Ақтөбе облысында жарамсыз суармалы жерлер қалпына келтіріледі

    █ Ақтөбе облысында 15 662 гектар суармалы жер қалпына келтіріледі. Бұл үшін республикадан 7 млр 200 млн теңге ақша бөлінген. Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінен қарыз тарту арқылы қаржыландырылмақ.

    Өңірде суармалы жерлерді ұлғайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биылдан бастап 15 662 гектар суармалы жер қалпына келтіріледі. Қазір 5 мердігер компания 15 су нысанында жұмыс жасап жатыр.Бұл жоба 5 ауданда жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Ақтөбе облысында суармалы алқаптардың аумағын ұлғайту үшін 10 жаңа су қоймасы салынады.
    -Биыл облыста 21,5 мың гектар суармалы жерге дәнді дақыл егілді. Ал келесі жылы қолданыстағы суармалы жер 8,9 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Осылайша 2021 жылға суармалы жер алқабын 40 мың га жеткізу жоспарланып отыр. Бұдан өзге өңірде жаңадан 10 су қоймасы салынады. Бұл тағы 30 мың гектардан астам жерді суаруға мүмкіндік береді. Шаруа қожалықтары егін салу кезінде жаңа технологияларды пайдаланады. Сәйкесінше , алатын өнім де мол болады. Қазір “картоптың 1 гектарынан 250 центнер өнім алдық” деп мақтанышпен айтады. Бұл нәтиже емес. Өткен жылы “Актеп” компаниясы Қарғалыда “Бизнестің жол картасы” бағдарламасы бойынша 640 гектар жерге егін екті. Биыл әр гектарынан 400 центнерден өнім алды. Яғни , суармалы жерлердің пайдасы өте көп, -дейді “Қазсушар” РМК Ақтөбе бөлімшесінің директоры Бекзат Нәметов.
    Бұған қоса “Сазды”, “Ақтөбе” және “Қарғалы” су қоймаларын қайта жаңғыртып, сыйымдылығын арттыру жұмыстары жүріп жатыр.
    - Суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары 5 ауданда жүргізіледі. Мәселен, қала маңындағы Благодар, Сазды, Қурайлы елді мекендерінде 2000 гектардан астам жер тұрақты суару жүйесіне қосылады. Бұл жұмыстар Хромтау, Қарғалы, Алға мен Ойыл аудандарынджа да жүріп жатыр. Ал Сазды өзенін Ақтөбе су қоймасымен жалғастыратын су желісінің құрылысы облыс орталығындағы жасыл желектерді күту үшін пайдаланылмақ. Бұл мақсатқа 1 млрд 361 млн теңге қарастырылған,-дейді Бекзат Нәметов.
    Жалпы өңірде 3 ірі су қоймасы мен 140-тан астам тоған бар. Қазір көбінің паспорты дайындалып, түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың пайымдауынша, суармалы жерлерді айналымға енгізу ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің арттырады. Сондай-ақ аймақтағы 8 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасамақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дәстүрлі емес шаруашылықтар дамуы керек
  • Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды
  • Қобданың күйі жақсы
  • Ақтөбе облысында алғаш рет нут асбұршағы егіледі
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге