саудасы сәтті, ал Самса тәтті ме?

    саудасы сәтті, ал Самса тәтті ме?

    █ Жол бойын қаптаған дүңгіршектерден алатынымыз ұйғырдың атақты самсасы мен ыстық бәліштер. Бірақ оның қаншалықты талапқа сай екенін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Бүгінде көше бойын қаптаған дүңгіршек саудасының сәні бар ма? Қарнымыз шұрылдағанда 150 теңгенің самсасына асқазанды тойдырғанымызға мәз боламыз. Ішіндегі ненің еті? Сатушының бұл өнімдерді сатуға құжаттары бар ма? Осы туралы ойламадық. Дүңгіршек сатушының міндеті қолдан жасаған тамағын сату. Тұтынушының міндеті еңбекті ақтап алу. Осыған орай әлеуметтік желіде тараған базарларда бірқатар өнімдерді сатуға тыйым салынды деген ақпаратқа көзіміз түсті. Бір ғана облысты көрсетіп жазбаған, Қазақстанда сатуға тыйым салынады дейді. Әзірге қаншалықты рас екені белгісіз. Дегенмен осы арқылы дүңгіршек саудасы тоқтап қалады деген сөз емес.

    Ақтөбедегі орталық базардың бір ғана шетінде бес-алтауы қатарынан орналасқан самса сататын дүңгіршектерді көзіміз шалады. Сыртынан қарасаң қарапайым ғана самса сататын орын. Қасына жақындасаң ыстық самсаның иесі мұрынды жарады. Әрине, қалтаңдағы соңғы тиынды санасаң да 150 теңге ге жеткізуге тырысасың. Әсіресе күздің суық күндері самса мен бәліш сатушыларының саудасы қызатын сәт. Сыртына ілінген самсаның мәзірі дегенге бірден көзің түседі. Іші ет пен картоп, ірімшік, тіптен бағасы сәл қымбаттау ұйғыр самсасын да осындай орындардан табамыз. Ал, дүкендердегі пирожки мен бәліштерді пісіретін кім? Тұтынушылар қалай қорықпай алады деген сұрақ мазаламай қоймайды. Дегенмен осындай өнімдерді сатып алудан қашықтау жүргеніміз дұрыс.

    «Жаңа талаптар енгізілді»
    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Азық-түлік өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы нысандарына арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың» жаңа ережесін бекітті. Аталмыш талаптарда сауда орындарында сатылмайтын өнімдердің тізімі жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлаған еді. Енді отандық фермерлер өз аулаларында сүт, ірімшік және басқа да сүт өнімдерін сата алмайды. Сатуға тыйым салынған өнімдердің ішінде үйде консервіленген қияр, қызанақ және саңырауқұлақтар да бар.

    «Үйде жасалынатын ұн өнімдеріне тыйым салынды»
    - Бізде азаматтардың немесе жеке қосалқы шаруашылық үйлерінде дайындалған консервіленген өнеркәсіптік емес, герметикалық орауышпен оралған өнімдерге тыйым салынды. Олардың ішінде аспаздық, ет, ұн өнімдері мен балық өнімдері. Яғни, үйде дайындалған өнімдер, жаңа және консервіленген өнеркәсіптік емес саңырауқұлақтар, пастерленбеген сүтті ірімшік, сүт өнімдерінің барлығын сауда нүктелерінде сатуға тыйым салынды,-деді республика бойынша хабарлаған мәлімдемесінде Қостанай облысының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Наталья Гасценбеллер.
    Сонымен бірге көшелер мен базарларда үй жануарларын және құстарды да сатуға тыйым салынды. Санитар дәрігерлер сауда нүктелерін жаңа санкциялар бойынша тек тұтынушылардың шағымдары бойынша немесе жоспарланбаған бақылау әдісі және кездейсоқ сауда жасау арқылы тексеретіндерін айтты. Бірақ, құқық бұзушылық анықталса жазалау функциялары қарастырмайды. Бұл міндеттемелер жергілікті полиция қызметіне жүктеледі.

    «Студенттер ұн өнімдерін сұрайды»
    Университетте орналасқан дүңгіршек сатушысының айтуы бойынша күнде пісіретін ұн өнімдерін студенттер ештеңесін қалдырмай сатып алатын көрінеді.
    - Дүкеннің дайын өнімдерінен қарағанда студенттердің көбісі менің қолдан жасаған самсам мен пирожкиімді сұрайды. Бір күн дайындамай келсем кейбір студенттердің ренжіп қалатыны бар. Сондықтан күнделікті кешкісін еріншектікті қойып осындай өнімдерді жасаймын. Себебі сұранысы жоғары. Әрине, ақшасы жасаған еңбегіне тұрмайды. Дегенмен студенттердің өтініші бойынша жасап жүрмін. Бәрі мақтап жатады. Апа, сіздің самсаңыз басқасынан қарағанда ерекше деген сөзді естісем риза болып қаламын. Тәтті бөлкейлердің 2-3 түрін пісіріп әкелемін. Сонымен бірге ұйғыр самсасын пісіремін. Жүзден асырып пісіремін. Соның бірі де қалмайды. Әрбір келген студент міндетті түрде «апа, самса бересіз бе?» деп сызылып тұрады. Кейбір үлкен апа-ағалар бар. «Айналайын, самсаның ішіне не қосасың?» деп сұрап алады. Әрине, сұраған дұрыс. Өздері де сенімді болып жүреді. Бұрындары еститінмін көше самсалары иттің етінен жасалады екен деген сөзді. Бәлкім рас айтатын болар. Дегенмен өз басым дүкеннің фаршынан жасаймын. Оған картобыммен жуамды қосып жасаймын. Осы күнге дейін ешкім шағым жасамады. Алдағы күндерде де жасамайтын болады. Бастысы тұтынушыларымның көңілінен шығады. Саудамда өтіп тұр,-дейді дүңгіршек иесі.

    «Дүкендегі хотдогтан уланып қалдым»
    - Университет жанындағы «Ақбала» деген дүкеннен қолдан жасалған хотдог аламын деп уланып қалғаным бар. Күйген ауыз үрлеп ішеді дегеннен кейін қолдан жасалған өнімдерді алуға қорқатын болдым. Түріне қызығып алуға болмайды екен. Жеп отырып жұмыртқасының ашып кеткенін білдім. Бірден дүкеннің сатушысына апарып бердім. Ол айқай шығарып бастағанымен өзі жеп көруден бас тартты. Дереу ақшамды қайтарып бере салды. Менде әріге бармадым. Шатаспасам бағасы 150 теңге тұрады. Қолдан жасалғасын бірден түсінуге болады. Оны дүкенге қойдырған таныстары болуы керек. Себебі ондай өнімдерді дүкендерге басқа ешкім әкелмейді ғой. Сол оқиғадан кейін майға пісірілген, қолдан жасалған өнімдерді алмауға тырысамын,-дейді студент Салтанат Садуақасова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Орталық базарды жабайы сауда жайлап барады
  • Азық-түлік қымбаттайды
  • Тұтқындағы депутатқа тиесілі 644 көлікке тыйым салынды
  • Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкіне тыйым салынды
  • Кедендік Одақ аясында насыбай мен темекіге тыйым салынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге