"Даму" алда келеді

    "Даму" алда келеді

    Ақтөбедегі ЖОО жаңа технологияларды енгізу арқылы шығындарын 40 пайызға үнемдейтін болды.

    Энергия үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы Қазақ-Орыс Халықаралық университеті жылумен қамтамасыз ету шығындарын 40 пайызға үнемдейтін болды. Бұл жоба БҰҰДБ бағдарламасы шеңберінде асырылып отыр.
    Қазақ-Орыс Халықаралық университеті автоматты жылу пунктін орнатумен жылыту жүйесін жаңғыртуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру жоғары оқу орнына жылумен қамтамасыз ету шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаны мемлекет «Төмен көміртекті даму үшін Тұрақты қалалар» атты БҰҰДБ бағдарламасы шеңберінде колдап, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы қолдады.
    Субсидиялау шарты "Даму" Қорының филиалы мен "Ақтөбе акваториясы"ЖШС арасында жасалған. Жоба жоғары оқу орнында жылу пунктін орнатуды көздейді, осы мақсатта кәсіпорын банк арқылы 3,8 млн теңге құрайтын несие ресімдеді. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 14% құрады, оның 10% - ын "Даму" Қоры субсидиялайды, ал 4% - ын кәсіпкер төлейді.

    "Даму" алда келеді

    "Төмен көміртекті даму үшін Тұрақты қалалар" бағдарламасы энергия үнемдеуші технологияларды енгізуді ынталандыруға бағытталған. Бағдарламаның қатысушылары энергия үнемдеу іс-шараларын әзірлеу және іске асыру бойынша қызметтер көрсететін энергия сервистік компаниялар (ЭСК) бола алады. "Даму" Қоры бағдарламаның операторы болып табылады және қатысушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асырады. Субсидиялау үшін жаһандық экологиялық қор қаржыландыратын БҰҰ Даму бағдарламасының гранттары пайдаланылады.
    Энергия сервистік келісімшарт қағидасына сәйкес, тапсырыс беруші коммуналдық шығындарды төмендетуде үнемделген қаражат есебінен ЭСК қызметтерін төлейді. Бұл қосымша шығынсыз энергия жаңартуды жүргізуге мүмкіндік береді, ал ЭСК қызметі толық төленгеннен кейін коммуналдық шығындарды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өз бизнесіңді ашуға мүмкіндік бар
  • Ақтөбеде энергия үнемдейтін шамдар орнатылып жатыр
  • Жылу желілерін жаңартуға 3 млрд теңге жұмсалады
  • Ақтөбенің жылу желілерін жаңартуға 3 млрд теңге жұмсалады
  • Кәсіпкерлер назарына!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге