Ақтөбе екіге бөлінеді

    Ақтөбе екіге бөлінеді

    Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті 28-ші сессиясының отырысында қаланы екі ауданға бөлу мәселесі талқыланды.

    Ақтөбе қаласындағы екі ауданның құрылу мәселесі қызу талқылану үстінде. Соған орай бұл мәселе бойынша Ильяс Испанов қаланы екі ауданға бөліп беру қажеттігін дәлелдеді.
    - Өзімді тарихи бір жиында, тарихи отырыста отырмын деп есептеймін.
    Себебі қаламызда екі аудан болады деп дабыл қағудамыз. Алдағы жылы қаламыздың 150 жылдығын атап өтуге дайындалып жатырмыз. Соған орай 150 жылдықты екі аудан болып қарсы аламыз. Егер екі аудан ашылса бәсекелестік болып, бір-бірімен жарыса түспек. Осы арқылы қаламызды көркейте аларымыз анық. Нақтылап айтқанда, бұл жобаны мемлекеттік басқарудың жаңа дамыған мәселелері деп атауымызға болады,-дейді қала әкімі.
    80-ші жылдарда Ақтөбеде екі аудан болды. Олар Пролетарлық және Фрунзе аудандары болып аталды. Бүгінгі күні аудандар Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында бар. Ақтөбе қаласы біртіндеп батыс Қазақстан өңірлерінің урбанизм орталығына ауысып келеді. Республикамыздың төрт агломерация облысының бірі – Ақтөбе екені анық. Ал қазір халықтың саны шамамен 500 мың адамға жетеді. Халықтың жыл сайынғы өсімі 10-15 мың адамды құрап отыр.
    - Ақтөбеде тұрғын үй құрылысының белсенді дамуы байқалады. Соңғы бес жыл ішінде 2,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Қысқа мерзімде жаңа «Батыс» және «Нұр-Ақтөбе» шағын аудандары салынды. Қазіргі таңда осында 60,0 мыңнан астам адам тұрады. Осылайша, қаланың серпінді дамуы қала тұрғындарының қажеттіліктеріне тез жауап беру қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты қаланың өмірін және дамуын тиімді қамтамасыз ету үшін Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлеміз деген шешім қабылданды. Ол қаланың аумақтық тұтастығын, бүкіл қаланы бақылауды, жалпыұлттық қызметтер аумақтық ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде күштерді жедел мобилизациялауды қамтамасыз етеді. Дегенмен аудандарға атау беру қиынға түскелі тұр. Батырлармыздың, ұлы тұлғаларымыздың есімдерінен бөлек халықтың болмысына жақын атаулар қарастырылады,-дейді Ақтөбе қалалық маслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова.
    Айта кетейік, 20 наурызда «Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы мен Ақтөбе облысының әкімдігі және мәслихатының бірлескен шешімі қабылданды. Осыған сәйкес қаланың ауылдық округтері таратылып, олардың аумақтары Ақтөбе қаласына кіреді. Алдағы уақытта екі ауданның құрылуына байланысты аудандарға атау беру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар болады.

    Ақтөбенің жаңа аудандары теміржол арқылы бөлінеді
    Ал жалақыға қосымша 25 пайыз үстеме ақы алатын ауыл тұрғындарына қаржы бұрынғысынша төленеді.
    Ақтөбеде қала аумағын екі ауданға бөлу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, халықтың пікірі ескерілуде. Қала әкімі Ілияс Испановтың сөзінше, қазір Ақтөбе халқының саны 500 мыңға жеткен. Тұрғындар санының көбеюіне байланысты аудан құру мәселесі туындап отыр.
    -Қала ішінде оны басқару ыңғайлы болу үшін екі аудан ашылмақ. Бірақ Ақтөбе қаласы жабылмайды, оның аумағы сол күйінде қалады. Бүгінгі күні Нұр Ақтөбе ауданын қосқанда Қарғалы Тұрғын үй массивінде 30 мыңға жуық адам тұрады. Былтыр мұнда 2200 пәтер салынды. Биыл 3000 баспана беріледі. Ал Батыс ауданында 200 мыңнан астам адам тұрады деп жоспарланып отыр. Биыл Батыс-3 ауданына инженерлік құрылымдар тартылып, құрылыс жұмыстары басталады. Сол себепті осындай қажеттілік туындап отыр,-дейді ол.
    Бұған дейін кейбір тұрғындар Ақтөбе қаласының екі ауданға бөлінуіне қарсылық білдірген еді. Өйткені олар ауылда тұрғаны үшін жалақыға қосымша берілетін 25 пайыздық үстемақыдан қағылатындықтарына алаңдаған еді. Олардың басым бөлігі- ұстаздар мен дәрігерлер. Алайда әкім қаржының бұрынғыша төленетіндігін айтып, сабырға шақырды. Ақтөбе қаласын теміржол арқылы екі бөлікке бөлу жоспарланып отыр. Жиын барысында ақтөбеліктер бұл шешімді қолдап, аудан атауларын ұсынды. Көпшілік талқысына түскен атаулардың арасында Әбілқайыр хан, Бауырластар, Абай аудандары деген атаулар болды. Қарғалы ауданының құрметті азаматы Мұхан Қазкеев әкімшілік ғимаратты “Нұр Ақтөбе” ауданына орналастыруды сұрады. Нақты шешім 5 сәуірде өтетін қоғамдық қабылдаудан кейін белгілі болмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе қаласы екі ауданға бөлінеді
  • Қала әкімі не бітірді?
  • Ақтөбе агломерациясы қалай өзгереді?
  • “Ақтөбе City” – қаланың жаңа келбеті
  • Бұрынғы Заречный – қазіргі Сарайшық
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге