Ақтөбелік студенттер жатақханаға мұқтаж

    Ақтөбелік студенттер жатақханаға мұқтаж

    Жоғары оқу орындарына бөлінетін 20 мың қосымша грант үміткерлерге қандай мүмкіндік береді? Мамандар мемлекеттік грант - әлеуметтік жағдайдың жақсаруына септігін тигізетін тегін оқуға мүмкіндік дейді. Бірақ бұған сенімсіздік танытып отырғандар да бар.

    Қазақстанда жылына шамамен 100 мыңға жуық студент бакалавр білімін алып, жоғары оқу орнын аяқтап шығады. Бірақ маман тапшылығы азаяр емес. Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа ұсынған бес бастамасының бірінде жоғарғы оқу орындарына биылғы жылы қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынған болатын. Сонымен қатар Елбасы 25 мың орындық жатақхана салу қажеттігін айтты.

    Ақтөбе студенттерінің жағдайы қалай?
    Ақтөбенің жоғары оқу орындарында білім алатын үш мыңдай жас жатақханаға мұқтаж. Биыл Жұбанов университеті 500 орынға шақталған студенттер үйін пайдалануға береді. Облысқа жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары оқу ордасының жұмысымен танысып, профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті. Құдайберген Жұбанов атындағы университетте 11 мыңға жуық студент 9 факультет бойынша білім алады. Оның 630-ы "Серпін" жобасы бойынша
    оқып жүр. Жаңа оқу жылында бірінші курсқа 5 мың талапкерді қабылдау жоспарланған. Негізінен университеттің мың адамға шақталған екі жатақханасы бар. Былтыр тәуелсіздік күні смарт "Жастар үйі" ашылды. Бұл өңірдегі заман талабына сай салынған алғашқы ғимарат. 9 қабатты зәулім үйді тұрғызуға университет өз бюджетінен 1 млрд теңге қаржы жұмсаған. Ал, жуырда 500 орындық жатақхана пайдалануға берілмек. Депутаттар оқу ордасының бірінші қабатында орналасқан "Темірқазық" орталығының жұмысымен де танысты. Мұнда электронды форматта қызмет көрсетіледі. Қазіргі уақытта арнайы "Цифрлы университет" жобасы әзірленіп жатыр. Осы орталық жобаның бір тармағы дейді ректор. Жалпы, жыл басынан бері университетте 106 кабинет ашылды. Оның ішінде белгілі тұлғалар атындағы дәрісханалар, оқу-әдістемелік және әлеуметтендіру орталықтары бар. Айтып өтейік, бүгінде облыста 49 мың студент бар. Оның 22 мыңы жоғары оқу орындарында оқиды. Оның 55 пайызы жатақханамен қамтылған.

    Қосымша грант неге керек?
    Білім саласының мамандары қосымша гранттың бөлінуі көптеген мәселелердің шешілуіне түрткі болады деп отыр. Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов технология дамып келе жатқан заманда техникалық білімі бар жастарға сұраныс артады дейді.
    - Он жыл бұрын Қазақстандағы студенттер саны шамамен 750-770 мың болған. Қазіргі таңда 475 мыңнан сәл асады. Бірақ соңғы жылдары бұл көрсеткіш өсіп келеді. Ал мемлекет беріп отырған гранттың мөлшері өте аз. Сондықтан грантқа іліге алмай қалған мектеп түлектері ақылы оқу орнына тапсыруға мәжбүр. Маман тапшылығы мәселесі осыдан туындап отыр,- дейді ол.

    Ақылы оқу орнына түскен студенттің толыққанды білім алуына кедергі көп.
    Біріншіден, ата-анасының қалтасынан төленетін болғандықтан отбасылық бюджетке салмақ түседі. Екіншіден, студент шәкіртақы алмағандықтан қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Кітапханаға барып ізденуге мүмкіндігі де, уақыты да қалмайды. Үшіншіден, тұрақты жатақханасы жоқ студент пәтер жағалап, сол пәтердің ақшасын табу үшін еңбек етіп жүргенде, толыққанды білім ала алмайды. Түнімен жұмыс істеген студент күндіз сабақты қалай оқиды? Демек білім сапасына да кері әсерін тигізеді. Қазақстанда әр студентке бөлінетін грант бағасы – 340 мың теңге. Ал ең төменгі ақылы оқу орнында оқу ақысы 300 мыңнан кем емес. Оның барлығы ата-ана қалтасынан төленіп жатыр. Қосымша грант – бұл ата-аналарға мемлекет тарапынан жасалып отырған көмек. Әрі шағын және орта бизнеспен айналысып жатқандарға демеу болмақ, – дейді Рахман Алшанов.

    Маманның қалтасы докторантурада білім алуды көтермейді
    Рахман Алшановтың айтуынша, бакалавр білімін алған маманның ары қарай магистратурада, докторантурада оқуға шамасы келмейді. Өйткені оқу құны жоғары. Ал мемлекеттен бөлінген грант мұнда да өте аз. Оның есебінше Қазақстанда докторантурада оқып жатқан студенттер саны екі мыңға жуықтапты. Бакалаврлық біліммен көбі мамандықтарды игеріп кете алмайды.
    - Мен жақында Корея мемлекетіне барып қайттым. Онда ешқандай туысы жоқ жетім баланың докторантурада оқуына жағдай жасалған. Кореяда бір ғана докторантурада 59 мың адам оқып жатыр. Ал халқының саны 48 млн. Бізде бар-жоғы екі мыңға жуық адам докторлықты қорғамақ. Осыдан кейін маман тапшылығы мәселесі келіп туындайды. Сондықтан жалпы оқу құрылымын өзгерту керек, – дейді Рахман Алшанов.

    "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ауылға баруға құлықсыз
    – Бұл – Қазақстанда жоғары оқу орнын бітірген мамандар үшін арнайы қабылданған мемлекеттік бағдарлама. Ауыл мектептеріне мұғалімдерді тарту мақсатында қабылданған. Десек те жас маман жалақының аздығынан ауылға дипломмен барудан бас тартады,– дейді Рахман Алшанов. "Дипломмен ауылға" бағдарламасының қоры жеті млрд теңге. Бұл өте аз. Ауылға барған жас маманға берілген қаражат жеткілікті болғанмен, жалақының төмен болуы көп жастардың басқа салаға бет бұруына әкеліп соғады. Алайда Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жас мамандарға бұл бағдарламаның көп көмегі тиді.

    "Президент тапсырмасы орындалған емес"
    – Техникалық мамандықтарды тек сұраныспен дайындау керек. Қажет маман иесін кәсіпорындар өздері дайындағаны дұрыс. Ал мемлекет медицина, білім саласының мамандарын дайындау керек деп ойлаймын. Қазақстанда сегіз мыңнан астам мектеп бар. Онда 22 пән оқытылады. Егер техникалық мамандықтарға басымдық берсе, сонда мұғалімдерді кім дайындайды? Онсыз да білім саласында мамандар тапшы. Әсіресе, химия, физика, математика пәндерінің мұғалімдері жетіспейді,- дейді маман.

    Болашақ бағдарламасына да қабылдау тәртібі өзгерді
    Ол туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның сайтында жарияланды. Нақтыласақ, 2018 жылдан бас-тап Болашақ бағдарламасына бір рет қатысып, қандай да бір жағдаймен (өз еркімен бас тартқан болса, тіл курсынан өте алмай қалса) оқуға бара алмай қалған үміткердің екінші рет құжат тапсыруға мүмкіндігі бар. Тек орталық алдында берешегі болмауы шарт. Сонымен қатар "ерікті тапсырушы" санатына жататын бакалавр дипломының орташа GPA балл көрсеткіші 3.3-тен 3.0 балға төмендеді. Болашақ бағдарламасынан үміткерлерге беріліп отырған тағы бір мүмкіндік ағылшын тілі курсын аяқтаған соң тест тапсыруға рұқсат алады. Егер қажетті балды жинай алмаса, қайта тапсыруына бір рет мүмкіндік беріледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “Жастар үйі” пайдалануға берілді
  • Ақтөбелік студенттер арасында қылмыс саны артты
  • 600-ге жуық болашақ дәрігер диплом алды
  • Елімізде биыл 31702 білім беру гранты бөлінді
  • Ұбт: биыл қандай өзгерістер бар?
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге