Бас мүфти орамал дауына нүкте қоя алмайтынын айтты

    Ақтөбеде әлі күнге дейін орамал таққан 25 оқушы мектепке кіре алмай жүр. Бұл тек қала бойынша айтылған көрсеткіш. Қаламызға бірнеше күндік іс сапармен келген Бас мүфти Серікбай Қажының өзі шешімін таппаған мәселенің қалай өрбитінін білмейді. Айтуынша мектептің заңға, дін жолындағы ата-ананың шариғатқа бағынғаны дұрыс дейді. Бас мүфтидің өзі орамал дауына қатысты сауалдан қашқақтап, бар мәселені екпе алдыртпаған балалардың ата-анасына әкеліп тіреді.

    Ақтөбеде бүгінде елуге жуық оқушы әлі күнге дейін сабаққа қатыса алмай жүр. Орамалға оранған қыздардың ата-анасы заңға қарсы шығып отыр. Жыл басынан басталған орамал оқиғасы әлі де аяқталған жоқ. Мектеп формасын сақтамаған оқушыларды мектеп басшылығы биыл да мектепке кіргізбей қойды. Облысымызға арнайы іс сапармен келген бас мүфти Серікбай қажы Ораз ушығып тұрған мәселеге қатысты ештеңе айта алмады.
    - Ата-аналардың жауапкершіліктері бар. Білім беру орындары басшыларының да жауапкершіліктері бар. Демек ортақ мақсат бұл мәселелерде түсіністікпен қарап, талап тілектерді де орындау. Және білім алудан шектеліп қалмау. Сонымен бірге діни талаптардың аясындағы белгіленген дүниелерге да құрметпен қарауға шақырамын,-дейді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

    «Екпе мәселесіне шешімімізді шығардық»
    - Елімізде екпеден саналы түрде бас тартып жүрген адамдар бар.
    Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұл мәселеге өз пәтуасын шығарды. Шариғатта адамның денсаулығы мен ағзасына зиян келтірмейтін, оның алдын алу мақсатындағы іс шарадан бастарту жаңсақ пікір. Өйткені бұл аса маңызды мәселе. Меккеге қажылыққа бара жатқан адамнан екпе талап етіледі. Екпесіз қасиетті жерге ешкімді кіргізбейді, -дейді бас мүфти.

    «Орамал, жаулық мәселесі шешімін таппай келеді»
    - Қазір қоғамның ішінде түрлі пікірлер қалыптасып отыр. Бұл орамал, жаулыққа қатысты мәселе екенін білесіздер. Осыдан бір жыл бұрын өзіміздің ұстанымымызбен, осыған қатысты ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып шариғат шеңберіндегі жасты нақтылағанбыз. 15 жасқа дейін деп көрсетіп айқындап берген болатынмыз. Біз осыны діни ұстаным ретінде толық әрі соңғы ұстанымымыз деп бердік. Ал енді бұл жағдайды шариғат мәселесінде балиғат жасына жетпеген қыздарды киіндіру жаңсақ дүние. Қазір қоғам ішінде орамал түрлі пікір қалыптастырып отырған дүниенің бірі. Балиғат жасына жетпеген 7 жастағы қыз бала тағдырын тәлкекке салып, саудаға салу секілді жағдайға болып жатыр. Алла бұйырған уақыт пен сәт келмейінше, ата-ана қатаң түрде өз көзқарасына басымдық беруіне болмайды. Сондықтан әрбір іске түсіністікпен қарым-қатынас жасау керек,-дейді бас мүфти.
    «Бала білім алу керек»
    Қаламызға бірнеше күндік жұмыспен келген бас мүфти ормал таққан баланың да білім алуға құқығы бар екенін атап өтті.
    - Білім беру ошақтарының ішкі талаптарын да жақсы білеміз. Бірақ азаматтарымыздың діни-сенім бостандығын сақтай отырып, ұрпағымыздың білім алуына шек қоймауымыз керек. Түсіністікпен, құрметпен қарауға шақырамын. Өзара түсіністікпен жұмыс істейтін болсақ, барлық нәрсе жүзеге асады деп ойлаймын. Бала біздің болашағымыз, олар білім алу керек. Сонымен бірге діни талаптардың аясындағы дүниелерді де құрметтеуге шақырамын, - дейді Серікбай қажы Ораз.
    Сонымен қатар бас мүфти республика бойынша неше ата-ана баласының орамалын шештірмей отырғаны туралы нақты санын білмейтінін жеткізді. Уақыты болса ақтөбелік ата-аналармен кездесетінін де атап өтті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “орамал дауына” қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті
  • “Діндарлар қоғамнан тыс өмір сүрмейді”
  • Ақтөбеде даярлық сыныбында оқитын бүлдіршіндер орамал тағып жүр
  • Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты
  • Наиб мүфти: Жамағаттың имамдарға көңілі толмайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге