Әркімнің өз орны бар

    Әркімнің  өз орны бар

    Мансұр, 32 жас:
    «Алғашқы некеден жеті жасар ұлым бар. Бірінші әйелім былтыр күйеуге шықты, оның өтінішімен баламды өзім қолыма алдым. Алайда екінші әйелімнің баламмен тіл табысуы қиындап барады. Өзіміздің баламыз болсын деп шу шығарады. Бірге тұрғанымызға екі жыл. Ұлым өзін керексіз сезініп қала ма деп қорқам. Балам мен әйелімнің ортасында қақ жарылып кете жаздап жүрмін. Шаршатты».

    Айна, 25 жас:
    «Ұлымыз бір жарым жаста. Күйеуімнің алғашқы некеден он жасар қызы бар. Сол қыз үшін үнемі керілдесіп қаламыз. Екі үйге қатар шабылып, шаршайды. Бірінші әйелі үнемі қоңыраулатып отырады. Біресе анауы жоқ, біресе мынауы. Жексенбі сайын қызымен уақыт өткізуге кетеді. Ал, менің ұлым ше? Бізге де әкенің көңілі керек, махаббаты дегендей. Қызыммен уақыт өткізгеніме кедергі келтірме дейді. Кейде қатты ұрсамыз сол үшін. Сол үшін күйеуім ажырасайық ендеше деуге барып жүр».

    Бұл екі хаттан қазіргі таңда бар мәселенің ұшы шығып тұр. Қарым-қатынастардағы қиындық қолдан жасалатыны анық байқалады. Отбасылық жүйе жоқ. Тектің таралуында өзіндік реттілік бар. Бұл біріншіден, кімнің жүйесін сызсақ – сол адам. Екіншіден, сол адамның бауырлары, әкеден, анадан бір туғандарын толық есептегенде. Оның әке-шешесі, олардың бауырлары, одан әрі қарай ата-әжелерінің отбасылық жағдайын қарап шығуға болады. Үшіншіден, әйелдері. Бірінші, екінші, үшінші. Заңды, азаматтық неке. Осы некелерден өрбіген ұл-қыз. Тіпті, жасанды түсік жасалса да есепке алу керек. Қалай қарасаңыз да, бәйбіше де, тоқал да бір тектің жүйесіне енеді. Оны өзіңіз сызып та қарай аласыз. Мұнда маңыздысы – әркімнің өз орны болуы. Әр әйелдің өз орны бар. Бірінші некенің балалары бірінші, екінші некенің балалары екінші аталады. Бұл жүйеде «бұрынғы» әйелі деген сөз қолданылмайды. Өйткені, отбасы жүйесінде «бұрынғылар» болмайды. Жүйеде бәрінің аты аталады, қайтыс болса да. Бұл орындарды мақтан үшін белгілемейді. Тек реттілікті бұзбау үшін. Тіпті ажырасқан күнде де бәйбіше әйелі болып санала береді. Олар балаларға ортақ ата-ана мәртебесінен айырылмайды. Отбасылық тектің салты сол – кейіндеу келген адам алғашқысын сыйлауға тиіс. Бұл бәйбіше әрдайым бірінші болып қала береді деген сөз. Тоқал оның орнын баспайды. Оның да өз орны бар. Екінші әйел осыны түсінсе, көп қитұрқылық жойылады. Екінші әйел мұны түсінбесе, өз некесінің түбіне жетеді. Түсіністік болмаса ерте ме, кеш пе бұл отбасы ажырасады. Баламен де сол тәртіп. Бірінші некенің балаларын екінші әйел түсінуі де, сыйлауы да шарт. Тоқалдың баласы олардың алдына түсе алмайды. Азаматын осы тұрғыда жазғыру менмендіктен. Бірінші бала ылғи да бірінші. Қалғандары сол реттілікті сақтайды. Өзінен туған баланы бәйбішенікінен артық көру өз некеңе ор қазу. Бәйбішені сыйлау шарт. Оның балаларын да. Ер азамат қай балаға қанша көңіл бөлуі керектігін өзі шешуі тиіс. Еркекті неғұрлым байлап ұстағысы келсе, оны соғұрлым жылдам үркітіп алады. Ерікті түрде жасалған қарым-қатынас тепе-теңдікті сақтайды. Ер адам екі отбасыға да көңіл бөліп үлгереді.
    Азаматтарға не ақыл айтуға болады? Провокация мен манипуляцияға бой алдырмау керек. Екінші әйелдің біріншісін сыйлауы ғана некені мызғымас етеді. Егер түсінбеушілік болмаса, екінші неке тек уақыт пен төзімнің еншісінде ғана.
    Екінші неке тек біріншінің кемшілігінің салдарынан жүзеге асады. Көбіне екінші неке бірінші бітпей тұрып басталып жатады. Неке ғұмырлы болуы үшін әр адам өз кінәсін мойнына алуы керек. Олардың бақыты тек бәйбіше мен оның балаларының арқасында ғана мүмкін болды. Мұндайды қабылдай білу сыйластыққа созылуы кәдік. Кей адамдарға мұны түсіну өте қиын. Кейде бәйбішелер тоқал туралы сөз қозғағанда аузы бармайтынды айтып, қолы істемейтінді істейді. Содан кейін оны сыйлау қиындай береді. Бұл да қайғыдан екенін ескеру керек. Осы кезде күйеуі мен екінші әйел бәріне бәйбіше өзі кінәлі, біздің кінәміз жоқ деп ойлап қалуы да мүмкін. Осындай адаммен қалай бірге тұруға болады деп ойлайды. Бірақ бұл ой аса қатерлі. Бәйбішеге деген сыйластықты сақтауға тырысу керек. Ерте ме, кеш пе ол есін жияды. Кең болуы керектігін түсінеді. Өзінің де кемшіліксіз еместігін ұғынады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ажырасу ажал емес, бірақ...
  • Әнші Майра Ілиясова күйеуіне тоқал алып берді
  • Ақтөбеде үй өртеніп, бір адам қайтыс болды
  • Қазнет: Тоқал туралы толғаулар
  • Үш әйелі бар азамат: Мен жаңалық ашқаным жоқ!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге