Кінәсізді 9 ай бойы темір торда ұстаған

    Кінәсізді 9 ай бойы темір торда ұстаған

    Ақтөбе облыстық сотында тау-кен өндіру комбинатының бригадиріне қатысты үкім бұзылды.

    Өткен жылдың 4 қарашасында Хромтаудың қақ ортасында Саяхат автобекетінің қасында белгісіз біреу үш адамды жаралап кеткен болатын. Бейнекамера Ербол Құдайбергеновтің көлігінің нөмірін түсіріп алады. Осының негізінде оны тергеушілер жәбірленішулерге оқ атты деп шешкен.
    Екі адам жеңіл дене жарақатын алып, біреуі ауырлығы орташа дәрежедегі тура білек тұсынан жарақат алып, сүйегіне тиген. Жәбірленушілер сотқа келмеген, сол себепті отырысты бірнеше рет кейінге шегерілген. Тергеушілер оқ атылған қаруды таппаған. Хромтау аудандық сотында жәбірленушілерден жауап алынбаған.
    Дүйсенбіде, 30 шілде күні Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ербол Құдайбергеновтің ісін қайта қарады. Құдайбергеновтің кінәсі дәлелденбеуін негізге ала отырып прокурор айыптаудан бас тартты.
    - Прокурордың айыптаудан бас тартуына байланысты Құдайбергенов Ерболды айыптау бойынша қылмыстық істі тоқтатылсын және 2018 жылғы 3 мамырдағы айыптау үкімін болдырмасын,- деді қылмыстық істер жөніндегі алқаның төрағасы Қайырбек Елемесов. –Құдайбергенов қамаудан дереу босатылсын.
    Сот отырысына кінәсіз бригадирді қолдап Хромтаудан барлық 12 жұмыстасы, анасы мен қалыңдығы келді. Жақындарының айтуынша, тергеу изоляторында өткен 9 айдан соң Ербол Құдайбергеновтің денсаулығы сыр берген.
    - Колонияда отырғанда көз көруі әлсіреген. Жүйке жүйесі сезімталдыққа ұшырады. Тор артында отырған 9 ай үшін моральдық залал өндіретін боламыз,- деді анасы Нұргүл Мәмбетова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қырғызстанға заңсыз мұнай сатқандар сотқа келді
  • 2 кәсіпкер бір жыл бойы заңсыз қамауда отырған
  • Судьялыққа үміткерлер үшін талап күшейтілді
  • Судьялар 2015 жылдың ең ауыр қылмыстары туралы айтты
  • Ақтөбеде кішкентай Димаш дүниеге келді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге