Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өтті

    Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өтті

    Ақтөбе қаласында Орынбор облысының күндері аталып өтті. Қоғамдық-саяси маңызы бар шара Қазақстан мен Ресейдің екі облысы аралығындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыра түспек.

    Өңірде Астана қаласының 20 жылдығына орай алғаш рет Орынбор облысының күндері аталып өтті. Осыдан бір жыл бұрын Орынборда Ақтөбе облысының күндері өткізілген еді. Сол кезде шекаралас облыстың губернаторы Юрий Берг Ақтөбеге келуге уәде берген еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, ауқымды іс-шара шекаралас өңірлердің экономика мен әлеуметтік саясат саласында өзара байланысын нығайту, Ресейдің жетістіктерін, дәстүрін, мәдениеті мен өнерін таныстыру мақсатында өткізіліп отыр. Ресми шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг қатысты.
    - Екі елдің арасында бүгінгі күні екіжақты ынтымақтастық орнап отыр. Бұл қарым-қатынасты одан әрі қарай жалғастыру керек. Астана қаласының 20 жылдығына орай Орынбор облысында “Құтты мекен Ақтөбеден- арайлы Астанаға!” автокеруені басталды. Автокеруен “Орынбор-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-Астана” бағыты бойынша жүріп өтіп, Астана күні қарсаңында елордаға келеді. Бұл жоба Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсету, тарихи, тұңғыш астана Орынбор, Қызылорда, Алматы және Астана қалаларының тарихи-мәдени, ғылыми-білім беру және іскерлік орталықтарының оң беделін көтеру мақсатында жүзеге асырылады. Сондай-ақ Ақтөбе және Орынбор облыс-тары жастарының арасындағы достықты, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы өңірлері жастарының арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуды көздейді,-деді ол.
    Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, екі елдің Мемлекет басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтастықты дамыту мәселелеріндегі сарабдал саясатының арқасында өзара тиімді әріптестікті дамыту және нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Ол бизнес-құрылымдар өкілдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстың әрі қарай дамуы мен жақсаруына “Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық”халықаралық өндірістік көрмесі, “Ақтөбе Инвест” халықаралық инвестициялық форумы және “Орынбор - Еуразияның жүрегі” халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ықпал ететінін атап өтті.
    Ал Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг ақтөбеліктерге қонақжайлылық танытқандары үшін алғыс білдірді.
    - Ақтөбеге Орынбордан мыңнан астам делегация келді. Бұл серіктестік пен тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі ниеттеріміздің маңыздылығын көрсетеді. Бәріміз де өз аумағымызды дамытуға мүдделіміз, ал бұл тек көршілермен байланыс жасаған жағдайда ғана мүмкін. Көптеген онжылдықтар бойы өңірлеріміз арасында экономикалық, мәдени байланыстар тығыз орнады. Орынбор облысының Ақтөбе облысымен байланысының әртараптануы – Ресей мен Қазақстанның басқа облыстарынан гөрі үздік. Орынборлық компаниялар ақтөбелік өндірушілермен тығыз қарым-қатынас жасайды. 2004-2017 жылдары Ақтөбе мен Орынбор арасындағы сауда 7 есе өсті. 2017 жылы 106 миллион долларды құрады. Бұл байланысты одан әрі арттыра түсу керек, - деді губернатор.
    Орынборлықтар Ақтөбені инвес-тор болуға шақырды. Бүгінгі күні екі өңір арасында тұрақты қарым-қатынас орнаған. Ақтөбедегі құрылыс компаниялары Орынборда шығарылатын цемент түрлерін тасымалдайды. Ал көрші облыс Ақтөбеден металлургия, машина құрастыру, органикалық емес химия, өндірістік, тұрмыстық заттар сатып алады. Хром шикізатын “Новотроицк хром қосындылары зауыты”, кварцитті “Медногорск комбинаты”, феррохромды “Уральская стальная компания” ЖШҚ тасымалдап отыр. Орынборда кондитерлік цех, рентген зауыты мен құбыр арасындағы қосындының сапасын тексеретін ақтөбелік компания жұмыс істейді. Айта кетейік, екіжақты тауар айналымының артуына “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” автокөлік дәлізі құрылысының аяқталуы да ықпал етті. Аталған жоба біздің облысымыздың 628 шақырым аумағын құрайды. Ақтөбе мен Орынбор арасындағы тас жолдар жөнделген соң, көлік пен жүк айналымы екі есе артты. Енді Ақтөбе-Орск тас жолы да қайта жаңартылып жатыр. Бұдан басқа келер жылы Жиренқопада өткізу бекеті ашылмақ. Бұл Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы өзара сауданың артуына серпін береді деп күтілуде. Сондай-ақ ол Қобда, Ойыл, Байғанин және Темір аудандары тұрғындарының жол қатынасын жақсартпақ.

    Бірнеше меморандумға қол қойылды

    Ақтөбе мен Орынбор облысының дарынды оқушылары жазғы лагерде тегін демалады. Ал кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта көрші облыстағы әріптестерімен бірлесе жұмыс істейді. Мұндай келісімге екі тарап Ақтөбедегі Орынбор облысының күндері аясында келді. Кездесу кезінде үш бірдей меморандумға қол қойылды. Бұдан былай 120 ақтөбелік дарынды бала “Солнечная сторона” лагерінде тегін демалады. Ал Орынбор облысының 120 оқушысы жаз маусымында “Әсем” лагерінде тынығады. Ал “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы ресейлік әріптестерімен бірлескен инновациялық, инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға мүдделі. Сондай-ақ Тюльган машина жасау зауыты мен Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты алдағы уақытта бір-бірінен өндіріске қажетті өнімдерді сатып алу үшін келісім жасады.
    Кездесу кезінде облыс әкімі орынборлықтардан үлгі алып, тәжірибе жинайтын жобалардың бар екенін де атап өтті.
    -Өкінішке орай, жасыл экономика бойынша артта қалып келеміз. Орынбор облысы күн энергеясынан 200 Мвт қуат салса, бұл өте жақсы. Қазақстанның да басты мақсаты -жасыл экономиканы дамыту. ЭКСПО халықаралық көрмесі де осы тақырыпта өтті. Ақтөбеде де жел, күн, су қуаты бар. Орынбордан тәжірибе алуымыз тиіс. Кәсіпкерлерге арналған жедел жәрдем жобасы да жақсы идея екен. Біз де аудан, ауылға барып, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіреміз. Егер жедел жәрдем бағытында болса, кәсіпкерлерге көп көмегі тиер еді. “Тәлімгер” жобасы да жақсы. Білімді, тәжірибелі адамның бар мүмкіндігін пайдалана отырып, жас маманның біліктілігін арттыруға жұмсау қажет. Мұны да ойлану керек. Ал мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағытына келсек, Ақтөбе тек әлеуметтік саладағы жобаларды іске асырып жатыр. Біз өткен жылы 29 млрд теңгенің жобасын жүзеге асырдық. Ал биыл осындай 33 жоба жүзеге асырылмақ. Бірақ өндірістік жобалармен жұмыс жасалмай жатыр. Ал тұрғын үй-коммуналдық саласы бойынша бірнеше ауылға газ құбыры тартылады. Енді тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жобасын қарастыру қажет,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
    Естеріңізге сала кетелік, Ақтөбе қаласындағы Орынбор облысының күндері екі күнге жалғасты. Бірқатар іскерлік және мәдени шаралар өткізілді. Сондай-ақ орынборлық және жергілікті дәрігерлер ақтөбеліктерді тегін қабылдап, кеңестерін берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде Орынбор облысының аллеясы салынады
  • Ақтөбе мен Орынбор арасындағы тауар айналымы өсті
  • “Сіздер бізге жақынсыздар”
  • Орынбор қаласынада Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр
  • 67,5 млрд теңгені құраған 16 меморандумға қол қойылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге