Балалар жекенің қолына өтпесін!

    Ақтөбеде ата-аналар мемлекеттік балабақшалардың жекеге өтуіне қарсылық білдіріп, қалалық әкімдіктің алдына жиналды. Шенеуніктер биылдыққа 9 балабақшаны жекеге өткізіп жіберген. Алдағы уақытта тағы 10 мектепке дейінгі мекеме кәсіпкерлердің қарамағына кетуі тиіс. Алайда ата-аналардың қаһарынан қаймыққан билік өкілдері олардың тізімін әзірге жарияламай отыр.

    “Балабақшалар жекенің қолына өткелі жатыр” деген хабарды естіп, мазасы қашқан ата-аналар әуелі қалалық білім бөліміне барады. Ашынған тұрғындар басшысы жоқ мекемеден тұщымды жауап ала алмай, әкімдікке барып, жанайқайларын тыңдауды талап етті. Алдымен көшеде, кейін дәлізде сағаттап күткені аздай, жауап алу үшін мәжіліс залында да сарыла күтуге мәжбүр болды. Әкімдіктегі шаруашылық жөніндегі қызметтен біреу келіп “Бәріңіздің атынан бір кісі ғана шығып сөйлесін” деп “билік” айтып кетті. Араға біраз уақыт салып қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова төбе көрсетті. Шенеуніктердің халық алдына келуінен кетуі тез. Өзін таныстырмастан жүздесуді бастап кеткен Айдарханова ханымға қойылған алғашқы сауал мынадай болды.
    - Мемлекеттік балабақшалардың жекеге өтпеуін сұраймыз. Біздің балаларымыздың болашағы кімнің қолына өткелі жатыр? Бүгін тек ата-аналар комитетінің мүшелері жиналып отырмыз. Балабақшалардың жекеге өтуіне қарсы 700 ата-ананың қолы бар. Бізді қазір тыңдамасаңыз, келесі жолы 700 ата-ананың бәрі алдыңызға келеді,- деді Ақерке Құдайбергенова.
    Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, жекенің қолына күрделі жөндеуді қажетсініп тұрған балабақшалар кетеді екен. Оның сөзінше жыл басынан бері кәсіпкерлер өздерінің қарамағына өткен бөбекжайларға 300 млн теңге қаражат құйған. Айдарханованың бұл сөзіне сенбеген ата-аналар балабақшаларды жайына қалдыруды сұрады. Себебі жеке балабақшаларда тәрбиешілердің білімі мен тәжірибесі сын көтермейді. Әрі онда мемлекеттік балабақшадағыдай екі емес, бір ғана тәрбиеші жұмыс жасайды. Ал көмекші күтуші сәбилердің өміріне еш жауап бермейді. Ашынған аналар жеке балабақшадағы былықтар жайлы бірінен соң бірі жайып салды.

    - "Бұл "Бәйтерек" балабақшасында болған жағдай. Топтың іші бесінші күннен яғни жұмадан бері жиналмаған. Меңгерушіге барып, топ бөлмесінің тазартылмағанын ескерттім. Сол күйінде екінші күні балаларды қабылдады. Төртінші күні балам іші кетіп ауырып қалды. Жұма күні улану диагнозымен инфекциялық ауруханаға түстік. Бізден кейін де бірнеше бала ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта меңгеруші "балабақшаға қояр талабым жоқ" деген арыз жазуымды сұрап отыр. Мұндай жауапсыздықтың орын алу себебі неде?", - деді ата-ана Альбина Оразғалиева.
    - "Кешкілік баланы алуға барғанда, топ кілттеулі тұрады. Бала күтуші тәрбиешінің жоқ екенін солай жасырып отырады. Бала күтушісі тәрбиешіні алмастыра алмайды. Сондықтан біз балалардың өміріне бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз", - дейді ата-аналар. –Дайын тұрғын мемлекеттік мекемелерді неге кәсіпкерлерге беру керек? Кәсіп ашқысы келеді екен, қала сыртындағы аудандардан неге ашпайды? Біздің балаларымыз неге бизнес көзіне айналуы керек? Балабақшалардың сыртқы және ішкі көріністеріне еш шағым жоқ. Көбі жөндеуден өткен. Тамақ беру де, балаға қарап күтуі де бізді қанағаттандырады. Балабақшамызды бұрынғысынша қалдырыңдар, жекеге бермеңдер!
    - "Мен бұл жағдайды бірінші рет естіп тұрмын. Тәрбиешінің топта болмауы, кешігіп келуіне қатысты бізге осыған дейін шағым түскен жоқ. Міндетті түрде қарайтын боламыз. Сіздер көбене шағымда Instagram желісіне анонимді қалдырасыздар. Ондай шағымдарды біз қарай алмаймыз. Бұл мәселелерді міндетті түрде назарға аламыз", - деді қала әкімінің орынбасары Күлбаршын Айдарханова.
    Осылай деген Күлпаршын Айдарханова балабақшалардың жекеге өтетіні жайлы жарытып ештеңе айтпады. Тек алдағы уақытта 10 балабақшаның жекеге өтетінін мәлімдеді. Осыған дейін 9 балабақша кәсіпкерлердің иелігіне берілген.
    - Қазір айтып отырған мәселенің бәрін арыз жазып қалдырып кетіңіздер. Телефон нөмірін көрсетіңіздер. Жауап беру үшін біз сіздерді шақыратын боламыз,- деді Айдарханова. Ата-аналардың “Қашан жауап бересіздер?” деген сауалы жауапсыз қалды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Сиырлар сотталсын!”
  • Жеке балабақшалар тексерілетін болады
  • Ақтөбелік бес балабақша жекеге өтуі мүмкін
  • Ақтөбелік балабақшада балалар бүргеге таланды
  • Биыл 20-дан астам балабақша ашылады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге