Ақтөбеде орталық көпір пайдалануға берілді

    Ақтөбенің басты дертіне айналған орталық көпір пайдалануға берілді. Жалпы құны 1 млрд 232 мың теңгені құраған көпір толықтай 2019 жылы бітеді екен. Ал әзірге негізгі жолы мен туннель ғана іске қосылған.

    Көпір асты туннель салынып, қаланың екі жағына апаратын жол көлік жүргізушілері үшін сүйінші жаңалық болды.
    - Бүгін біз туннель мен көпірді аштық, ал басты құрылыс 2019 жылы толықтай бітеді. Оған дейін жөндеу үшін жолақтарды жауып тұрамыз,- дейді Ақтөбе транспорт және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғали.
    Көпірдің жобасын «Стройреклампроект» ЖШС сызған. Ал құрылысты астаналық «Прогресс КЗ» мекемесі жүргізген.

    “Қонысты құртыңдар!”
    Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ильяс Испанов орталық даңғылда салынып жатқан Арбатты жаяу аралады. Орталық Стадионнан әкімдікке дейін жаяу жүріп келген әкім «Қоныс» спорт сарайының алдына келгенде қалт тоқтай қалып:
    - Осы бізге керек пе?,- деп сұрады. Жанындағылары «Керек емес» деп шу етті.
    - Бізде «Жекпе-жек» сарайы бар, ал мынау бос тұр, алып тастау керек!,- деді өңір басшысы.
    Әкімге «Нұрдәулеттің» темір қоршаулары да ұнамады. Осылайша жан-жақты жіті бақылап келе жатқан Бердібек Сапарбаев тап алдында жерде қайыр сұрап отырған әжейді «байқамады». Әкім ыңғай білдірмеген соң, қасындағылар да әлгі әжейдің жанынан үнсіз өте берді...

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі ең үлкен көпірдің құрылысы биыл аяқталмайды
  • Біздің әкім не дейді?!
  • Келер жылы Сельмаш ауданына жаңа көпір салынады
  • 11 шағын ауданда “алтыннан” көпір салынбақ
  • Көпір үстінде үш көлік түйісті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге