Әже тәрбиесі керек пе?

    Әже тәрбиесі керек пе?

    Бұрын ата-ана баланың бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіруді әжелеріне тапсыратын. Бүгінгі ұрпақтың көзқарасы өзгерген. Қазақ қоғамы одан ұтылды.

    Қазақта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала басқаша болады, айналасының да көзқарасы оған ерекше-тұғын. Өйткені ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз.Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі-жырларымен сусындататын әженің орны ойсырап, бейнесі көмескіленіп кетті. Көп қазақтың отбасында әже тәрбиесі деген ұғым өшіп, ұрпақ жалғасы үзіліп қалды.Әжесінің басқан ізін аңдып, бауырына тығылып, етегіне оратылып жүретін кешегі бала, бүгінгі ата-аналардың көбі заман талабы деп, еуропалық тәрбиені таңдады. Туған баласын әжесімен араластырмайтын болды. Кейбір әжелердің де бұған онша құлқы жоқ. Тіпті кейбір отбасыларда немересі әжесін бос уақыты көп бала тәрбиешісі деп қабылдайтын өкінішті.

    "Алдымен ата-ананың өзін тәрбиелеу керек"

    Белгілі драматург Сая Қасымбек балаға да, немереге де өнеге болу үшін алдымен ата-ананың өзін тәрбиелеу керек дейді.
    – Бала үйдегі үлкендердің әрбір іс-әрекетін айнытпай қайталайды, бойына көргенін сіңіріп өседі. Кітапта оқығаныңды, өмірде көргеніңді айтқанның, күні бойы қақсап, ақыл айта бергеніңнен пайда жоқ. Үйдегі-түздегі өзіңнің ісің мен қылығың қандай болса, сол, тіпті жүріп-тұрғаныңа дейін, әдет-әдебіңнің бәрі балаға өнеге, берген тәрбиең. Өзім әже атанған уақыттан бастап, сол атқа лайық болу үшін, ең әуелі үсті-басымды түзедім. Әжеге лайық киімді киіне бастадым. Шерхан Мұртаза, Ақселеу Сейдімбек сияқты үйге келген сыйлы қонақтармен бірге бала-немерелерімді дастархан басында отырғыздым. Ол кісілердің ғибратты әңгімелерін тыңдаудың өзі бір ғанибет емес пе?! Ал баланы арақ-шарап қойылған дастархан басына бірге отырғызбаған жөн.Бір ғана мысал айтайын, жақында өзіме арнап тіккен көйлектен артылған кішкене мата қиындысынан гүл жасап, иығыма тағып көрдім. Оны байқап, қарап тұрған немеремнен "Қалай, әдемі ме?" деп сұрадым. Ол "Иә, әдемі" деп жауап берді. Егер оны отырғызып қойып, "Мынаны қара, осылай істе!" деп үйрете бастасаң, мән бермес еді. Сондықтан тәрбиелеу керек деп есіңе түскенде, қажет болғанда ғана емес, бала мен немереге күнделікті, ағымды түрде тәрбие беру керек, – деді Сая Қасымбек.

    Әжелердің жұмыстан қолы тимейді

    Психо-аналитик, психолог Зүбайда Кененбаеваның ойынша, әже мен немере арасының алшақтауының түпкі себебі – жұмысбастылықта.
    – Әжелер зейнеткерлікке шыққанмен жұмыс істеуге мәжбүр.Сондықтан немерелеріне уақытын бөле алмайды.Екіншіден, жас ата-аналардың көбі үлкендерге лайықты құрмет пен сыйластықтарын көрсете алмайды.Әже немересіне бір нәрселерді түсіндіре бастаса, келіні бірден тоқтатып тастайды.Ал баланың көзінше үлкенге құрмет көрсетілмеген соң, ол да сыйлаудан қалады.
    Әже немересіне әке-шешесінің бере алмаған махаббатының орынын толықтырғаны жөн. Алайда дастархан басында әжелеріміз салт-дәстүрді, ұлттық тәрбиені насихаттайтын әңгімені емес, телесериалдан көргендері мен теледидар мен әлеуметтік желі арқылы келген небір жәйттер жайлы айтып отырады.Өзінің көкірегі сайрап тұрмаған соң, не айтсын. Сондықтан қазіргі әжелер арасында ұлттық тәрбие бере алатындары аз.

    Ұлттық тәрбие беру үшін ауылда тұру маңызды емес

    – Тіпті қалалы жерде тұрса да әжелерімізге немересінің бойына ұлттық тәрбиені сіңіруіне еш кедергі жоқ екеніне көзім жетті.Жақында біздің көп қабатты үйдің ауласында үстіне камзол киіп, басына орамал таққан жасы 60-тар шамасындағы әже далаға он жасар немересін ертіп шықты.Сосын қалтасынан асықтарды шығарып, өзге балаларды шақырып алып, ойын тәртібін түсіндірді.Ерінбей үш-төрт сағат бойы балаларға асық ойнауды үйретті.Он күндей уақыт өткенде балалар бір-біріне үйретіп, ойын шартын бұзбай ойнайтын болды.Мұнда бір ғана асық ойыны әр үйдің ерке баласын тәртіпке, бөлісуге, топпен ойнауға, ережеге бағынуға үйретті. Дәл қазіргі кезеңдегі ата-ананың бір кемшілігі – баланы жауапкершілікке үйретпейді, – деді Зүбайда Кененбаева.

    Бала бағудан шаршаған әжелер де бар

    Кейбір ата-ана зейнет жасындағы енесі бола тұра, жалдамалы тәрбиеші іздеп шарқ ұрып жүреді. Оның себебі ата-енелері бала бағудан шаршағандықтан, немере баққысы келмейді екен. Асылгүл де екі баласын зейнет жасындағы әжесі баққысы келмей, бас тартқанын айтты.
    -Мен жұмысқа шыққан күні енем немерелерін бақпайтынын ашық айтты. Біз шамамыз келгенше көмектесіп тұратынымызды айтып, күндіз бағып беруін өтіндік. Өйткені екі балаға бірдей балабақшаның ақысын төлеу қиынға соқты. Үйіміз де жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз. Бірақ енем шаршағанын айтты. Әрі "денсаулығым көтермейді" деді. Біз амалсыздан жекеменшік балабақшаға екі балаға айына 40 мың теңге төлеп отырмыз, – дейді Асылгүл.
    Осылайша әжелеріміз өзінің артынан ерген ұрпағын тәрбиелеуден қашып, "әжелер мектебінің" болмысын әлсіретіп алды. Бұрын ата мен әженің ұл-қызына, немере-шөбересіне айтар ақылы, көрсетер үлгісі мол еді. Бүгінгі әжелер­дің бұрынғы әжелермен салыстырған­да өмір сүру қалпы, тәрбиеге ден қоюы өзгерген.

    "Құлыншағым" "котенокке" ауысқан

    – Бұрын әжелеріміз балаларын "ботам", "ботақаным", "қоңыр қозым", "құлыншағым" деп еркелетсе, "батырым", "ақылдым", "үмітім", "болашағым" деп арқаландырып отырса, бүгінде "лапочка моя", "зайчонок", "котенок", "мышка" деп мысыққа да, күшікке де теңей салады. Бұл қазақ үшін қорлаумен тең теңеулер ғой. Ал бала тәрбиесінде мұндай рухани құлдырауға жол беруге болмайды, – дейді психо-аналитик Зүбайда Кененбаева.
    – Осы күнгі балаға Алпамыс пен Қобыланды сынды батырлар жырын, Таусоғар мен Толағай туралы ертегінің майын тамызып айтып беретін әжелер сирек. Әжелер ертегі айтып шаршағанша, теледидарды қосып қойып, сондағы түрлі мультхикаялар мен шетелдік фильмдерді көрсеткенді оң санайды. Сондай ұрпақ ата-анаға деген құрметтен жұрдай болып өседі.

    Қазіргі ұрпақ әже тәрбиесіне зәру

    – Әже – отбасының алтын қазығы. Шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді. Әжелер үнемі "арыңды аяқ асты етпе, үлкеннің жолын кеспе, біреуді жамандама, бөтен адамның ала жібін аттама" деген сияқты адамгершілікке баулитын сөздерді қайталаудан жалықпайды.Бірақ, қазір мұндай әжелер саусақпен санарлық.Өйткені бүгінгі ұрпақтың үлкендермен қарым-қатынаста өздерін ұстауы, жаман қылықтарға жақындығы әже тәрбиесінің жетіспей тұрғанының айқын дәлелі, – дейді этнограф Құралай Сәрсембина.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақ ұл мен қыздың тәрбиесін бөліп қараған
  • Ойылдан келген әжелер перзентханадағы келіншектерге ақ орамал таратты
  • Балабақшада бала күйіп қалды
  • “Асыл әжелер” ансамблі Ресейден жүлдемен оралды
  • Жанат Самұратова: “Ондай мұғалімнің құны көк тиын!”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге