Ақтөбенің аудандары “Астана” мен “Алматы” деп аталады

    Ақтөбеде жаңадан құрылған аудандар “Астана” мен “Алматы” деп екіге бөлінетін болды. Қалалық мәслихат сессиясында депутаттар жаңа атауларды қолдап, дауыс берді.

    Ақтөбе қаласы енді екі ауданға бөлінеді. Мұндай шешімді қала билігі халық санының көбеюіне байланысты қабылдаған еді. Жаңадан құрылған аудандарға “Алматы” мен “Астана” деген атаулар берілмек. Атау беру мәселесі қоғамдық тыңдау кезінде талқыланып, көпшіліктің пікірі тыңдалды. Қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, жаңа атауларды жұмыс тобының мүшелері мақұлдаған.
    - Соңғы 10 жылда қала тұрғындарының саны 306 мыңнан 477 мыңға дейін өсті. Халық саны жыл сайын 10-15 мың адамға өседі. Қалада шағын және орта бизнес белсенді түрде дамып келеді. Жыл сайын екі мыңнан жаңа бизнес субъектілері ашылады. Ақтөбеде көшелерге, елдімекендерге атау беру бойынша жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына ғалымдар, қоғамдық ұйым басшылары, депутаттар, ардагерлер кіреді. Жаңадан атау берілетін аудандар туралы ұсыныс жұмыс тобында қаралып, талқыланды. Халықтан Елек, Сазды, Астана, Қарғалы, Бауырластар, Алматы, Абай, Әбілқайырхан, Бөкенбай батыр деген бірнеше ұсыныс түсті. Жұмыс тобы бұл атауларды сараптай келе, “Астана” мен “Алматы” атауына тоқтады. “Астана” мен “Алматы” ұғымдары-біздің Тәуелсіздігіміздің, Егемендігіміздің символы. Бұл ұғымдар Қазақстанды шетелде танытатын брендтер деп айтсақ та болады. Әрбір ақтөбелік “Астана” мен “Алматы” аудандарының тұрғынымын деп мақтанышпен айтады деген ойдамын. Егер біз миллион халқы бар қалаға айналғымыз келсе, алға ұмтылуымыз керек,-деді ол.

    Қоғамдық тыңдауға жиналған ақтөбеліктердің басым бөлігі жаңа атауға қолдау білдірді. Зейнеткер Мұхан Қазкеев Қарғалы ауданына әкімшілік ғимаратын орналастырып, Астана атауын беруге ұсыныс жасады. Халық арасында басқа пікір білдіргендер де болды.
    - Бізге бұл аудандарды ашу керек.Бұл-өмір талабы. Оны Ақтөбенің экономикалық, қаржылық жағдайы да көтереді. Бірақ біздің өз тарихымыз, халқымыз, жеріміз, суымыз бар. Мұны да ескеру керек. Бізде Елек пен Сазды өзендері бар. Менің ойымша, бізге Астана, Алматы деген атау керек емес деп есептеймін. Аудандарымызға өзендеріміздің, жеріміздің атауын беру керек, - деді зейнеткер Мұхит Бисеналин.
    Ал жұмыс тобының мүшесі Алмат Пангереев атау беру мәселесінің заң аясында қабылданатындығын айтып өтті.
    - Мен көп жыл бойы облыстық ономостика комиссиясының хатшысы болдым. Қазір қалалық жұмыс тобының мүшесімін. ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңының талаптары
    бойынша, елдімекендерге, аудандарға, олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімін беруге шектеу қойылған. Кей азаматтар жер-су атаулары мен кісі есімін беруді ұсынып жатыр. Бұл- абстрактілі атаулар. Сазды, құмдақты деген атауларды ата-бабамыз қойып кеткен. Әрине, дұрыс атаулар. Бірақ заң талабы бойынша аудан атына беруге болмайды. Осыны ескеру керек. Заң ортақ болғандықтан, “Астана” мен “Алматы” деген атауды талқымен шештік. “Астана” мен “Алматыдан” шошуға болмайды. Бұл-біздің брендіміз. Астана суға кетіп жатыр деп ешкім айтпайды. Егер үйлеріңіз суға кетіп жатса, биліктің өзі жүгіреді. Алматы атауынан ұялғаннан жол жөндеп, құтқаруға барады. Сондықтан “Астана”, “Алматы” атауларын беруді өте дұрыс деп есептеймін,-деді ол.
    Қоғамдық тыңдауда талқыланған атаулар қалалық сессияда қаралған еді. Депутаттар екі ауданды “Астана” мен “Алматы” деп атауға бірауыздан шешім қабылдады. Қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, қоғамдық тыңдауға келген халықтың басым бөлігі бұл атауларға қолдау білдірген. Депутат Алмагүл Бекенова жаңадан құрылған аудандардың атауын қолдап, өз пікірін білдірді.

    - Алматы-біздің еліміздің мәдени және қаржы астанасы, ал Астана -қарқынды дамып келе жатқан, әлемнің көптеген елдерімен бәсекелестік орната алатын бас қала. Облыс және қала басшылығы қаланы дамытуда көп жұмыс жасады. Сондықтан қала атауларын қолдауларыңызды сұраймын,- деді ол.
    Қоғамдық кеңес төрағасы Құдайберген Бекенов те бұл пікірді қолдады. Оның айтуынша, халықтың пікірі екіге жарылған. Соңыра түсіндіру жұмыстарының негізінде халық “Астана” мен “Алматы” атауларының дұрыстығына көз жеткізген.
    - Аудан атауын талқылау талас-тартысқа толы болды. Түрлі пікір айтылды. Тіпті атау айтып, оған қарсы шыққандар да табылды. Соңыра түсіндіру жұмыстарының барысында халықтың көпшілігі “Астана” мен “Алматы” атауларын қолдады. Астана –біздің Бас қаламыз, ал Алматы –интеллигенцияның ортасы. Біз бірінші болып аудандарға екі астананың атауын бергелі отырмыз. Қазір жолдың жағдайы адам төзгісіз. Жаңа аудандар Астана атауына сай болу керек,-деді ол.

    Сессия жұмысына қатысқан қоғамдық кеңес мүшесі Лидия Оралбаеваның айтуынша, білім саласының 13 мыңнан астам қызметкері де “Астана” мен “Алматы” атауларына қолдау білдіреді.
    -“Астана” мен “Алматы” атауларынан бөлек басқа да ұсыныстар айтылған еді. Алайда түсіндіру жұмыстары кезінде халық қала
    атауларын беруді қолдады. Олардың арасында білім беру саласының 13 мыңнан астам қызметкері бар. Қазақта “Ұқсамасаң да, ұқсап бақ”деген мақал бар. Астана мен Алматы қалаларының атын алғаннан кейін жаңа аудандардың соған лайық болатындығына сенімдіміз, -деді Лидия Оралбаева.
    Профессор Алтай Тайжановтың сөзінше, жаңадан құрылған аудандарға “Астана” мен “Алматы” – ең лайықты атау.
    -Ұлы ақын Абай “Көпте ақыл жоқ, оны басқар” деген. Халық өз пікірін айтуға құқылы, біз құқықтық-демократиялық мемлекетте өмір сүреміз. Алайда заң бар. Жер атауы қойылса, оны қайталап, қоюға болмайды. Келер ұрпаққа қалдыру үшін атаулардың тарихи мәні болуы керек. Астана биыл 20 жылдығын тойлайды. Елбасыны Астанаға көшіру де тарихи шешім болды. Ал Алматы –еліміздің рухани астанасы. Сондықтан Астана мен Алматы жаңадан құрылған аудандарды атауға әбден лайық, -деді ол.
    Дегенмен сессия қатысушыларының пікірі екіге жарылды. №7 сайлау округінен депутат Нұрлан Махамбетов аудандардың бірін “Астана”, екіншісін “Елек” деп атауды ұсынды.
    - Мен сайлаушыларыммен кездесіп, пікірлерін білген едім. Олар аудандардың бірін Елек, екіншісін Сазды деп атауды ұсынды. Мен депутат ретінде халықтың ұсынысын жеткіздім. Мен бір ауданды “Астана”, екіншісін “Елек” деп атауды ұсынар едім. Өйткені бұл атаулардың біздің жер үшін тарихи маңызы бар,-деді ол.
    Сессия барысында депутаттар екі ауданның "Астана" және "Алматы" деп аталуын қолдап, дауыс берді. Бұл атау енді республикалық ономостикалық комиссияға жіберіледі. Соңыра облыстық сессияда қаралып, нақты шешім қабылданады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе екіге бөлінеді
  • Ақтөбе қаласы екі ауданға бөлінеді
  • Бұрынғы Заречный – қазіргі Сарайшық
  • Бекбол Сағын Ақтөбенің әкімі болып тағайындалды
  • "Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге