Ақтөбе екі күнде тазарды ма?!

    Ақтөбе екі күнде тазарды ма?!

    Өткен аптада облыс әкімі барлық жауапты мекемелерді жинады. Күн тәртібіне қалада тау боп үйіліп қалған қоқыстарды тазарту қойылды. Әкім екі күнде қаланы қоқыстан тазартуды бұйырды. Жауапты мекемелер бірнеше ай тазаланбаған қоқысты екі күнде қалай тасып үлгергенін көру үшін “Керек.info” газетінің тілшісі қала көшелерін аралап қайтты.

    10 мамыр күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаладағы 31 басқарушы компания басшыларымен және қаланың санитарлық тазалығына жауапты 10 оператормен кездесті.
    -Қаладағы қоқысты тазартуға тиіссіңдер! Бір қоқыс та жатпауы керек,- деп нықтады өңір
    басшысы.
    Қоқыс шығаратын "Таза қала Ақтөбе" мемлекеттік коммуналдық компаниясы таратылып, "Ақжол" компаниясы тарифті көтеруді сұраған болатын. Кейін қала әкімдігі қала территориясын 10 бөлікке бөліп, қоқыс шығаратын компанияларды анықтады. Әзірге оларда арнайы техника жоқ. Қала әкімінің міндетін атқарушы Қуандық Қасымовтың айтуынша, әкімдік бір ай бойы мердігер компанияларға қоқыс шығаратын машиналарды береді. Кейін әр компания өз арнайы техникасын сатып алуы тиіс. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы қызмет көрсетуші объектілердің саны мен қолдағы бар техникалар туралы сұрады. Бір компания орта шамамен 500 контейнерлерге қызмет ететіні атап өтілді. «КамАЗ» көлігі 1 рет қатынағанда шамамен 100-110 контейнерлердегі қоқысты тиеп алады. Алдағы уақытта қоқыс шығарушылар мен жергілікті полиция бірге жұмыс істейді. Себебі тұрғындар жиһаз бен ескі техниканы қоқысқа тастауды әдетке айналдырған. Ал талап бойынша мұндай қажетсіз заттарды тұрғындар өз күшімен қоқыс полигонына тапсыруы тиіс.
    “Керек.info” газетінің тілшісі облыс басшысы тапсырғаннан кейін, екі күннен соң қаланы аралап көрді. Тіпті жанталасып қоқыс жинап жатқан басқарушы компанияның үстінен түсті. Облыстық әкімдіктен бір қадам жерде жатқан “Океан” аялдамасының артындағы қоқыс әлі жиналмаған. Қаланың ескі бөлігіндегі қоқыс контейнерлерінің іші таза болғанымен, айналасындағы қоқыстар сол күйі жатыр. №19 басқарушы компанияның мастері Юрий Алехин ондай қоқыстарға заңды тұлғалар, яғни жақын маңдағы дүкендер мен шағын маркеттер кінәлі деп есептейді.
    -Негізі біздер уақытында контейнерлердегі қоқыстарды алып кетеміз. Ал контейнердің айналасына жақын маңдағы дүкендер мен шағын маркеттер қоқыс тастайды. Таң ата келіп жинап кетсең, кешке осы жер қоқыспен үйіліп қалады,- дейді басқарушы компанияның өкілі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 10 компания қоқыс шығарады
  • Ақтөбе – қоқыс төбеге айналып бара ма?
  • Басқарушы компаниялар қысқа дайын
  • Қоқыс полигонынан шыққан түтін қаланың тынысын тарылтты
  • Қала күл-қоқыстан тазартыла бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге