Ақтөбелік ұстаздар сыйлықтан бас тартып жатыр

    Ақтөбелік ұстаздардың «Мен сыйлық алмаймын» деген челленджі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Олар өздері түсірген бейнежазбаны әлеуметтік желіге, ата-аналардың жеке чатына таратып жатыр. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті «Мен сыйлық алмаймын!» деген үндеу жариялады. Қазір облыстағы мектеп, балабақшалардың барлығы әлеуметтік желі арқылы ата-аналарға ақша сұрамайтынын, сыйлық алмайтынын жариялап жатыр.
    - Жалпы конференция кезінде «Мен сыйлық алмаймын» үндеуі жарияланды. Үндеуді мұғалімдер қолдап, ата-аналардың әлеуметтік желідегі чатына жариялап үлгерді. Челленджді бастауға қоғамдық бақылау картасындағы сұрақтар себеп болды. Әлеуметтік желіні қарап отырған кезде жаңа оқу жылында мектепке, мұғалімге ақша жинау туралы арыздар түсті. Көмек беруге біреуінің жағдайы келеді, екіншісі қауқарсыз. Әлеуметтік араздық болмас үшін челлендж өткізуге шешім қабылданды,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, облыстық департаментінің басқармасы басшысы Ербол Толыбаев.
    Айта кетейік, челлендж жаңа оқу жылы мен мұғалімдер күні қарсаңында жоспарлы түрде өткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мектептер мен балабақшалар әлеуметтік желі арқылы сыйлық алуға қарсы екенін білдіре бастады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҰБТ-ға дайындық үшін ақша жинау енді заңсыз болады
  • Ақтөбеде қызметтік көліктерге мекеменің атауы жазыла бастады
  • Жемқорлыққа бейім екі мекеме анықталды
  • Ақтөбе облысының қорғаныс істері департаменті басшысы ұсталды
  • ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ ЖАРИЯЛАНДЫ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге