Ауыл тұрғыны: Адвокатқа алданып қалдым

    Ауыл тұрғыны:  Адвокатқа  алданып қалдым

    Ақкемер ауылының тұрғыны Роза Жұмабаева адвокатқа берген ақшасын қайтара алмай жүр. Күйеуімен ажырасқан келіншекке "балаларыңды қолыңа алып беремін" деп көмектеспек болған адвокат өз қызметін 50 мың теңгеге бағалаған.

    Күйеуінің туыстары балаларын бермеген соң, Роза Жұмабаева осыдан бір жыл бұрын сотқа шағымданады. Бірақ, Темір аудандық соты балаларды әкесінің туыстарына қалдыру туралы шешім шығарады. Амалы таусылған келіншек көмек сұрап, облыс орталығындағы партиялардың бірінің филиалына барған. Ондағылар сол кеңседе отырған адвокатқа сілтейді. Өзін Әсел Құрмашева деп таныстырған адвокат дереу нотариусқа барып, Розамен оның сот процестеріндегі сенімді өкілі болатыны туралы келісім-шарт жасасады. Роза оның сұрауымен нотариустан шыға бере 50 мың теңгені қолына ұстата салған. Бұл 2014 жылдың 26 қыркүйегі еді. Арада он күн өткеннен кейін балаларын қолына алған Роза әлгі адвокатына келісім-шартты бұзатынын және ақшаны кері қайтаруын сұрап хабарласқан.

    Роза Жұмабаева:
    - Мен адвокаттың қимылдағанын күтіп жата бермей, балаларды қайтарып алуға өзім де әрекеттене берген едім. Балаларымды қазанның 7-сі күні үйге алып келдім. Дереу Әселге хабарласып, мәселенің шешілгенін айттым. Содан кейін оның "Жарайды, ақшаны қайтарып беремін" дегеніне бір жылға жуықтады. Телефонына қоңырау шалсам, мүлдем жауап бермейді. Жұмыс орнына іздеп барып едім, ондағылар Әселдің жүктілігіне орай демалысқа шығып кеткенін айтты.

    Адвокаттың үстінен шағымданып, Роза полицияға да, сотқа да барыпты. Алайда, қолында "сенімді өкілінің" көрсетпек болған қызметі үшін төленген қаржының түбіртегі болмаған соң, Роза Жұмабаеваның арызын еш жер қабылдамай отыр.

    "Керек.info" тілшісі редакцияға шағымын айтып келген Роза Жұмабаеваның адвокатын іздеп тапты. Роза Жұмабаевадан ақша алғанын адвокат Әсел Құрмашева жоққа шығармады. Өзінің бала күтіміне байланысты демалыста жүргенін, ақшаны кері қайтаруға мүмкіндігі болмағанын айтып түсіндірді.

    - Мен Розадан 48 мың теңге алдым. 2 мың теңгені нотариустың қызметіне төлегенбіз. Бұл бір. Екіншіден, мен сотқа талап арыз жаздым. Балалардың әкесі тұратын Шұбарқұдыққа бара жатқанымда маған Розаның өзі хабарласып, мәселенің шешілгенін айтты. Жарты жолдан кері қайттым. Сондықтан "жарты ақшаңды қайтарамын" деген болатынмын. Иә, уақытында қайтара алмағаным рас. Себебі, ол кезде жүкті едім. Ауруханада жаттым. Жақында босандым. Алған ақшаның жартысын Розаның шаруасымен жұмсап жібердім. Ал қалған бөлігін, яғни 20 мың теңгесін 12 маусым күні қайтарамын. Мен өзім "Оператив консулт" ЖШС-нің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директорымын. Қазір бала күтімімен демалыста жүрмін,- деді Әсел Құрмашева.
    Алайда, Роза Жұмабаева адвокаттың "ақшаның жартысын ғана қайтарамын" дегенімен келіспейді. Ол "ақшамды толық қайтарсын" деп прокуротураға арыз түсірген. "Адвокат ақшаның жартысынан көбін қайда жұмсағанын дәлелдеуі керек. Ол маған бірде-бір құжат көрсете алмай отыр", - дейді Роза Жұмабаева. Розаның арызын қазір прокурорлар қарап жатыр.

    Облыстық адвокаттар алқасындағылардың айтуынша, "сенімді өкілге" ұрынып қалатындар аз емес. Ақшаны алып біржола хабарсыз кететін өкілдерден жапа шеккендер мұнда жиі бас сұғады.

    - Азаматтық іс жүргізу туралы заңда көрсетілгендей, құқықтық жоғары білімі бар кез-келген адам нотариустың құжаты арқылы сотта сенімді өкілі бола алады. Сондықтан азаматтық істерде көбіне осындай өкілдер жүреді. Ондай "сенімді өкілдерді" адамдардың қайдан тауып алатынына таңмын. Көбіне соларға жүгініп жатады. Біз олардың қай жерде жұмыс жасайтынын да білмейміз. Олардың жұмысын ешкім қадағаламайды,- дейді облыстық адвокаттар алқасының қылмыстық процестерді жүргізуші органдар шығарған қаулыларды орындау жөніндегі үйлестірушісі Аманкүл Базарова.

    - Біздің адвокаттар алқасында 140-тан астам адвокат бар. Біз тек өз адвокаттарымызға жауап береміз. Барлық сот істерін тек адвокаттар ғана қарауы керек деген мәселе бір кездері республикалық деңгейде көтерілген еді. Кейін бұл мәселе аяқсыз қалды.
    Өкілдердің бәрін “алаяқ” деп қаралауға ешкімнің құқығы жоқ. Дегенмен, басыңызға іс туа қалса, адвокатты таныс арқылы немесе жарнама мен хабарландырлардан іздеудің қажеті шамалы. Облыстық адвокаттар алқасына барсаңыз, сол да жеткілікті. Бұл мұнда сізді ақысыз адвокат күтіп отыр деген сөз емес. Мамандар құқықтық кеңес беріп, өз қарамағындағы адвокаттардың қызметін ұсынады. Есесіне, қалтаңыздан шыққан әр ақшаның ертеңгі күні сұрауы болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Адвокат: Кісі қолынан өлген кәсіпкер гомосексуалист болған

  • Тыл еңбеккері Роза Итеғұловаға мерекелік медаль тапсырылды
  • Әуежайдан жанар-жағар май ұрланды
  • Тұрғындар шенеунікті “парақор” деп айыптады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге