Мектеп оқушысы жүрегі тоқтап қайтыс болды

    10 сәуір күні №38 мектептің 5 сынып оқушысы Дилназ Әбішова сабақ үстінде қайтыс болды. Анасы жедел жәрдемді 18 рет шақырып, келтіре алмағанын айтады. Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    -Кейбір ақпарат құралдарында жалған сөздер берілген. Осы жағдай туралы толығырақ түсіндіргіміз келеді. 10 сәуір күні №38 мектептің 5 сынып оқушысы Дилназ Әбішова кенеттен ауыра бастаған. Мұғалімдері мектеп медбикесін шақыртып, алғашқы көмек көрсетті. “Жедел-жәрдем кешігіп келді. 18 рет қоңырау соғылды” деген жалған ақпарат. Негізінде жедел-жәрдем көлігі 15 минут аралығында межелі жерге жетеді. Хабарласқаннан кейін 14 минут ішінде бригада мектепке жетті. Сол 14 минут ішінде қайта-қайта 4-5 қоңырау соғылған. Әрине, кей сәттерде сол 15 минут ұзаққа созылғандай көрінеді. Жедел-жәрдем келмегендіктен, даладан тоқтаттық деген де дұрыс ақпарат емес. Сараптамаға сүйенетін болсақ, қайтыс болған қыз бала бұрын ешқандай аурумен ауырмаған, еш нәрсеге шағымданбаған. Жүрек ауруы болмаған. Өлімнің ең бірінші себебі - жедел жағдайда жүрегінің тоқтап қалуы. Тіптен қыс мезгілінде тұмаумен де ауырмаған. Оны анасы да айтып отыр. Енді соңғы сараптама 27 сәуір күні анықталатын болады,-дейді Светлана Есенаманова.
    Сабақ уақытында қайтыс болған Дильназдың өліміне мектеп ұстаздары да сене алмайды. Ұстаздарының айтуынша, сабақ үлгерімі жақсы, отбасылық жағдайы да көңіл көншітерлік болған.
    -Бұл оқиға алтыншы сабақта болды. Бала кенеттен талып қалды.
    Сол бойда мектеп медбикесі шақырылды. Ата-анасына да хабар бердік. Қарама-қарсы кабинетте ағасы оқиды. Оны да шақырып алдық. Сол кезде ағасы “aпайлар, кішкене тұра тұрыңыздар, қазір орнына келеді” деді. Медбике алғашқы көмек көрсетті. Жедел-жәрдемге сол бойы қоңырау түсірдік. Анасы да келіп үлгерді. Біз шыдамсыздық танытқанымыз рас. Жедел-жәрдемді біз 18:18-де шақырдық, 18:32-де келді. Бірақ 18 рет шақырдық деген мәлімдемені мен жасаған жоқпын. Ондай ақпарат берілген де жоқ. Сонымен қатар біздер Дильназ қайтыс болды деп хабар берген жоқпыз. Оны жедел-жәрдем көлігімен алып кетті. Анасы да бірге кеткен болатын,-дейді мектеп директоры.
    Оқушы сол күні алты сабаққа да қатарынан қатысқан. Үшінші сабақта дене тәрбиесі сабағы болғаны белгілі болды. Дегенмен ұстаздарының айтуы бойынша жүгіру, секіру тәрізді жаттығулар жасамағанын растап отыр.
    Оқушы қыздың не себепті қайтыс болғаны туралы толық сараптама 27 сәуір күні жасалады. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта балалар арасында жедел жағдайда жүрегінің тоқтап қалуы жиі тіркелетін болған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде оқушы қайтыс болды
  • Шалқарда 10-класс оқушысы жүректен қайтыс болды
  • Болашақ дәрігер оқу орнында қайтыс болды
  • Ақтөбедегі медицина университетінде тағы бір студент қайтыс болды
  • үш адам өзін өзі өлтірмек болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге