“Әкімнің орынбасары ақымақ па?”

    “Әкімнің орынбасары  ақымақ па?”

    Наурыз айының соңы ақтөбеліктер үшін шулы аяқталды. Келер жылы құрылғанына 150 жыл толатын Ақтөбе қаласын екі үлкен ауданға бөлу туралы мәселе желідегі жұртшылықтың ашуын шақырса керек. Оған Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың ұсынысы себеп болған.

    5 сәуір күні ақтөбелік танымал желінің парақшасында шыққан жазбаға айналдырған бір сағаттың ішінде 700-ге жуық пікір қалдырылған. Жазбада қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың Ақтөбенің екі ауданын «Астана» және «Алматы» деп атауды ұсынды және «халық бұл атауларды мақтанышпен айтып жүретін болады» деп шенеуніктің пікірін қоса беріпті. Бұны оқыған азаматтардың ашу-ызасында шек жоқ. Пікірлердің шегі жергілікті биліктің қомақты олжаға ие болуға ұмтылысы мен шенеуніктердің ой-қиялының таяздығына дейін жеткен. Халықтан дауыс жинауға шақырған пікірлер де бар. «Шанхай мен Москва атауларынан құтыла алмай жүргенде, ең құрымаса Батыс пен Шығыс деп бөлуге болмай ма?» деп жазыпты s.orda есімді қолданушы. «Ақтөбе» атауын мақтаныш ететіндерін жеткізген жұртшылық, өзге қаланың атауларының қажеті жоқтығын ашына жазыпты. «Астана», «Алматы» деген көше атауларының барын алға тартып, сол ақшаға қаланың шұрық-тесік жолдарды жөндеу керектігін бірауыздан қолдапты. Қоғамдық тыңдалымда қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Хамза Қуановтың қаланы басып өтетін «Елек» пен «Сазды» өзендерінің құрметіне аудандарды осылай атауға ұсыныс білдірсе керек. Жазбаға пікір қалдырған азаматтардың дені ақсақалдың ұсынысын қолдап отыр. Айта кетелік, қалалық мәслихаттың шешімі 6 сәуір күні белгілі болғанмен, соңғы сөз республикалық ономастикалық комиссияның еншісінде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбенің аудандары “Астана” мен “Алматы” деп аталады
  • Ақтөбе екіге бөлінеді
  • Ақтөбе қаласы екі ауданға бөлінеді
  • Бұрынғы Заречный – қазіргі Сарайшық
  • Ақтөбенің жолдарын жөндеуге бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге