Ақтөбеде мәйіт донорлығы дамымай жатыр

    Ақтөбеде мәйіт донорлығы  дамымай жатыр

    Ақтөбеде адам ағзаларын, оның ішінде мәйіт донорын пайдалануға қатысты халықтың нарызылығынан кейін трансплантология саласы тоқтап тұр. Дәрігерлер адам өмірін аман алып қалудан қорқа бастады.

    Қазір мамандар бауыр, бүйрек алмастыру оталарын жасап жатыр. Алайда донор тапшылығы өзекті мәселе болып отыр. Өйткені көпшілік жағдайда туыстары марқұмның ағзасын науқасқа беруге қарсы шығады. Әрі былтырғы мәйіттік донор дауынан кейін дәрігерлердің өзі де қорқып қалған.
    - Дәрігерлер қазір бүйрек ауыс-тыру оталарын өздері жасап жатыр. Соңғы екі жыл қатарынан Оңтүстік кореялық мамандармен бірге бауыр ауыстыру оталары да жасалып жатыр. Биыл бұл операцияларды өз күшімізбен жасамақпыз. Бұл - өте қиын процесс. Тек науқасқа ғана емес, донордың өміріне де қауіп төнеді. Донор мәселесі де қиын болып тұр. Көбіне тума-туыстары келіспейді. Ағзалары да сәйкес келмеуі мүмкін. Өткен жылы 6 адамға мәйіттен бүйрек алмастыру отасын жасадық. Өздеріңіз білесіздер, былтыр үлкен айқай болды. Содан кейін бірде-бір ағза алынған жоқ. Дәрігерлер қорқады. Әрі марқұмның жақындары да рұқсатын бермейді. Сұраныс болғанмен, жұмыс жүрмей тұр. Тек Ақтөбеде ғана емес, республика көлемінде мәйіт донорлығы азайып кетті. Алайда алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табады,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
    Естеріңізге сала кетелік, өткен жылы Ақтөбеде мәйіттік донорға қатысты дау шығып, қайтыс болған Серікболсын Көшербайдың туған-туыстары сотқа арыз түсірген болатын. Полиция тексеру жүргізіп, дәрігерлердің жұмысын заңды деп тапқан еді. Бүгінгі күні облыста 320 адам бүйрек, ал 54 науқас бауыр алмастыруға кезекте тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мәйіттік донор болған жігіттің туыстары сотқа дін өкілін шақырды
  • Жол апатына түскен жігіт екі адамның өмірін құтқарды
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Бүгін Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылмақшы
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге