Тұрақтандыру қорына 1500 тонна картоп түседі

    Ақтөбе облысында егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Дәнді дақылдардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда биыл төмендеген. Дегенмен мал азығы мен майлы дақылдардың көлемі артқан. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай хабарлады.

    Аудандардағы егін жинау науқаны әлі жалғасып жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, егіншілік мақсатқа биыл 8,5 мың тонна дизель отыны қарастырылды. Оның 3,6 мың тоннасы шаруа қожалықтарына берілген. Қалған бөлігі егін жинау мен сүр өңдеу жұмысына пайдаланылуы тиіс. Дизельдің бір литрі 162,6 теңге. Бұл нарықтағы жалпы бағадан 25-30 теңгеге арзан. Егін жинау жұмыстарына 1181 комбайн, 1454 жүк автокөліктері және 118 мехтоктар атсалысып жатыр. Жиналған астық 6 лицензияланған астық сақтау кәсіпорындарына жеткізіледі. Олардың жалпы сыйымдылығы 368 мың тоннаны құрайды. 123 мың тонна сыйымдылықты құрайтын тағы 184 астық сақтау қоймалары бар.
    - Жиналған астықты өзімізде сақтауға мүмкіндігіміз толық жетеді. Егіннің мол болуы үшін алқаптарға биыл 2,6 мың тонна минералды тыңайтқыш енгіземіз деп жоспарлағанбыз. 3,3 тонна тыңайтқыш енгіздік. Бұл өткен жылға қарағанда 2 мың тоннаға көп. Өткен жылы тек 1400 тонна ғана енгіздік. Арамшөптерге қарсы 252 мың гектар өңделді. Егістікке дейінгісі 91 мың гектар, егістік бойынша 163 мың гектар химиялық өңдеуден өтті,- деді Құсайын Сәрсембай. - Қазір облыс бойынша 443 мың гектар жердің 392 мыңы шабылды. Әр гектардан орташа есеппен 10 центнерден 404 мың тонна өнім жиналды. Бұл, әрине, біздің ең соңғы көрсеткішіміз емес. Биыл егін науқаны басталған кезде ауа райы қолайсыздау болды. Сол себепті бірінші егілген егістіктерден алынған өнім төмендеу болды. Кейін егілгендері енді жиналып жатыр. Көрсеткіш әлі көбейеді. 261 мың гектарға бидай шабылып, 267 мың тонна астық жиналды. Гектарына 10 центнерден. Арпа 115 мың га, 122 мың тоннасы жиналды.
    Қазір Ойыл, Темір, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласында егін жинау науқаны аяқталды. Бұл ауданда егіс көлемі көп емес. Ал егіні мол Әйтеке би, Қарғалы, Алға және Хромтау аудандарында егін ору жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қыркүйектің соңына дейін егін жұмысы толық аяқталуы тиіс. Биыл 170 мың гектар алқапқа сүр өңдеу жұмыстары жоспарланып отыр. Оның 159 мың гектары өңделіп болды. Бұл бүкіл егіс көлемінің 22 пайызын құрайды. Жалпы технология бойынша егін алқаптарының 20-22 пайызы сүр жер болуы тиіс дейді мамандар. Басқарма басшысы тұрақтандыру қоры туралы да айтып кетті. Азық-түлікті сақтау қорымен қазір «Базарларды басқару» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік кәсіпорын негізіндегі «Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы» айналысады. Оларға 309 млн.теңге қаражат бөлінген. 100 млн. теңгесі қаражат күйінде, қалғаны өнім түрінде сақталады.
    - Өзімізде бұрыннан қалған өнім баршылық. 247 тонна қант, 100 тонна күнбағыс майы, 27 тонна күріш, 111 тонна ұн бар. Бұған қоса біз биыл көкөністер сатып алуға «АкТеп» және «Пригородный» серіктестерімен келісімдер жасадық. Оларға қазір 60 пайыз ақшасы төленіп қойды. Қалған қаражат өнімдерді қоймаға жеткізгеннен кейін аударылады. 1500 тонна картоп, 100 тонна сәбіз, 200 тонна пияз, 80 тонна қырыққабат сатып аламыз. Тұрақтандыру қорына салынатын өнімдер 1 қарашаға дейін толық жіберіледі. Оған біздің жеткілікті қаражатымыз бар. Картопты 60, сәбізді 58, пиязды 48, қырыққабатты 48 теңгеден алып жатырмыз. Олардың қоймаларда сақталу бағасы осы бағаның ішіне кіреді. Қажет кезінде мөлшермен алып отырамыз. Бұрын біз тек 3000 тонналық «Пригородный» ЖШС қоймасында сақтаушы едік. Негізі астық қоймалары бізде жетерлік. Бірақ олардың бәрінде өнімдерді сәуір, мамыр айларына дейін бұзбай сақтауға мүмкіндіктері жоқ. Ондай мүмкіндік «Пригородныйда» ғана бар еді. Биыл оған қоса «АкТеп» ЖШС 4800 тоннаға арналған жаңа қойманы іске қосты. Қойма соңғы технологиямен өте жақсы жабдықталған. Температураны сақтау үрдістерінің бәрі қарастырылған,- деді Құсайын Сәрсембай. – Бұдан өзге аудандарда 365 тонна картоп, 55 тонна сәбіз, 27 тонна қырыққабат, 42 тонна пияз, 7 тонна қызылша, 288 тонна ұн, 31 тонна қант, 41 тонна күріш, 20 тонна өсімдік майы сақталып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл бидай аз шықты
  • Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды
  • Қорда 7 мың тонна азық-түлік бар
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге