Ақтөбеде өрт салдарынан 30-дан аса пәтер тұруға жарамсыз болып қалды

    █ Ақтөбенің қақ ортасындағы көпқабатты үй отқа оранды. Өрт кезінде 1 пәтер түгелдей жанып, 30 баспана зақымдалды. Тұрғындар шығынның мұнша көп болуын үйдің қас бетін әдемілеу үшін жапсырылған декоративті жапсырмалардан көреді.

    Ақтөбенің Әбілқайырхан даңғылындағы № 73 үйден өрт шықты. Қызыл жалын тоғыз қабатты үйдегі № 69 пәтерден басталған. Баспана түгелдей жанып кеткен. Соңыра тілсіз жау жоғары қабатқа көтеріліп, қалған 30 пәтердің балкондары жанған. Өрттің жалпы алаңы -240 шаршы метр. Оқиға орнында арнайы жұмыс тобы құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

    Өрт қалай басталды?
    Тапа –тал түсте басталған өрт тұрғындарды әбден әбігерге салды. Тілсіз жаудан 47 адам құтқарылды. 200 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер келгенше мұндағы 30-дан аса баспана 8 минуттың ішінде тұруға жарамсыз болып қалған. Оқиғаның қайғылы аяқталуы да мүмкін еді. Алайда тұтқиылдан тұтанған қызыл жалынды көшеден кездейсоқ өтіп бара жатқан ақтөбеліктер байқап қалып, дер кезінде көмекке келген.
    - Әбілқайырхан көшесінің бойымен кетіп бара жатқан едім. Апаммен банкке бармақ болғанмын. Жол бойында көпқабатты үйден шығып жатқан қара түтінді байқап қалдым. Көп ойланбастан көлігімді жол бойына тастап, үйге қарай жүгірдім. Бірінші подъезге кірдім. Бірақ қою түтіннен демалу мүмкін мүмкін емес еді. Менің қасымда көмекке келген бірнеше жас жігіт болды. Сыртқа шығып, үстіміздегі футболкаларымызды шешіп алдық. “Анвар” супермаркетінен су алып шықтық. Cоңыра киімдерімізді сулап, мұрнымызға жаптық. Сөйтіп, 7 қабатқа дейін көтерілдім. Қарт әйелді көтеріп алып шықтық. Жоғары қабаттан екі ер адамды алып шықтық. Ауа жіберу үшін подъездердің терезесін сындыруға да тура келді. Ересек адамдардың шыңғырған дауысы шығып жатты. Өйткені кейбір адамдарды сырттарынан кілттеп кеткен екен. Біреулердің бала күтушісі іште қалып қойған. Біз келген кезде өрт сөндірушілер әлі келмеген екен,- дейді Әділет Қанапин.
    Өрт кезінде үйдегі тұрғындар бала-шағаларын қолтықтап, көшеге көйлекшең атып шыққан.
    - Мен 6 қабатта тұрамын. Ас бөлмеге барып, шәйнекпен су алмақ болған едім. Сол кезде өткір иістің шығып жатқанын байқадым. Терезені ашқан кезде ішке қою түтін лап ете қалды. Демалу мүмкін емес еді. Тіпті қосулы тұрған теледидарды сөндірместен далаға қалай атып шыққанымды да байқамай қалдым. Подъезге шығып, “Үй өртеніп жатыр”деп бар дауысыммен айқайладым. Қатты есеңгіреп қалдым. Бізді жас жігіттер есікке қарай бағыттап, шығара бастады. Олардың қайдан келгенін білмеймін. Адамдарды шығару үшін әр есікті қағып жүрді. Терезелердің шытынап, сынып жатқаны естілді,-дейді Валентина есімді зейнеткер.
    Оқиға орнында штаб құрылып, жергілікті билік өрттен зардап шеккендерге ыстық тамақ пен шай ұйымдастырды. Зардап шеккендерді орналастыру үшін қонақүйден 40-тан аса бөлме де дайындалған. Алайда тұрғындар туыстарының үйіне орналасуды жөн көрген.

    Өрт кезінде ерлік көрсеткендер марапатталды
    Ақтөбе әкімдігі өрт кезінде тұрғындарға көмек көрсеткен ақтөбеліктерді марапаттады. Қала әкімі Ілияс Испанов жанып жатқан үйден адамдарды аман алып шыққан 18 жастағы Александр Тимошенко мен 19 жастағы Владимир Калмыковқа 100 мың теңгеден сыйақы табыс етті. Айтуларынша, олар өрт басталған кезде 9 қабатты үйдің қасынанан өтіп бара жатқан екен. Осы кезде қызыл жалынды байқаған кейбіреулер оны видеоға түсіре бастаған көрінеді. Алайда екі дос өздерінің көп ойланбастан, адамдарға көмекке ұмтылғандарын айтады.
    - Біз үйден шығып жатқан қою түтінді көріп, бірден подъезге жүгіріп кірдік. Есіктерді қағып, адамдардың көшеге шығуына көмектестік. Бұл кезде біз ештеңені ойлаған жоқпыз. Бар ойымыз адамдарға көмектесу болды. Тек кейін үйге келгеннен кейін ғана өзім туралы әлеуметтік желіде жазып жатқандарын көрдім. Бұл туралы Ресейдегі таныстарым да біліпті. Тіпті бір адам әлеуметтік желі арқылы мені тауып алып, ағасының қызын құтқарғанымды, менімен кездескісі келетінін айтты,-дейді Андрей Тимощенко.
    Жергілікті билік 19 жастағы Владимир Калмыковқа да өрт кезінде көрсеткен ерлігі үшін құрмет көрсетті.
    - Қанша адамды құтқарғанымыз есімде жоқ. Өйткені қою түтіннің арасынанан ештеңені байқамадық. Біз әр қабатқа жүгіріп, пәтерлердің есігін қақтық. Адамдардың далаға шығуына көмектестік. Сол жерде тұрған ер адамдардың бірі өртті видеоға түсіріп жатқандарға айқайлап жіберді. Содан кейін бірнеше адам тұрғындарға көмектесу үшін подъездерге жүгіріп кірді,-дейді ол.
    Қала әкімдігінің хабарлауынша, өрт кезінде оқиға орнына алғашқы болып жеткендердің арасында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қуантай Баймурзин, Әділ Муфтаков, Нұрболат Сүйеуов, Қанат Жәутіков пен Еркін Отарбаев та бар. Олар еңбек демалысында болған.
    -Біз демалыста болған едік. Менің әріптесім осы үйге қарама-қарсы үйде, Ибатов көшесінде тұрады. Үйден шыққанда ауланы қою түтін басқанын көрдік. Подъезге жүгіріп кіріп, адамдарды қауіпсіз жерге көшіре бастадық. Соңыра өрт сөндіру техникаларын күтіп алып, оларға бағыт-бағдар көрсеттік,-дейді №1 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, капитан Әділ Муфтаков.
    Сондай-ақ өрт кезінде полицейлер Алмат Сарин, Медет Қойтанов пен Арман Құшниязов та ерекше көзге түскен.
    - Арнаулы мекеме қызметкерлері алғыс хатпен және гүлмен, ал қала тұрғындары алғыс хатпен, 100 мың теңге сыйақымен марапатталды,-деп хабарлады қала әкімдігінен.
    Айта кетелік, әлеуметтік желіде өрт сөндірушілер келгенше тұрғындарға бірнеше адамның көмектескені туралы айтылуда. Олардың арасында әзірбайжандық Тагир Гулиевтің, қала тұрғындары Ерлан Қошқарбаевтың, Медеухан Нұровтың аты аталады. Бұған қоса өртенген үйдің тұрғындарының бірі 2 айлық қызын аман алып шыққан балалар дәрігері Рашида Садықоваға алғыс айтуда.

    Қылмыстық іс қозғалды
    Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Оның нақты себебі арнайы сараптама нәтижесінен кейін белгілі болмақ.
    - Оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 204-бабының 2-тармағы, “Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру ” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі тек бір айдан кейін ғана белгілі болады. Тек содан кейін ғана өртке нақты ненің себеп болғаны, шығын көлемі анықталады,-деді Ақтөбе қаласыныңІшкі істер бөлімінің басшысы Бағлан Құрманалин.
    Тұрғындардың басым бөлігі шығынның көп болуын үйдің қас бетін әдемілеу үшін жапсырылған декоративті жапсырмалардан көреді.
    -Бұл пәтерді жақында ғана сатып алған едік. Балаларым тұрады. Өрттің тез таралуына декоративті жапсырмалар әсер етті деп ойлаймын. Өйткені кірпіш бұлай тез жанбайды ғой. Қазір балконды сүріп тастады. Демеушілердің көмегімен қайтадан салатындықтарын айтты. Бірақ тұсқағаздар мен төбелерді ауыстыруға тура келеді. Өйткені бәріне ыстың, түтіннің иісі сіңіп қалған,-дейді зардап шеккендердің бірі Татьяна.
    Алайда қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов әзірге қандай да бір болжам жасауға ерте екендігін айтады.
    - Үйдің қас бетін әдемілеуге арналған декоративті жапсырмаларды 2013 жылы жапсырған. Ол әйнекпластикадан жасалған. Жобаны қала құрылысы кеңесі бекіткен. Біз басқа үйлерді де тексеретін боламыз. Бірақ біз сараптама нәтижесі шыққанша өрттің себебін айта алмаймыз,-деді ол.
    Заң бойынша, тек төтенше жағдай жарияланған кезде ғана үйді мемлекеттік бюджет есебінен қалпына келтіреді. Қуандық Қасымовтың айтуынша, өрттің себебі анықталмағандықтан әзірге ашқандай төтенше жағдай жарияланған жоқ.

    Өрттен зардап шегуші:”Үйдің сыртына қазақстандық туды іліп қойғым келді”
    Көп қабатты үйде болған өрт басқа баспана иелерін де алаңдатып қойды. Өткен жылы тілсіз жау Әбілқайырхан көшесіндегі 80 үйден де шыққан еді. Алайда бір жыл өтсе де, көпқабатты нысанның қас бетіндегі декоративті жапсырма әлі күнге дейін ауыстырылмапты.
    -Біздің үй М. Оспанов пен Әбілқайырхан көшелерінің қиылысында орналасқан. Сол себепті жергілікті билік назар аудармайтын секілді. Өрт шыққан 9 қабатты үйді бір түннің ішінде бояп, қалпына келтірді. Ал біздің үйдің сол күйі тұрғанына бір жыл болды. Өрттің себебі де нақты анықталған жоқ. Тек темекі тұқылынан болған деген болжамдар айтылды. Балконым, салқындатқышым түгелдей өртеніп кетті. Жоғары қабаттағы көршімнің терезесі де сынып қалды. Барлық жөндеу жұмыстарына 1000 АҚШ долларындай қаржы жұмсадым. Биыл жазда әкімдік декоративті жапсырмаларды ауыстырамыз деген еді. Бірақ әлі күнге дейін ештеңе өзгерген жоқ. Енді болмағанда үйдің сыртына қазақстандық туды іліп қойғым келген. Барлығына декоративті жапсырмалар кінәлі. Егер олар болмағанда, бір ғана пәтер өрт енген болар еді.Осыдан біраз жыл бұрын Мир бизнес орталығының қасында бес қабатты үй өртенді. Ол кезде үйлердің сыртына декоративті жапсырмалар жапсырылған жоқ. Сол кезде тек бір ғана пәтер өртенген,-дейді №27 пәтердің тұрғыны Гүлнар Жұбанышева.

    Тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр
    Қазіргі таңда өрттен кейін баспанасы бүлінген тұрғындардың кейбірі пәтерлеріне орала бастады. Олар баспаналарын күлге айналған мүліктерінен тазартып, жинастырып жатыр. Құрылыс компанияларының көмегімен пәтерлердің жарамсыз күйге түскен есік-терезелері де жаңадан салынуда. Қызыл жалын жалмаған көпқабатты үйдің қас беті де бір түн ішінде қалпына келтірілді. Өрттен зардап шеккендерге “Қолғанат Ақтөбе” қоғамдық қорынан көмек көрсетілмек.Бұл үшін арнайы есепшот ашылып, қаражат жиналуда. Жергілікті билік ақтөбеліктерді алаяқтарға алданып қалмауға шақырады. Баспанасы өрттен зардап шеккендерге көмектесемін деушілер қаржыны төмендегі есепшотқа аударуы тиіс:

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сарбаздар жеке үйден шыққан өртті сөндіруге көмектесті
  • Ақтөбеде үй өртеніп, бір адам қайтыс болды
  • Көп қабатты үйдегі өрттен екі адам зардап шекті
  • Ақтөбеде көпқабатты үйде шыққан өрттен 4 сәбиге иіс тиді
  • Ақтөбеде көп қабатты үйде шыққан өрттен 4 сәби уланып қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге