Ақтөбеде букмекерлік кеңсеге шабуылдағандар сотталды

    Ақтөбеде бірнеше букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты. Сотталушылар күзетшілерді пышақпен қорқытып, травматикалық тапаншамен оқ атқан.

    Оқиға биыл наурыз айында болған. 4 жігіт өзара келісіп, букмекерлік кеңселерге шабуылдамақ болады. Қылмыс жасамас бұрын травматикалық тапаншамен қаруланып, беттеріне медициналық бетпердекиеді. Суық қаруды топ мүшелерінің бірі 4 жыл бұрын Елек өзенінің бойынан тауып алған. Оны Ақтөбедегі пәтерінде сақтап, өзімен бірге заңсыз алып жүріпті. Әуелі олар Шәйкенов көшесіндегі “Іnbet” букмекерлік кеңсесіне барған. Сотталушылардың бірі күзетшіні пышақпен қорқытады. Ал екіншісі кеңсенің қызметтік бөлігіне секіріп өтіп, кассирді итеріп жібереді. Сөйтіп оның әмияндағы 50 мың теңге ақшасы мен букмекерлік кеңсеге тиесілі 120 мың теңгені жымқырады. Соңыра өздерін күтіп тұрған көлікпен бой тасалайды. Осындай жолмен сотталушылар Ломоносов көшесіндегі “Іnbet” және Бөкенбай батыр көшесіндегі “БК Stavka Bet KZ” букмекерлік кеңселерін е шабуыл жасайды. Тіпті ойыншылар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төндіріп, травматикалық тапаншадан жоғарыға оқ атады. Сотталушылар алғашында 107 мың теңгені қолды еткен. Ал екінші жолы жеке кәсіпкерге 118 мың теңге мүліктік залал келтірді. Олар 25 наурыз күні ұсталған.
    -Сотталушылар букмекерлік кеңсеге түнде шабуыл жасаған. Алайда үшінші оқиға кезінде көліктері бұзылып, қолға түсті. Олар қылмысын мойындап, жасаған істеріне өкінді. Жәбірленушілерге келген шығынды да өтеді. Тек әзірге сотталушы Нұрланов қана шығынды өтеген жоқ. Сотталушылар ұсталғаннан кейін букмекерлік кеңселерге жасалған шабуылдар тоқтады,-дейді процессуальдық прокурор Асылхан Сәрсембаев.
    Белгілі болғандай, сотталушылар 21 мен 27 жас аралығында.Үшеуі Шалқар ауданында туған. Біреуі Қызылорда облысының тумасы. Араларында Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының бірінің студенті де бар. № 2 Ақтөбе қалалық сотының үкімімен сотталушылардың әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасағандар сотталды
  • Букмекерлік кеңсе тоналды
  • Букмекерлік кеңсені үптеп кетпек болған ақтөбелік ұсталды
  • Ақтөбеде букмекерлер кеңсесіне шабуыл жасаған адам ұсталды
  • Букмекерлік кеңседе бір адамды атып кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге