Интернетсіз өткен бір күн

    Интернетсіз өткен бір күн

    Біздің заманды қалтаңдағы ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Оның ішіндегі интернет деген әлем мүлдем бөлек дүние. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін кіретін интернеттің құдіреті шексіз. Ішіне кірсең барлығын табасың. Іздегенің алдыңда, іздемегенің артыңда қалатын болды. Баланың қолынан телефонды алып, интернетсіз өмірді елестете алмайтын болдық. Баланың санасын қалай алдап алуды ұмыттық. «Өзгеден қай жерім кем? Пәленшенің баласында айфон, түгенше де гаджет бар!» деген уәжіне тап боламыз. Баланың ойын кітапқа аударайын десек әлеуметтік желідегі тақырып қызық. Қалта телефонын тартып алуға тырыссақ, балаңды ренжеткің келмейді. Санамызды улаған қалтателефонынсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Тым болмағанда интернетсіз бір күн өмір сүріп көру керек еді. Бұл тек барлық жерде жарық сөніп қалған сәтте ғана орындалатын қиял тәрізді. Жоқ, олай емес екен. Ақтөбенің балалары интернетсіз бір күн өткізді. Телефонды тоғызқұмалаққа, интернетті шахмат пен әдеби кітапқа ауыстырды. Жүздерінде күлкі, араларында достық пайда болды. Ұлдар шебердің құралдарына қызықса, қыздар тоқымамен кітаптың қызығана кіріп кетті. Интернетке байланған баланың бір күндік өмірін интернетсіз өткізуге тырысты. Қолдарынан келеді екен.

    Ақтөбедегі Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Интернетсіз бір күн» акциясы мен «ISMER» ұйымының ашылу салтанаты өтті. Бүгінгі жасты бір күн болса да интернет әлемінен алшақтатуды ойлаған кітапхана қызметкерлері оқушылардың санасын кітап, тоғызқұмалақ, шахмат, шеберлік, тоқыма өнерімен жаулап алуды ойлаған. Олар жастарды аз ғана уақыт ішінде қызықтыра білді. Бәлкім қызықты кітапқа немесе көбісі ойнай білмейтін ойынға деген көзқарасынан болар олардың телефонға деген назары болмады. Ешкім телефонын сұрап әуреге түспеді. Сабақтары енді басталса да қызыушылығы оянған жастар сабақтарынан бөлек кітапханадағы үйірмелерге жазылуды бастап кетті.

    Интернет біздің күндіз-түнгі досымыз болды
    - Қазіргі таңда интернет біздің күндіз-түнгі досымызға айналған уақытта интернетсіз бір күн өткізіп көру біз үшін үлкен бір сын болуы да мүмкін. Сонымен қатар біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білеміз. Ғалымдардың 144 адамдының ішінде 18 бен 33 жас аралығындағыларды зерттеген. Олардың интернетті қолданғанға дейінгі және интернетті қолданғаннан кейінгі жағдайларын қараған кезде олардың жүрек соғысы мен қан қысымы интернетсіз уақытта біршама жоғарылаған екен. Сондықтан интернетсіз өмір сүру балалар мен үлкендердің денсаулығына пайдалы. Өйткені интернет болмаған күні кітап оқимыз, бір-бірімізбен араласамыз. Қоғамның ортасында белсенді өмір сүреміз. Интернетке тәуелділік айналаңдағы адамдардан алшақтата түседі. Кітап оқуды артқа қалдыра беретін боламыз. Дегенмен интернет біздің досымызға айналғанына біраз жылдар болды,-дейді облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Гүлжан Маханова.

    Интернетсіз бір күн біздер үшін пайдалы
    Күннің суығына қарамастан мектеп оқушылары интернетсіз бір күн акциясына өздерінің жігерлі екенін көрсете білді. Олардың жаңа кітапқа таңданыс туғызуы, үйірмелердің атауларына қызыға қарауы интернет әлемінен жалыққандарының белгісіндей. Осы арқылы балаларды интернеттен алшақтатуға болатынына көзіміз жетті. Дегенмен бір баланың ойы далада болса, екіншісі үлкен ой үстінде болды. Бәлкім бір күндік тәжірбие оларға аздық ететін болар.
    - Интернеттен біздің балалар мен жастарымызды бір мезгіл болса да ойын, көңілін басқа нәрсеге бұруды жөн көрдік. Бүгінгі күнге дейін кітапхана жанынан 8 клуб жұмыс жасайтын еді. Енді жаңадан ұлдарға арналған «ISMER» клубы өз жұмысын бастап жатыр. Ер балаларымыз өздерінің бос уақыты интернетке арнамай осындай шеберлік жұмыстарымен айналысса деген ойымыз бар,-дейді кітапхана директоры Гүлжайнар Қалдина.

    «Интернеттің де пайдасы бар»
    Кейде интернеттен дереу бір нәрсе іздеу керек болса «қап», интернеттің жоқтығын қарашы дейсің. Осындай кезде ғана интернеттің сенің өмірің үшін маңызы бар екенін түсінесің. Дегенмен интернеттен өзіңді тежей білуде үлкен ерлік. Заман талабына сай бұрыңғының ержүрек батырын емес, интернетке кірмеген жасты «батыр» деп атайтын болдық. Бір күн болса да интернеттен бастарту үлкен ерлік болып саналады. Керек кезінде интернеттің де тигізетін пайдасы орасан зор. Қажетті ақпаратты дер кезінде ала білу ғажап дүние. Бірақ таңнан кешке дейін интернетте отыру зиян екенін барлығымыз да білеміз.

    «Жастарды шеберлікке шақырамыз»
    - Осындай жаңа бастама арқылы жастарды шеберлік сағаттарына шақырамыз. Ынтасы бар әрбір жастарымыз өзінің құлшынысын арттырып біздің «ISMER» орталығына келуіне болады. Әлеуметтік желіде отыра бермей пайдалы іспен айналысқан дұрыс. Бүгін тым құрығанда бір күн болса да балаларды интернеттен алшақтата алдық деп ойлаймыз. Кітапхана есігі әрдайым ашық. Телефонын артқа тастаған жас бізге қарай асықсын,-дейді егде жастағы ақсақал.

    P.S: Соңғы он жыл ішінде интернеттің санамызды қалай улап жібергенін білмей де қалдық. Үйде бала жыласа жұбату үшін телефонды қолына бере саламыз. Мектеп жасындағы балаңның көңілі тоқ болсыншы деп телефонын бірліксіз қалдырмаймыз. Интернеттен маңызды ақпаратты іздейтін болар деп ойлаймыз. Бірақ балаңыздың бір күн болса да интернетте отырмаған күні болды ма? Әрине, болған жоқ. Сол бір интернет балама үлкен көмегін тигізеді деп өзімізді алдап қоямыз. Негізінде интернеттің сананы қалай улайтынын сіз менен де жақсы білесіз. Біле тұра ешқандай шара қолданып көрмедіңіздер. Бәлкім сіздер де бір күн интернетсіз өмір сүріп көрерсіздер. Бірақ келесі күні бір күн интернетсіз жүремін деп аяқсыз, қолсыз қалғандай болдым деп айтып жүрмеңіз. Осыған не айтатын едіңіз, құрметті оқырман?

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ойылда өмір түнде басталады
  • Әр сыныпқа интернет орнатылады
  • Мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салына ма?
  • Газетке интернет арқылы жазылуға болады
  • Интернетпен “дос” ақсақал
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге