Латын әліпбиін талқылауға шетелдік ғалымдар келеді

    Ономастика және латын әліпбиіне көшу мәселелерін талқылау үшін Ақтөбеге Түркиядан, Әзірбайжан мен Ресейден ғалымдар келеді. Бұл туралы Ақтөбе облысының ӨКҚ баспасөз-конференциясында Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева хабарлады.

    -Ақтөбедегі ономастика және латын әліпбиіне көшу мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға басқа мемлекеттің өкілдері алғаш рет қатысқалы отыр. Бізге Түркиядан ғалымдар келеді, Әзірбайжаннан қатысушылар онлайн тәртібімен байланыста болады. Одан бөлек, ресейлік ономасттардың да жұмыс тәжірибесі қызықтырады, - деп нақтылады Гүлайым Төлебаева.
    Конференцияға астаналық профессорлар мен сарапшылар да қатысады. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы көшелер мен қалалардың атауларын латын әліпбиімен жазу сапалы жүргізіліп жатқанын да атап өтті. Латыншаға өту 7 жылдай уақыт алады, оның 3 жылы дайындық жұмыстарына кетеді.
    -Сондықтан да біздің кәсіпкерлерге маңдайшаларын латынша жазуға асығудың қажеті жоқ. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында анықтама материалдары да-йындалады, онда әрбір қазақ сөзін қалай дұрыс жазу керектігі көрсетіледі,- деп сөзін түйіндеді Гүлайым Төлебаева.
    Ақтөбе облысында облыстық маңыздағы 1 қала, аудандық маңыздағы 7 қала, 141 ауылдық округ, 393 елді-мекен, 2912 көше бар екенін атап өткіміз келеді. Өңірде барлығы 103 атау идеологиялық тұрғыдан ескірген деп саналады. Олардың ішінде, 5 ауылдық округ, 20 ауыл, 56 көше, 22 нысан бар. Өткен жылы Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына аттары жоқ көшелерге атау беру туралы 205 ұсыныс жолданды. Оның 69-ы мақұлданып, Әділет департаментінде тіркеуден өтуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сауалнама қорытындысы: Ақтөбеліктердің 80 пайызы латынға көшуді қолдайды
  • Латын әрпіне көшу бізге не береді?
  • Ақтөбедегі көше атауындағы қателіктер
  • Тілдерді дамыту орталығының тағдыры қыл үстінде
  • Ардагердің ұлы әкесіне көше берілгенін қалайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге