Ақтөбелік диқандар жаппай мақсары өсіруге көшуі мүмкін

    Ақтөбе облысында соңғы жылдары жауын-шашын аз түскендіктен, құрғақ ауа райы байқалып отыр. Сол себепті жергілікті диқандарға құрғақшылыққа төзімді майлы дақыл -мақсары өсіруге кеңес берілуде.

    Бүгінгі күні дәстүрлі емес майлы дақыл облыстың Мәртөк, Қобда және Алға аудандарында өсіріледі. Құрғақшылыққа төзімді, шығыны аз өнімнің пайдасы мол. Ол қалдықсыз өнім саналады. Мақсарының тұқымынан май алынса, жапырағы мен гүлінен шай, косметика мен дәрі-дәрмек алынады.Тіпті мал азығы ретінде де қолданылады. Әрі соңғы кезде құрғақшылыққа байланысты аймақта бидайдан алынатын өнім көлемі де азайып отыр. Сондықтан Ақтөбедегі аймақтық кәсіпкерлер палатасында өткен жиын барысында жергілікті диқандарға мақсары өсіруді қолға алуға ұсыныс жасалды. Бұл үшін оларға Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибелік станциясының мамандары көмекке келмек.
    -Майлы дақылдың бұл түрі алғаш рет Мәртөк ауданында өсіріле бастады. Бұған дейін олар күнбағыс егіп келген еді. 2015 жылы алғаш рет тұқымның “Ахрам” атты сұрыпын шығардық. Ол 10 жыл бойы селекциялық сұрыптау барысында алынды. Бұл дақылды “Дина” шаруашылығы өсіріп, көбейте бастады. Алғашқы жылы олар 700 келі тұқымнан 22 тонна астық жинады.Келесі жылы 700 гектар жерге тұқым егіп, 560 тонна өнім алды. Бұл майлы дақылдың тез көбейетіндігін көрсетеді,-дейді станцияның аға ғылыми қызметкері Айбатша Жұбанышева.
    Мақсары тез жерсінетін өнім болғандықтан, оны тіпті құнарсыз деген жерлердің өзінде де өсіруге болады. Ал одан алынатын май пайдасы мен дәмі жағынан зәйтүн майына ұқсас. Мамандардың айтуынша, майлы дақылдың бұл түрі аса көп күтімді қажет етпейді. Топырақ талғамайды. Алайда оны күзде жауын-шашын түспей, уақытылы жинап алу қажет.
    - Мақсары өсіргенімізге екі жыл болды. Жұмыс барысында шикізатты өткізу, өңдеу жағынан қиындықтар болды. Бірақ майлы дақылды өсіру қиын емес. Шығыны да аз. Алға, Қобда, Мұғалжар аудандарында, Хромтау мен Мәртөктің кей жерлерінде бұл дақылды міндетті түрде өсіруге болады.Мақсарының дәні төгілмейді, құрғақшылыққа төзімді. Өсіп тұрғанда мал да жемейді. Бірақ оны піскен кезінде уақытылы жинап алу қажет. Өйткені жаңбыр тисе, жарамсыз болып қалады. Бүгінгі күні 1000 тоннаға жуық өнім алып отырмыз. Тұқымды көбейтіп, кейін оны басқа шаруаларға сатамыз,-дейді «Дина» шаруа қожалығының басшысы Әділ Құрманаев.
    Бұған дейін диқандар майсарыны шикізат күйінде Қытай кәсіпкерлеріне сатып келген еді. Өйткені Қытай елінде дәннен жиһаз шығарылады. Майлы дақыл Ресейде де жоғары сұранысқа ие. Оны жеммен бірге малға берсе, тез салмақ қосады. Алайда бұл оларға экономикалық жағынан тиімсіз болған еді. Өйткені өнімді жергілікті өңдеушілерге сатпағандықтан, шаруашылықтарға мемлекеттен субсидия берілмейтін. Ал биыл Хромтау ауданындағы Жазық бекетінде мақсары ма-йын өңдейтін жаңа зауыт ашылады. “Ақтөбе майэкстракциялық зауыты” ЖШС құрылтайшысы Негматулло Кориджумаевтың айтуынша, өндіріс орны күзде іске қосылмақ. Мақсары өсіріп, зауытқа тапсырғандар әр тоннасына 15 мың теңге субсидия алады.
    -Жаңа зауытта астықты тазарту, құрғату, сақтау кешендері жұмыс істейді. Жылына 10-20 мың тонна майлы дақылды қабылдап, өңдей аламыз. Мақсары майы-экспорттық өнім. Оны Қытайға, Орта Азияға өткізу мүмкіндігі бар. Мақсарыдан бөлек зығырмен күнбағыс та қабылданады,-дейді кәсіпкер.
    Жиын барысында диқандарға дәстүрлі емес шаруашылықтың қыр-сыры түсіндірілді. Сондай-ақ оңтүстікте өсірілетін “Нұрлан” сұрыпты мақсары дәнін Ақтөбе облысында өсірудің тиімділігі жөнінде айтылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Хромтауда күнбағыс майы өндірілмек
  • Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Бердібек Сапарбаев: Құрттан да пайда табуға болады
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге