Ақтөбеде музей түні өтті

    Ақтөбеде музей түні өтті

    Ақтөбеде Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамыр күні «Музейдегі түн-2018» акциясы өткізілді. Көпшіліктің қызығушылығын арттырған шара облыстық Өнер музейінің ғимаратында болды.

    Мерекелік шара облыс әкімінің «Бақытты бала» жобасын қолдау мақсатында өткізілді. Тарихи өлкетану, облыстық өнер, кеңес одағының батыры Ә.Молдағұлова мемориалдық музейлерінің ұйымдастыруымен өтті. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қолөнер бұйымдардың көрмесін көрсетті. Сонымен қатар естелік жәдігерлермен таныстырды. Шығармашылық орталығының балалары дайындаған ғарыш, ұшақ және кеме макеттерін ұсынды. «Жұлдызды бала» шоу-бағдарламасында талантты балалар өз өнерлерімен тәнтті етті. Музейдегі түннің ең басты кейіпкері «Қазақстанның жас дизайнері» атанған Аяна Мұратова болды. Аянаның киім үлгілерінен балалар дефилесі көрсетілді.
    -Ұйымдастырылып жатқан шара жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Бұл жерде музей қызметкерлерінің қиялынан туған әр-түрлі көрмелер көрсетілді. Қатарымызда жас туристер станциясы да жүр. Бір ерекшелігі бірінші рет «Жұлдызды бала» шоуын ұйымдастырып тұрмыз. Музейдің негізгі мақсаты жастарға біздің тарихи жәдігерлерімізді таныстыру. Әр талантты жасқа біздер өзіміздің 85 жылдыққа шыққан кітаптарды сыйға береміз. Сонымен қатар айта кететініміз «АЙС» компаниясы осы шараға демеушілік етті. Бүгінгі музей түніне жиналған қала тұрғындарына тегін балмұздақтар таратылды,-дейді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Нұрсәуле Сансызбай.
    Жұлдызды бала шоуына 20 бүлдіршін өз өнерлерін көрсетті. Табиғат әлеміне саяхат тақырыбында түрлі ойындар ойнатылды. Сахна төрінен қазақ ертегілері мен заманауи мультфильмдердің кейіпкерлері табылды. Ойын-сауық орталығы арқылы арқан тартыс, асық ату тәрізді ұлттық ойындар өткізілді. Облыстық өнер музейі болса интерактивті көрме ұйымдастырды. Скотчтан жасалған мүсіндер мен музей алаңына фотоаймақ ұйымдастырды. Қалаға танымал шеберлер көрме-жәрмеңкесін өткізді.
    -1995 жылдан бастап ұлттық бұйымдарды жасауды бастадым. Мектеп кезінен киім тігу, тоқумен айналысамын. Құрақ көрпешелер жасайтынмын. Соңғы он жыл көлемінде естелік бұйымдарды жасаумен айналысамын. Сый ретінде беруге ыңғайлы тұмарша, сөмкелер жасап жүрмін. Бүгінгі шараға да арнайы шақыртумен келіп тұрмын. Сататын заттарым 500 теңгемен 5000 теңге аралығында. Халық үшін өте қолжетімді баға деп ойлаймын,-дейді қала тұрғыны Гүлнұр Асқарова.
    Көрме алаңынан еңбектеген баладан, еңкейген қарияларды да кездестіруге болады. Ашық аспан астында ғарыш кеңістігін телескоппен бақылап, астрономия бойынша ғылыми-танымдық кітаптар көрмесі де көрсетілді.
    Айта кетейік, кеңес одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі «Әлемді бейнеле» деп аталатын балалар арасында сурет байқауын өткізді. Караоке арқылы қала тұрғындары «Әскери патриоттық әндер» шырқады. Сонымен бірге қазақтың батыр қыздары туралы кинолента көрсетіліп, келушілерге фотосесия ұсынды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер “Музей түнін” қарсы алды
  • ҰЛТ ТАРИХЫ ҰРПАҚҚА АМАНАТ
  • Музей тұрғындардан сый күтеді
  • “Естелік кітабының” электронды нұсқасы жарық көреді
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге