Ақтөбелік спортшылар ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан жүлделі оралды

    █ Қырғызстан елінің Шолпон-Ата қаласында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетіп, қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте жүлделі 2-орынға қол жеткізді. 18 алтын, 24 күміс, 30 қола медальдерін иеленді.

    Ақтілек ОРЫНБАСАРОВА
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Ақтөбелік спортшыларда жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындармен оралды. Белбеу күресінен Әділет Шалғынбекұлы 62 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленді. Самбодан Әлем чемпионы, ақтөбелік Есет Қуанов самбодан алтын медальға және Жасұлан Базарбай осы спорт түрінен қола медальға ие болды. Аударыспақтан Азамат Серғазин 60 келі салмақта және Арман Сағымбаев 80 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, облыстық интеллектуалдық спорт түрінен ОМБЖСМ жаттықтырушы-оқытушылары Нұрбек Қабиев пен Диана Кенина тоғызқұмалақтан көшпенділер ойындарында қола жүлдеге ие болды.
    Айта кетейік, ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 80 елінен 3000-нан астам қатысушы келді. Олар спорттың 37 түрінен қатысты. Кезекте 2020 жылы өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының эстафетасын Түркия елі қабылдады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Есет Қуанов самбодан әлем чемпионы атанды
  • Әлем чемпионатынан ақтөбелік спортшылар 3 қола медальмен оралды
  • Ақтөбелік жас боксшылар олжалы оралды
  • “Көшпенділер шайқасы-6” халықаралық кәсіпқой турнирі өтті
  • Таэквондошылар жүлдемен оралды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге