Кәсіби даярлаудан өткен 33 түлек куәлік алды

    Ақтөбеде кәсіпорын жанынан ашылған оқу орталығын 33 түлек бітіріп шықты. Бүгінде «Азайа» тігін шеберханасы жанынан ашылған оқу орталығында кәсіби қайта даярлаудан өткен түлектерге куәлік тапсырылды. Олар оқу базасынан қазіргі таңда сұранысқа ие «тігінші», «пішуші» мамандығын игерген.

    «Азайа» ЖШС былтырғы жылдың қыркүйек айынан бері 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өз кәсіпорыны жанынан мамандар даярлаумен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында оқу орнын 94 адам тәмамдаған. Олардың 97% жұмысқа орналасқан екен.
    -Бүгінгі оқу мен өндірістік тәжірибені сәтті аяқтаған 27 әйел «Азайа» кәсіпорнына тігінші болып жұмысқа тұрды. 13 адам «Ақтөбе сити» шағын ауданында орналасқан «Медина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыспен қамтылды. Екі адам «Данағұлова» Жеке кәсіпкерлігіне және «Светлана» тігін шеберханасына орналасты. Тігінші мамандығына сұраныс жоғары. Сондықтан курс бітірушілерін жұмысқа тұрғызу қиындық туғызбайды,-дейді «Азайа» ЖШС кадр жөніндегі маманы Райхан Утебаева.
    Оқу орталығын аяқтағандардың арасында алты адам жеке кәсіп бастап, шағын ателье ашуды жос-парлап отыр. Курс аяқтаушысы Гүлзия Әжниязова өзі секілді оқу бітірген төрт тігіншімен бірігіп, ұлттық киімдер шеберханасының жұмысын бастамақ.
    -Бұрын тігуді білсем де, кәсіби пішу қолымнан келмейтін. Оқу орталығынан осы машықты өте жақсы меңгеріп алдым. Енді өзіміз армандағандай жеке шеберхана ашуға толық мүмкіндік бар. Әзірге алғашқы тапсырыстарды үйде қабылдап отырмыз. «Азайа» ЖШС оқытушы шеберлеріне үлкен алғысымды білдіремін,-дейді Гүлзия Әжниязова.
    Кәсіпорынның Ойыл және Мәртөк аудандарында филиалдары бар. Бүгінде онда 30-ға тарта оқушы қысқа мерзімді курстан өтуде.
    Айта кетейік, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бұл жобаның үйлестірушісі болып табылады. Оқу орталықтары Ұлттық палата Реестріне енгізілуі тиіс. Өз кезегінде Өңірлік палата еңбек нарығының қажетті мамандарды оқыту үшін кәсіпорындар жанынан оқу орталығын ашу жұмысын жалғастырады. Қызығушылық танытқан тұлғалар Өңірлік кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөліміне хабарласа алады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сотталғандар үшін кеңес беру орталығы ашылды
  • Ақтөбеде дәрігерлер жетіспейді
  • Зағип массажшылар жұмысқа орналасты
  • Сотталғандар жұмысқа орналасуға құлықсыз
  • КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН КАРТА
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге