Шаңырақ шайқалмасын

    Шаңырақ шайқалмасын

    Халықаралық отбасы күні қарсаңында жас отбасыларға тегін семинар-тренинг ұйымдастырылды.

    - 15 мамыр халықаралық отбасы күні қарсаңында «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Отбасы академиясы» жобасы аясында семинар-тренинг жүргізілді. Осы отбасы академиясында кез-келген жұп кеңес алуға құқылы. Берілетін кеңестер, тренинг пен семинарлар ақысыз түрде өтеді. Сондықтан жас отбасыларға айтарымыз отбасында қиындықтар туындаса неке қидыру орталығына келіп консультация алуға болады,-дейді психолог Әсима Жанболатқызы.
    Отбасы академиясы құрылған жылдан бастап 46 жұп ажырасуға арыз тастаған. Соның ішінде ажырасуға тіркелген отбасылардың 35%-ы арыздарын қайтарып алған.
    -Өткізілетін тренинг барысында алдыңғы жылы және осы жылы некеге тұруға ұсыныс жасаған жұптарды қостық. Олар өздерінің отбасылық қиындықтармен кездескендігін айтады. Енді отау құратын жұптарға барлығын түсіндіру мақсатында жасап жатырмыз. Біздің тренингтер отбасын құруға, оны нығайтуға, отбасы бақыты, кикілжіңдерді болдырмау мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Сондықтанда әрбір азамат пен азаматшаны біздер қарсы алуға әрқашан дайынбыз. Тіптен Қазақстанның кез-келген өңірінен қабылдай аламыз, - дейді отбасы академиясының психологы.
    Отбасы академиясында бір жыл ішінде 12 адам жұмысқа алынған. Алда әлі де жас психологтарды жұмысқа алатын ойлары бар. Олар ажырасуға келген кез-келген отбасыға тегін семинарлар өткізіп, шаңырақтың бұзылмауына септігін тигізетін жандар. 2016 жылдың статистикасы бойынша әрбір үшінші отбасы ажырасуға арыз түсірген. Алдыңғы жылдың нәтижесінде ажырасушылар саны тағы да артып әрбір екінші отбасының шаңырағы бұзылған. Сол мақсатта құрылған отбасылық академия өздерінің міндеттерін орындау үстінде.
    - Ажырасатын отбасылардың саны артқандықтан әкімдік біздің ұсынысымызды қабылдады. Бүгінде жоғары жетістікке жетпегенімен біраз отбасының ажырасуына жол берген жоқпыз. Ажырасатын отбасылардың басты проблемасы әрине қаражат, ата-енесімен келіспей қалу, жеке үйде тұру. Міне осы мақсатта біздің психологтар ері және әйелімен сөйлеседі. Ажырасуға келген әр отбасыға арнайы уақыт аралығын береді. Әрине, дәл қазір ажырасқым келеді, шыдай алмаймын дейтін жандарды жолықтырамыз. Десе де сол отбасылардың өзі 2-3 ай ішінде татуласып жататындары да бар.Менің айтарым, қыз бала үнемі тәрбиені анасынан алады. Оған ешқандай мектепте, университетте жаман жолды, ажырасуды үйретпейді. Сондықтан айтарым әрбір қыз өзінің анасының айнасы. Анасының жасаған қылықтарын қайталайды деген сөз. Егер отбасылар ажырасып жатса, болашақ ұрпақ не болмақ. Сондықтан жас отбасылар біздердің ұйымдастырып жатқан семинарға қатысуына болады,-дейді Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының жетекшісі Әлия Куртаева.
    Айта кетейік, семинарға қатысқан әр отбасыға сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар маусымның басында жаңадан салынған неке сарайының ашылу салтанаты болады. Отбасыларға арналған тегін семинар бір жыл бойы жалғасын таппақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өнер мектебінде тұрмысы төмен отбасы балалары тегін оқиды
  • 234 жас отбасы баспаналы болды
  • АХАЖ: Ажырасуды азайту үшін медиаторлар көмегіне жүгіндік
  • Отбасы медиациясы
  • ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге