Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

    Ақтөбеде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығында «Бәрі сіздер үшін...» атты салтанатты шара өтті. Кәсіби мерекеге орай өнер саласының 8 қызметкері облыс әкімінің 100 мың теңгелік сертификатын иеленді.

    Жаңа жылдық көрініспен бастау алған шара өнер қызметкерлерінің өмір жолына шолу жасады. Әзіл ретінде көрсетілген көрініс мәдениет саласындағы қызметкерлердің шынайы болмысын көрсете білді. Сонымен қатар көрерменді шынайылығымен баурап алған өнер қызметкерлеріне облыс әкімінің арнайы алғыс хаттары табыс етілді.
    -Мемлекет, қоғам, халық үшін мәдениеттің ерекше орны мен мәні бар.
    Мәдениет пен өнер әрбір мемлекеттің абырой мен беделін өсіреді. Біз шаршаған кезде ән тыңдаймыз, күй тыңдаймыз, уақытымыз болып жатса спектакльге барамыз. Міне осының барлығы біздің өнерді сүйетініміздің дәлелі. Бүгінде Ақтөбенің өнерменен мәдениетте алатын орны бар. Қаншама ғимараттар салынды. Республикамыз бойынша бізді ерекшелеп тұратын «Өнер орталығың» өзі қаламызды жандандырып тұрғаны рас. Қазақта мынандай бір сөз бар. Дүниені ешкім ана жаққа алып кетпейді. Артымызда жасаған игі істеріміз қалады. Сондықтан мәдениет пен өнер қызметкерлеріне әрқашан қолдау көрсетейік,-дейді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.
    Сондай-ақ облыс әкімі шара барысында екі мерей той иесін құттықтады. Мәдениет саласының ардагері Өтеміс Әкімовты 80 жылдық мерей тойымен құттықтап өтті. Өңір тарихын зерттеу мен музей ісін дамытуға ерекше еңбек сіңірген тұлға Рысжан Ілиясоваға «Үздік өлкетанушы» төсбелгісі табыс-талды.
    Айта кетейік, облыс әкімінің арнайы марапатына 8 мәдениет саласының үздігі иеленді. Оларға өңір басшысы 100 000 теңге көлемінде сыйақы сертификатын табыстады. Сонымен қатар аймақ мәдениет насихаттауға қосқан үлесі үшін 15 қызметкер облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның алғыс хатымен марапатталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 35 мәдениет қызметкері баспаналы болды
  • Облыста 8 мәдениет үйі жабылған
  • Қанат Айтбаев — Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы
  • Бұқаралық мәдениет пен өнерді шатастыруға болмайды
  • Облыс әкімі ұстаздарды құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге