Ақтөбедегі ана өлімінің себебі белгілі болды

    Ақтөбедегі облыстық ауруханада биыл жас ана қайтыс болып, нәрестесі жетім қалған еді. Республикалық комиссия 28 жастағы келіншектің өліміне не себеп болғанын анықтады.

    Естеріңізге сала кетелік, жас ана биыл қаңтар айының соңында босанған еді. Алайда бірнеше күннен соң көз жұмды. Осы оқиғадан соң бірнеше дәрігер жазаланып, қызметінен төмендетілді. Облыстың бас дәрігері Әсет Қалиев ана өлімінің нақты себебі туралы айтып берді.
    -Перзентханаға түскен кезде әйелдің жағдайы бірқалыпты болды. Алайда босанғаннан оның жағдайы күрт нашарлап кетті. Өйткені босану кезінде оның иммунитеті әлсіреп, инфекция күшейіп кетуі мүмкін. Алайда дәрігерлер асқынуды кеш анықтады. Дер кезінде ота жасаған жағдайда жас ананың өмірін сақтап қалу мүмкін еді. Дәрігерлердің кінәсі осында. Осы оқиғадан соң республикалық деңгейдегі комиссия келіп, ауру тарихы талданды. Босану қызметіне жауапты бас дәрігердің орынбасары жұмысынан босатылып, лауазымы төмендетілді. Ал басқа дәрігерлерге тәртіптік шара қолданылды, -дейді Әсет Қалиев.
    Комиссия тексеріс кезінде ана өліміне дәрігерлердің қатысы бар екенін анықтаған.
    -Дәрігерлер тарапынан кемшіліктер бар. Оны мойындаймыз. Жас анада септикалық шок болған. Іріңді токсикалық инфекцияға байланысты жағдайы нашарлап, қайтыс болды. Ал нәресте ем қабылдап, жақында
    туыстарына берілді,-дейді облыстың бас дәрігері.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бас дәрігер хиджаманың қауіпті екенін айтты
  • Ақтөбеде дәрігерлердің басы тағы да дауға қалды
  • Ақтөбелік келіншек бала босану үстінде қайтыс болды
  • Ақтөбедегі босану үйлерінің бірі жабылып қалды
  • Облыстық аурухана дәрігеріне қатаң сөгіс берілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге