Ақтөбеде жеңіс күні тойланды

    Ақтөбеде жеңіс күні тойланды

    Ақтөбеліктер жеңіс күніне байланысты «Мәңгілік алау» даңқ ескерткіші алдында батырларды еске алды. Сонымен бірге Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

    Таңғы тоғызда жиналған халық «Мәңгілік алау» даңқ ескерткіші алдына батырлардың рухына гүл шоқтарын қойды. Мемлекеттік әнұран орындалып, бір минут үнсіздік жарияланды. Облыс әкімі мен акционерлік бірлестік басшылары батырлар аллеясымен жүріп өтті. Сонымен қатар салтанатты шарада Ақтөбенің белді оқу орындары, мемлекеттік ұжымдар да болды. Облыс басшысы жеңістің туын желбіреткен мерекемен жиналған халықты құттықтады. Қаншама жанның көз жасын ағызған жеңістің маңызды екенін де атап өтті.
    -Ардақты ардагерлер, құрметті жерлестер! Дүниедегі ең қасиетті де қадірлі есте қалатын күн – жеңіс күні. Бізге осындай жеңіс алып келген ардагерлерді ұмытпауымыз керек. Тарихта төрт жылға созылған соғыста миллиондаған совет жауынгерлері өз өмірін қиды. Біз сол жандарға әрқашанда борыштармыз. Осы соғыста 120 мыңға жуық ақтөбеліктер қатысты. Өкінішке орай олардың жартысынан көбі қайта оралмады. Қаншама апа-ағаларымыз күн-түн демей еңбек етті. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда біз бұл күнді ұмытпауымыз керек. Ешқашан да тарихты өзгертуге жол бермеуіміз керек. Ардагерлерімізді ардақтайық, бірлікте өмір сүрейік,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
    Облыс әкімдігі алдында әскери гарнизон бөлімдерінің мерекелік шеруі өтті. Әбілқайыр хан даңғылы бойымен бастаған әскери құрам мен қала тұрғындары ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа дейін жалғасты. «Мәңгілік полк» шеруіндегі тұрғындар соғысқа қатысқан туғандарының портреттерін ұстап шықты. Сонымен бірге екі мәрте кеңес одағының батыры Т.Бегильдинов атындағы институттың курсанттары 44 ақтөбелік Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ ордені кавалерлерінің портреттерін ұстап өтті. Бүгінгі таңда облысымызда 61 Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрады екен. Қатары сиреген ардагерлеріміздің 53 Ақтөбе қаласынан. Сегіз ардагеріміз алыс-жақын аудандардан Алға, Хромтау, Мәртөк, Мұғалжар жерінде. Соғыс ардагерінің ең үлкені 100 жасқа келген Ходус Петер Иванович. Ақтөбе өңірінен 122 мыңнан адам сұм соғысқа аттанған. Оның 35 Кеңес Одағының Батыры атанды. 9 Даңқ орденінің иегері. 1037 жауынгер жау қолында тұтқындалды. 60 мыңнан астам боздақ майдан даласында мерт болды.
    - Атам Украин портында болды. Жаумен соғысып, старшина дәрежесіне дейін көтерілді. Сол бір соғыстан аяқ-қолын зақымдады. Жеңісті майданда қарсы алды. Атамның майдандастары Ук-раинада тұрады. Өзінің туған жері Орынбор. Бүгінде атам жеңіс күні қарсаңында соғыс туралы киноларды көріп тұрады. Дегенмен бастан кешкен оқиғаларын, соғыстағы өмірі туралы ештеңе айтпайды,-дейді 93 жастағы ардагер Әбдуәли Исмағұловтың немересі.
    Айта кетейік, мереке қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлерінің әрқайсысына 300 мың теңгеден берілді. Сондай-ақ, тұрмыстық қызмет төлемдеріне ай сайын әр ардагерге 10 мың теңгеден беріліп тұрады. Салтанатты шеруден бастау алған шара театрландырылған көріністермен жалғасты. Қаламыздағы саябақтармен қатар ойын-сауық орталықтарында мәдени-көпшілік бағдарламалары ұсынылды. Қала тұрғындарына арналып «Ұлы Отан соғысы әуендері» атты мерекелік кешкі бағдарламалар мен түнгі от шашумен аяқталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ешкім де ұмытылмайды!
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 72 жылдығын тойлады
  • Ақтөбеліктер Жеңіс күнін тойлады
  • Ақтөбе Жеңістің 70 жылдығын тойлады
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 70 жылдығын мерекелейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге