“Автопарк”: Бар күш компаниядағы тұрақтылықты сақтап қалуға бағытталып жатыр

    “Емшан” компаниясының президенті Мейіржан Өндіргенов тұтқындалғаннан кейін “Автопарк” жұмысшыларының арасында дүрбелең туындаған. Жұмысшылар “кәсіпорын жабылып, нәпақасыз қаламыз” деп қорқады. Бұл туралы 5 маусым күнгі баспасөз мәслихатында компания заңгері Руслан Жылқаманов айтты.

    -Басшымыздың ұсталуы қоғамдық көліктің қызметіне кедергі келтірмеуі тиіс. Қала халқының да, жұмысшылардың да алаңдамауына болады. Қазір бар күш компаниядағы тұрақтылықты сақтап қалуға бағытталып жатыр, – деді “Автопарк” ЖШС ресми өкілі Руслан Жылқаманов.
    Жетекшілерінің тұтқындалуына орай компания мүшелерін алаңдатып отырған тағы бір жайт бар. Ол - кәсіпорын есеп-шотының жайы. Олар Ақтөбеде жолаушылар тасымалымен айналысып отырған кәсіпорынның есеп-шотына сотпен тыйым салынар болса, қоғамдық көлік қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкін деп санайды.
    - Тергеу органдары қылмыстық іске қажетті материалдарды тәркіледі. Егер есеп-шотқа
    тыйым салынар болса, қаржылық қиындық туындауы мүмкін. Жұмысшылардың жалақысы мен несиеге алынған автобустардың ақшасы төленбей қалады. Мұндай жағдайда жүргізушілер де жұмысқа шықпай, автобустар тоқтайды,-деді Руслан Жылқаманов.
    Қазір қала аумағында “Автопарктің” 450-ге тарта автобусы 34 бағыт бойынша жолаушы тасып жүр. Руслан Жылқаманов кәсіпорында жалақы бойынша ешқандай қарыз жоқ екендігін де айтты.
    -“Автопаркте” жалақы төлемейді екен“ деген әншейін қауесет сөз. Ешкім де тегіннен тегін жұмыс істемейді. Құқығы бұзылған кез-келген жұмысшының прокурату-раға, не ІІД-не шағымдануына болады. Тіпті болмаса, компания басшыларының біріне келсін. Күні бүгінге дейін жүргізушілерден ешқандай шағым түскен жоқ,-деді ол.

    Естеріңізге сала кетелік, “Емшан” компаниясының президенті Мейіржан Өндіргенов 1 маусымда тұтқынға алынды. Оған ірі көлемде ақша бопсалады және қала тұрғынын қорқытып-үркітті деген айып тағылып отыр. 22 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Мейіржан Өндіргенов үш баланың әкесі. Облыстық мәслихат депутаты. Әріптестерінің айтуынша, сотта Мейіржан Өндіргеновтің құқығын екі адвокат қорғайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Танымал кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов тұтқындалды
  • Облыстық мәслихат депутаты 2 айға тұтқынға алынды
  • Мұнайшылар қаржылық дағдарыстың зардабын тарта бастады
  • Ақтөбеде “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы өтеді
  • Автобустарда жол ақысы қымбаттамайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге