жоқ» дейді ғой. Менің практикамда бір пациент жеті рет пластикалық ота жасатты. Идеал, мінсіз адам боп шықты демеймін (күлді-ред.) Адам пластикалық отаны не үшін жасатады, не береді? Ең алдымен, сенімділік пен өзіндік бағасы көтеріледі. Сосын халықтың алдында статусына сай көрінгісі келеді. Кәрілікті баяулатқысы келеді. Несие алып та, ота жасататындар бар. Өзім де жазда көзімнің айналасына ота жасатуды ойлап жүрмін. Таңертең 8-де басталған жұмысым түнгі он бір-он екіге дейінгі оталарға жалғасуы мүмкін. Күніне бір қорап темекі тартып, үнемі энергетикалық сусындар ішемін. Өзімді сирек аяймын. Мәселе - осында. Ең ұзақ жасаған операция жеті сағатқа созылды. Бір саусағын түбіне шейін болгаркамен кесіп алған пациенттің саусағын микроскоппен қайта жинадық,- дейді ол.
    Хирург пластикалық отаның кәсіп көзі екенін жоққа шығармады. Сұраныс жоғары. Бағасы да арзан емес. Өзге қалаларға жиі шақырту алғанмен, Ақтөбеден кеткісі жоқ.
    - Жақсы маманға қай жерде болсын жұмыс табылады. Алматыда екі жыл жұмыс істедім. Дегенмен, туған жерімде қызмет етуді қалаймын. Клиенттің көптігінен емес. Атырауға да жұмыс істеуге жиі шақырады,- деген дәрігер өз елінен ешқайда кеткісі келмейтінін білдірді.
    Эстетикалық отаға қатысты гуглдегі жиі сұраным ислам дінінің пәтуәсі болып шықты. Айта кетейік: ислам діні пластикалық отаға түбегейлі қарсы емес. Дегенмен, шарттары бар. Туа бітті (қоян жырық, т.б.) немесе жүре пайда болған (апат, өрт, т.б.) кемістіктерді, тыртықтарды жоюға болады. Қалған жағдайда Алланың жаратылысын өзгерту болып саналып, күнәға жатқызылады. Ал, психологтар сәтсіздіктерін сырт келбетімен ғана байланыстыратын, көркіне қанағаттанбай, идеал болуды көздейтін перфекционистер мен жас кезінде дисморфофобияға ұшыраған жандарға пышаққа түспей тұрып, психологқа жүгінуге кеңес береді. Сұқбат берген хирургтің өзі «ешкімнен идеал жасамаймыз, идеал болу мүмкін емес» дейді. Ақшаға құныққан басқа хирургтердің сөзін шамамен қандай болатыны түсінікті шығар?! Шешім – өзіңізде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлия Маханалина: “Ақтөбеде жылына жүзден астам әйелден сүт безінің қатерлі ісігі анықталады”
  • Биыл Ақтөбеде 22 әйел суицид жасаған
  • Су тасқынынан кейін маса қаптауы мүмкін
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Бүгін Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге