Ақтөбелік қария туристік фирмадан зардап шекті

    Бірнеше жылдар жаз маусымында Турция еліне баруды әдетке айналдырған Әділгерей Төлеубайұлы «Сити-тур» туристік агенттігінен жолдама алып отырған. Өз қаражатына сатып алатын жолдаманың құны жыл сайын өскен. Шығынға батқан қария артылған қаражатын қайтарып алғысы келгенімен қалалық соттан жеңіліс тапты. Қарияның арыз-шағымы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан осы уақытқа дейін жауап ала алмаған.

    -«Сити-тур» туристік агенттігі арқылы саяхаттап жүргенімізге 3 жылдай болып қалды. Сол жылдар аралығында бізге ешқандай фискалдық түбіртек бермеген екен. Алдыңғы жылы осы агенттік арқылы Кемерге барғанбыз. Сол кезде бір адамға 295 мың теңге төлеп, 4 жұлдызды қонақ үй деп берген еді. Барған кезде сіздердікі 3 жұлдызды деп бұрмалап жіберді. Егер 4 жұлдызды болғанын қаласаңыздар күніне 80 доллар төлеп тұрасыздар деді. Қалтада жатқан тегін ақша жоқ. Үш жұлдыз болса болсын дедік. Келгесін сұрағанымызда 3 жұлдызды қонақ үйдің құны 180 мың теңгені құрайтынын білдік. Бізге не үшін фискалды түбіртек бермегенінде сұрадық. Енді артық кеткен ақшаны кейін қайтарып алғымыз келсе де қайтармады. Өздерінің бермеген фискалдық түбіртегінен біз зардап шегіп отырмыз. Жыл сайын саяхаттаймыз, бірақ фискалды чек бермейді. Сылтаулары көп болды. Жеке адамдарға берілмейді. Келгеннен кейін береміз деді. Бірақ түбінде бермеді. Осыған шағымданып бармаған жерім жоқ. Ақтөбе қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына да шағымдандым. Дұрыс жауап жоқ. Себебі чекті тексеру қалалық кірістер басқармасының тікелей құзырында. Шағымданғаннан кейін маған жауап 80 күннен кейін келді. Оның өзінде де нақты емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды делінген. Ол жауаптарына қанағаттанбай қайтадан 4 шындық деп шағымдандым. 40 күннен асып кетті. Әлі де жауап жоқ,-дейді арызданушы Әділгерей Төлеубайұлы.
    Шағымданушы қария осы уақытта дейін «Сити-тур» ЖШС-ні жоғары сотқа да берген. Дегенмен әлі күнге дейін нақты шешім қабылданбаған. Мемлекеттік кірістер департаментінің салықтық тексеріс жүргізгені де риза емес көрінеді. Барлығына нақты жауап келмейтінін қапалы.
    -Бізге арызданғаны рас. Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы бақылау кассалық машинасын қолдану тәртібі жөнінде тексеру жүргізді. Тексеру кезінде заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен бірге әкімшілік жауапкершілікке бір емес, екі рет тартылды. «Сити-тур» ЖШС-і салық кодексінің 284 бабының бақылау кассалық машиналарын қолдану тәртібін бұзу бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Мемлекеттік кірістер департаменті жауа-бын уақытында берді. Жіберілген жауапты 80 күн кешіктірген қалалық кірістер басқармасынның бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды. Біз оны арызданушының жауабына да жазған болатынбыз. Бізге арызданған адамдардың ешқайсысы жауапсыз немесе қараусыз қалмайды. Барлығын тексереміз,-дейді басқарма басшысы Отызбай Адаев.
    Айта кетейік, өткен жылдан бері туристік агенттіктердің үстінен шағымданушылардың саны азайған. Дегенмен басқарма басшысының айтуынша туристік фирмаларды есептемегенің өзінде де түбіртек бермей қалды деп арызданушылар әлі де бар дейді. Арызданушылар сенім телефоны арқылы хабарласса, міндетті түрде шара қолданады екен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ойылдың жолы үшін хром қосындылары пайдаланылған
  • Мемлекеттік қызметкер есірткі үшін жұмысынан айрылды
  • Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылды
  • Тұрғын туристік фирмадан 500 евро талап етуде
  • Instagram желісінде саудамен ең көп айналысатындардың кім екені белгілі болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге