Баспаналы болу оңай

    Баспаналы болу оңай

    Ақтөбеліктер енді елбасының бастауымен ұсынылған «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғын үй алуға оңай қол жеткізе алады. Алғашқы жарнасы 20 пайызбен ұсынылған бағдарлама қазақстандықтар үшін бірнеше артықшылығы бар.

    Наурыз айында елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасы арқылы халыққа жолдауында «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы құрылды. Енді Қазақстанның әрбір тұрғыны жаңа бағдарлама аясында баспана алудың өзгеше мүмкіндіктеріне ие болды. Солардың қатарында шілде айынан бастап бағдарлама аясында жаңа пәтерге қол жеткізгендер де бар.

    Алғашқы жарнасы 20 пайыз
    -Халыққа қолжетімді баспана беруде мүмкіндіктер көп. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында әрбір отбасы жаңа пәтер иегері бола алады. Бағдарламаның талабы бойынша екінші жарты жылдықтан бастау алу керек болатын. Міне 3-4 шілдеден бастап осы бағдарлама басталды. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ипотекалық компания «Баспана» құрылды. Бұл бағдарламаның жылдық үстемақысы 7 пайызды құрайды. Алғашқы жарнасы 20 пайызды бірден төлеу керек. Яғни несие алушының қолында бір рет төленетін 20 пайызды құрайтын ақшасы болу керек. Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында үйдің ең жоғарғы бағасы 25 млн. теңге болса, басқа өңірлер мен Ақтөбеде 15 млн. теңге. Бағдарламаның бір ерекшелігі кезекке тұрып үй алудың қажеттілігі болмайды,-дейді ҚР Ұлттық Банкі Ақтөбе филиалы бөлімінің бастығы Маркон Қуатбаева.

    Бағдарлама 7 банкпен жұмыс жасайды
    «Баспана» ипотекалық компаниясы бүгінге дейін 7 екінші деңгейдегі банкпен серіктес ретінде келісім бекітті. «Центркредит», «Евразия», «АТФ», «RBK», «Халық», «Цесна» және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» осы қатарларға кіреді. Бағдарламаның басты талабында сай мемлекеттен көмек берілмейді. Арнайы қор да бөлінбейді екен. Бағдарлама банктердің берген қаражаты арқылы жүзеге асырылады.
    -Жыл соңына дейін тағы бір-екі банк осы бағдарламаға қосылады деп жоспарлап отырмыз. Қарыз алушыларға талап қойылатын болса, басқа да талаптар банк-терге де қойылатын болады. Сондықтан қазіргі таңда талапқа сай келетін 7 банкпен қол қойып отыр. Банктер жоғары деңгейде болу керек. Сондықтан ол баспанамен бірге жүргізілетін жұмыс. Баспанамен банктің арасында келісім шарт орнайтын болады. Жасалған келісім шарт несие алушыларға әсер етпейді,-дейді Маркон Қуатбаева.

    Бағдарламаға қатысудың өзіндік шарттары бар
    Бағдарламадағы ең басты талаптарының бірі республика аймағында жүргізілетін болғандықтан несие алушы жеке тұлғаның атында тұрғын үйі болмауы керек. ҚР Ұлттық Банкі Ақтөбе филиалы бөлімінің бастығы Маркон Қуатбаеваның айтуынша бір ғана өз атында тұрғын үйі болмады деп дайын пәтерді бере салмайды екен.
    -Банкке өтініш берген күнде еңбек немесе кәсіпкерліктен алынатын табыс көзі расталған болуы шарт. Сонымен қатар банк-терге ипотекалық қарыздардың жоқ екені тексеріледі. Басқа тұтынушылық несиелері болуы мүмкін. Егер сондай жағдай болған жағдайда банктер несие алушының төлем қабілетін есептегенде кері әсерін тигізуі мүмкін. Егер несие алушының айлық көрсеткіші жетпеген жағдайда жанына қосалқы қарыз алушы тартуға болады. Сонымен бірге банктердің қойылатын талабы бар. Дегенмен Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа баспана алған жағдайда қосылатын жылдық үстемақысы 7 пайыз ғана болады. Шот ашқанына қосымша төлем төлемейді. Тіптен ай сайын төленетін қарызды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігіне тиым салынбайды, бұл жағдайда айыппұл салынбайды.

    Баспана алу 10-12 күнге созылады
    Ипотеканы алудың ешқандай қиындығы жоқ. Клиент үй тауып банкке жүгінеді. Бірақ жаңа үйі бұрын ешкімнің атында болмауы тиіс. Баспананың қай жылы салынғаны маңызды емес.
    -Алдымен банк қарыз алушыны тексеріп мақұлдауы тиіс. Егер 15 миллионның үйі болса несие алушының қолында 3 млн. теңге болуы керек. Қалған 12 млн. теңгесін банк береді. Сол 12 млн. теңгені 15 жылға есептейді. Артынан бір берермін немесе жинақтап беремін, мүлікті салайын деген болмайды. Бағдарламаның талабы 20 пайызды ақшалай бір рет аударылуы керек. Айта кететін тағы бір жағдай, бағдарлама аясында барлығы теңгемен жүреді.

    Қажетті құжаттар тізімі қарастырылған
    -Баспана алушы халыққа қызмет көрсету орталығынан меншік құқығында тұрған үйдің болмауын растайтын анықтама әкелуі керек. Сонымен бірге ипотекалық қарыздардың жоқтығын растайтын кредиттік бюроның есебі болуы тиіс. Жұмыс жасайтынын растайтын құжаттар мен сатып алынатын тұрғын үй құжаты керек. Сатып алынатын тұрғын үй құнын анықтайтын тәуелсіз бағалаушының бағалау есебі қажет. Сонымен бірге серіктес банктердің өзінің талабы бойынша басқа да құжаттары болады. «7-20-25» бағдарламасында шетелден тұрғын үй алуға болмайды. Бұл бағдарлама ҚР аумағында тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алу мүмкіндігі көзделген. Бағдарламаның тағы да бір ерекше тұсы бір қалада тіркелген азаматтың екінші қаладан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі бар. Аудандардан салынған жаңа үйлерді де осы бағдарлама аясында алуға болады. Барлық аудандарда бізге серіктес Халық банктің филиалы бар. Жеті банктің ішінен осы банк арқылы рәсімдеуге болады,-дейді ҚР Ұлттық Банкі Ақтөбе филиалы бөлімінің бастығы Маркон Қуатбаева.

    Банк «Центркредит» көш бастап тұр
    Аз ғана уақыт ішінде Қазақстан бойынша 7 адамға 81 млн. қарыз берілген. Олар «7-20-25» бағдарламасы мен жаңа баспанаға қол жеткізді. Ақтөбеден Центркредит банкі арқылы бір адам несие алды. Сонымен бірге екі адамның несиесін мақұлдап тұр. Он күн ішінде құжаттарын да-йындап өздері таңдаған баспананы ала алады.
    Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы барлығы үшін қолайлы. Бағдарламаны іске асыру көптеген қазақстандықтар үшін тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Ипотекалық несиелеудің қарқынын жандандырады. Сонымен қатар, ел экономикасының дамуына оң ықпал етеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «7-20-25» бағдарламасы басталды
  • Мемлекеттік бағдарламамен коттедж алуға болады
  • Ақтөбеліктер үш айда 74,3 млдрд теңге несие алған
  • 7 пайыздық ипотеканы төлем қабілеті бар қазақстандықтар ғана рәсімдей алады – Ұлттық банк
  • Ипотекалық несие қайта қаржыландырылып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге