Ақтөбеде ағылшын тілін тегін үйретеді

    Ақтөбеде ағылшын тілін тегін үйретеді

    █ Ақтөбелік жастарға ағылшын тілі тегін үйретіле бастады. Қазірдің өзінде аз қамтылған отбасынан шыққан және жұмысы жоқ 150 жас тіл меңгеріп жатыр.

    Қалалық жастар ресурстық орталығы ағылшын тілін оқытуға арналған үш айлық тегін курстар өткізіп жатыр. Тегін курстар туралы естіп хабарласқандар көп болыпты. Бірден 500 адамнан өтініш түскен.
    - Тегін болғаннан кейін барлығы қатысқысы келеді екен. Балаларды жасына қарай, оқыту тіліне қарай 4 мектепке бөлдік. №21, 24 мектептерде қазақша, № 23 және 9 мектептерде орысша оқытылып жатыр. Курстан өткісі келетіндер біздің орталыққа келіп тіркеліп, арыз жазады. Курс аяқталғаннан кейін қолдарына сертификат беріледі,- дейді қалалық жастар ресурстық орталық директоры Жандос Табылғанов.
    Ағылшын тілін тегін оқытуға 10 шақты пән мұғалімі атсалысып жатыр. Ресурстық орталық оларға бір реттік сыйақы тағайындаған. Курстың алғашқы легі қыркүйекте басталды. Келесі топтың сабағы желтоқсан айында басталмақ. Тіркелуге уақыт бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл молдаларын оқытатын курс басталды
  • Алғаш рет ағылшын тілінде бизнес - тренинг өтті
  • Темір ауданында тегін оқулыққа қолы жетпей жүргендер бар
  • Бірінші сыныптың білімі балдық жүйемен бағаланады
  • Колледжде ресурстық орталық ашылады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге