Ақтөбеде ат жарыс өтті

    Ақтөбеде ат жарыс өтті

    Ақтөбедегі ипподромда Астана қаласының 20 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінен бірнеше жарыстар өтті. Сексенге жуық сәйгүлік қатысқан бәйгеден Арнұр Құрманжан топ жарып, автокөлік иегері атанды.

    Облыстық фестиваль жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, көкпар және бірнеше бәйге түрлерінен өткізілді. Сонымен қатар, аталған облыстық фестиваль аясында ат спортынан облыс әкімінің кубогына арналған жарыс ұйымдастырылды. Жарыс бәйгенің 3 түрін қамтыды. Біріншісі құнан бәйге – 7 шақырым қашықтыққа 2 жастағы бәйге аттары қатысты. Екіншісі “топ бәйге” деп аталды. Топ және басқа да бәйгенің жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды. Үшіншісі аламан бәйге – 20 шақырым қашықтықта өткізілді, оған 3 жастағы бәйге аттары қатысты.
    - Бүгінгі жарыста қазақтың ұлттық 10 спорт түрінен 400-ге жуық спортшыларымыз қатысуда. Оның ішінде ат жарыста, қазақ күресі мен асық ату да бар. Аламан бәйгенің бас жүлдесіне автокөлік тігілді. Екінші орынға 400 мың теңге болса, үшінші орынға 200 мың теңге беріледі. Топ бәйге мен құнан бәйгеге де осындай үлкен көлемді ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Аламан бәйгенің жеңімпазы ақ түсті “Lada Granta” көлігінің иегері болады. Бүгінгі бәйгеге қатысу үшін облыстың он ауданынан шабармандар келді. Кешегі күні арнайы кездесулер мен дайындықтар өтті. Жарыста 80-ге жуық сәйгүлік бар. Жастар арасында өткізілгендіктен бүгінгі жарысқа 18-20 жас аралығындағы балаларымыз бақтарын сынауда. Жеті салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 1998-2000 жылғы жастар арасында өткізілуде. Бұл күрес жекелей емес, командалық есепте қойылып жатыр. Күрес бойынша жүлде қорлары медаль, мақтау қағаздары мен кубоктармен марапатталады,-дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Аманбай Нұрмұғамбетов.
    Жеңіске жеткен жеңімпаздарды облыс басшысы марапаттады. Сонымен қатар тігілген автокөлікті Астанадан келген Арнұр Құрманжан тақымдады.
    -Бәйге беріп жатқан ағаларға көп-көп рахмет. Өзіміз Астанадан келіп отырмыз. Атымды дайындап, бәйгеге қосып берген Мақсат ағам еді. Атымның аты – Бақторы. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын,-дейді автокөлік иегері.
    Топ бәйгеге қатысқан Бақторы аттың иегері жеңіске жететініне сенімді болғанын айтты. Сонымен қатар алдыңғы жылы 4 бәйгеге қатысқан екен.
    - Шабандозымыз негізінен алматылық жас бала. Алдыңғы жылы 4 бәйгеге қатысып, 3 рет жеңіске жеткен едік. Тек біреуі ғана екінші орын болып қалды. Бақторы 5 жастағы бәйге аты. Біз өзімізде ат жарыстарын ұйымдастырып тұрамыз. Жеңіп алған көлігімізді келесі жолы бір бәйгеге тіге жатармыз. Жеңіп алған жүлделі сыйлықтарымыз осылай айналымда жүреді,-дейді ат иесі Нұрдәулет Әкімжанов.
    Айта кетейік, ақшалай сыйлықтар жеңіске жеткен Елдос Сұлтанов, мұғалжарлық Мүслім Тұрақпайға да табысталды. Аталған жарысқа Атырау, Орал, Ақтау, Маңғыстау, Қостанай, Астана және Ресей Федерациясының Орынбор, Орск қалаларынан және облыстың барлық аудандарынан да қатысты. Жарыс барысында шілде айында өтетін “Ұлы дала рухы” фестивалінің республикалық кезеңіне қатысушылар іріктелді. Республикалық жарыстың батыс аймақтық кезеңі алдағы уақытта Ақтөбе өңірінде өтетін болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде аламан бәйгенің жүлдегеріне боталы түйе берілді
  • Ақтөбеде ат бәйгесі өтті
  • Қала әкімінің кубогы үшін ат жарысы өтеді
  • Ақтөбеде ұлттық спорт фестивалі өтті
  • Қобдада ат жарысы өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге