Ақтөбеде аллергия өршіп тұр

    Ақтөбеде аллергия өршіп тұр

    Ақтөбеде жаз маусымы басталғалы аллерголог мамандарды мазалап келушілердің саны артты. Аллергияға шалдыққанын білмейтін адамдар ауру түрін тұмаумен шатастырып дәрігерге көрінбей асқындырып алған. Маусымдық аллергия ажалға әкеп соқтырады.

    Маусымдық ауру әлегі

    Қашан көрсең де мұрны су болып, көзі жасаурап, мазасы кететін адамдар болады. Олар — аллергия ауруларының «құрбандары». Дәрігерлердің айтуынша, аллергия — ағзаның бөгде затқа сезімталдығының әсері. Адам ағзасында иммундық жүйе төмен болса, сезімталдығы артып, ауаның, күннің, сондай-ақ шаң-тозаң, өсімдіктер, тағамдар, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттардың денеге кері әсерінен аллергия пайда болады. Әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде шаң-тозаңнан пайда болатын аллергиялық аурулар жиі кездеседі. Осыдан не бары елу-алпыс жылдар бұрын аллергия сирек кездессе, қазіргі кезде аллергия — өте жиі кездесетін аурулардың бірі, орташа есеппен әрбір үшінші адам аллергиядан зардап шегеді екен.

    -Гүлдер өсіп, ағаштар жапырақтарын аша бастағанда солардың тозаңдары ұша бастайды. Осы кезде аллергиямен ауыратын адамдардың саны да күрт өсіп кетеді. Бірінші кезеңдегі аллергия ерте көктемгі деп аталады. Олар яғни ағаштың шаң-тозаңдарынан пайда болады. Одан кейін мамыр-маусым айларында тағы бір түрі бар. Жаздық маусымда пайда болатындары маусым-шілде айларында басталады. Шілде айларында арам шөптерге байланысты адамдар аллергияға жиі ұшырайды. Оның негізгі клиникасы мұрынның бітуі, көз қышу, құрғақ жөтел тәрізді белгілері болады. Ол жылдан-жылға ұлғая береді. Алдыңғы жылы екі жеті ауырған болса, келесі жылы асқынып кетеді. Көбісі салқын тиді деп назар аудармайды. Бір-екі жыл жүріп барып келеді. Аллергияның ең бір қауіпті түрі болады. Тыныс жолдарын бітеп, демікпеге әкеліп соғады. Басынан өткергендер бұл жағдайды ауызекі тілде «көзім жасаурайды», «тері қышиды», «ұсақ жаралар шығып кетеді», «мұрнымнан су тоқтамайды», «бет-аузым қышиды» деп сипаттап береді,-дейді ТЖ ауруханасының «Емхана» бөлімшесінің дәрігері Мейрамгүл Нағыметова.
    Аллергия атаулыны дер кезінде емдемесе демікпелі астмаға және ауыр аллергия түрлеріне әкеліп соғады. «Анафилактикалық шок», «Синдром Лайелла» секілді өлімге апаратын түрлеріне айналуы мүмкін.
    -Аллергияны қоздыратын шөптен бөлек түрлері болады. Қоршаған орта ластығы, ауыр күйзеліс, әлсіз иммунитет пен темекі, дұрыс тамақтанбау жатады. Біздің ескертетін шараларды міндетті түрде орындаған абзал. Аллергиямен ауыратын адам жаз уақытындағы шаруаларын таңғы және кешкі мезгілдерде орындаған дұрыс. Сағат жетілерден он бірге дейін жұмыстарын жасау керек. Далаға күн батқаннан кейін шығу керек. Егер жұмыс уақыттары келмей, далалық жерлерде жұмыс жасайтын болса міндетті түрде дәрілермен, арнайы маскамен жүрген жөн. Маусымдық аллергиямен ауыратын адамдардың емі үш жыл қатарынан қыс мезгілінде арнайы ем алу. Дегенмен үш жыл емделіп болдым деп емін аяқтамай кетуге де болмайды. Жаздағы аллергияның алдын аламын десеңіз, қыста емделуді ұсынамын. Қазірдің өзінде бізді мазалап келетін адамдар қатары да артып келеді. Соңғы үш күннің есебі
    бойынша, бірінші күні 19 адам, екінші күні 6 адам, үшінші күні 9 адам келіп қаралды. Әрине барлығының емі бір деп айта алмаймын. Дегенмен ең жиі қолданатын дәрілер – «антигистаминдік топ» деп аталады. Есекжем, атопиялық дерматит, тағы да басқа жағдайларда, теріде қышу пайда болғанда біз көбінесе антигистаминдік бірінші топты дәрілерді пайдаланамыз. Яғни, тавегил, супрастин, фенистил, диазолин, псило бальзам деген сияқты түрлері бар,-дейді Мейрамгүл Нағыметова.

    Ашық түстен бас тарт

    Аллергиясы бар адам ашық түсті киімдер киюден бас тарту керек. Себебі ағаш тозаңдары мен түрлі қоңыздар қызылды-сарылы киімдерге қонады екен. Сонымен қатар күн көзінде көп жүруге болмайды. Соңғы жылдары жаңа туылған сәбилерде де аллергия пайда болатын болған. Оның бас-ты себебі әкесі мен анасынан тарайды. Егерде анасы аллергиямен ауырса, балада 50 пайызға дейін болуы мүмкін. Ата-анасы бірдей аллергия болса, кей жағдайларда 70-75 пайыз балада аллергия байқалады.
    -Аллергиямен он жыл қатарынан күрестім. Мен де басқалары тәрізді ауруымның аллергия екенін білмей келдім. Осыған дейін қаралмаған дәрігерім, ішпеген дәрім болмады. Үшінші сыныпта оқып жүрген кезім болатын. Денем бөрте бастады. Біресе қызарды, біресе қышыды. Мазам кетіп, ештеңеге зауқым болмады. Дәрігерге қаралғанымда “аллергия” деді. Бірақ неден, қандай аллергия екенін біле алмады. Біресе күн көзіне шықпа дейді. Тәтті тамақтардан бастартуымды сұрады. Одан кейін ашық киімдер кигізбей қойды. Түрлі екпелер қолдандым. Ешқайсының емі болмады. Жылда қайталанады. Жаз қалай басталса, менің үстімдегі қызарулар мен бөртпелер тағы шығатын болды. Соңғы жылдары ғана бәсеңдеп келеді. Күн көзінен қорғанып жүремін. Егер ауа-райы күрт өзгерсе аллергия бірден басталып кетеді. Күн салқындап тұрып, ысып кетсе немесе ысып тұрып салқындаған кезде байқалады. Көз іседі, мұрын қышиды, бетім қызарады. Бәлкім жыл сайын тұрақты түрде ем қабылдап жүргендіктен бастапқы кездегідей аллергия көп байқалмайды. Жағдайым біртіндеп жақсарып келеді,-дейді Лаура Иса.

    Адамдар аллергияға жиі шалдығады

    Егер тұрақты түрде қаралған жағдайда аллергияның да емі бар дейді дәрігер. Дегенмен өткен үш жылды салыстырғанда аллергияға шалдыққандардың саны көбейген.
    - Бір ғана біздің емханаға 2015 жылы аллергиялық сырқатпен 417 адам тіркелді. Тыныс жолдарына ауа жетпей қалып, 286 адам қаралып жүрді. 2016 жылы ем алушылар саны екі есеге өсті. Аллергиялық сырқат 831-ді көрсетсе, тыныс жолдарына дем жетпей 568 адам тіркелді. Өткен жылдың есебі бойынша жалпы аллергиялық сырқатпен 1016 адам қаралған болса, демікпеге шалдыққандардың саны азайды. Көбінесе аллергияға шалдыққан адамдар бізге тамыз айларында келеді. Алдыңғы жылы бір күннің өзінде 40-қа жуық адам тексеріліп жүрді. Бастысы аллергиясы бар адам уақытылы қаралап, уақытылы емін алса жазылуға деген пайдасы болады,-дейді аллергология бөлімшесінің меңгерушісі Ләззат Бухаева.
    Дәрігерлердің айтуынша, аллергияның пайда болуына екі фактор әсер етеді Біріншісі, егер ата-анасының бірі бұрын аллергиялық аурудың бір түрімен ауырған болса, баланың сол аллергияға бейімділігі. Таратып айтсақ, егер баланың әкесі бұрын аллергиялық аурудың бір түрімен ауырса, баланың аллергиялық ауруға шалдығу ықтималдылығы 80 пайыз, ал бұрын анасы ауырған болса, баланың ауруға бейімділік ықтималдылығы 50 пайыз болады екен. Ал екінші фактор — жүре пайда болатын аллергия. Әдетте өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның түрлері өте көп кездеседі. Бұл — маусымдық поллиноз, аллергиялық коньюктивиттің кең таралған түрі. Қазір жаз мезгілінде осы түрі өршіп тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде екпе алмаған балалар жұқпалы ауруға шалдығып жатыр
  • Ақтөбеде балалар арасында көз аурулары көбейген
  • Ақтөбенің әрбір үшінші тұрғыны аллергияға шалдыққан
  • Ақтөбе облысында аллергиямен ауыратындар көбейген
  • Мүгедек балалар Алғаның оңалту орталығынан жара жұқтырды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге