Жұмыссыз жастарға қайтарымсыз ақша беріледі

    Ақтөбе облысында кәсіп ашқысы келетін жастар 1 млн теңгеге дейін грант ала алады. Қайтарымсыз ақша жұмыс істемейтін, оқымайтын қыз-жігіттерге берілмек. Алайда бұл үшін арнайы конкурстық іріктеуден өту қажет.

    Өңірде жастарды қолдауға арналған жаңа жоба жүзеге асырыла бастады. Енді қоғамнан өз орнын табуда қиналып жүрген, жұмыссыз немесе жұмысы болса да күнкөрісі қиын осал топтағы жастарға көмек көрсетіледі. Бұл үшін 14 пен 29 жас аралығындағы жастар кез-келген бағытта әлеуметтік жоба ұсынуы қажет. Қыз жігіттерге өз идеясын жүзеге асыру үшін 1 млн теңге грант беріледі. Сондай-ақ жоба қатысушыларына бизнестің қыр-сыры үйретілетін болады.
    -Бұл жоба 2017 жылы Қарағанды, Павлодар, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылды. Бағдарламаға қатысушылар тігін шеберханасы, тіл үйрету мектебі, спорт секциялары,балаларды дамыту орталығы, наубайхана секілді әр түрлі жобаларды жүзеге асырды. Басты талап, кәсіп ашып, өз ісін бастағысы келгендер 14 пен 29 жас аралығында болуы шарт. Бірақ бұл жобаға мектеп оқушылары қатыса алмайды. Онлайн-өтініштер 20 мамырдан бастап бір ай көлемінде қабылданады. Бұл үшін ақтөбеліктер zhasproject.kz сайтына тіркеледі. Жобаға қатысу үшін 3 адамнан 5 адамға дейін команда (бастамашыл топ) жинау қажет,-дейді үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким.
    Оның айтуынша, ұсынылған идеялар арнайы конкурстық іріктеуден өтеді. Ал 1 млн теңгенің грантын ұтып алғандар 6 ай бойы тәлімгер-менторлардың оқыту курсынан өтеді. Осы уақыт аралығында жоғары оқу орнының студенттеріне 60 мың теңге, ал басқа қатысушыларға 40 мың теңге шәкіртақы төленеді. Бір айта кетерлік жайт, қатысушылар жоба іске асырылатын 6 ай ішінде өз өнімдерін сатып, пайда таба алмайды. Тек содан кейін ғана шағын кәсіп ашып, ісін бастай алады.
    -Идеяға шектеу қойылмайды, бастысы ол туған қаласына, ауылына пайда әкелетіндей іс болуы керек. Алайда дін, құрылыс пен кітап шығаруға қатысты жобаларға қолдау көрсетілмейді,-дейді жоба ұйымдастырушыларының бірі Гүлмира Ескендірова.
    Айта кетелік, жастар корпусын дамыту жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асырылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шалқарда 25 жастағы қыз үй қояны кәсібін дөңгелетіп отыр
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазнетте теңгені қолдауға арналған жоба пайда болды
  • Жұмыссыз жастар назарына!
  • Қазақстанда ақша аударымын тәулік бойы жүргізетін орталық пайда болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге