«Баламызды үкімет үшін тудық»

    «Баламызды үкімет үшін тудық»

    Ақтөбеде облыстық әкімдіктің алдына 50 шақты көп балалы аналар жиналды. «Баламызды үкімет үшін тудық» деп ашына сөйлеген аналардың басты өтініші баспана болып тұр.

    Үш баласының анасы Махаббат Сегізбаева - үкіметтен көмек сұрап келген жандардың бірі. Үлкен ұлы мүгедек екенін айтып, мұңын шақты. Жеке үйі жоқ екенін алға тартып, баспаналы болсам екен дейді.
    - Үш балам бар, үлкен ұлым мүгедек. Үй кезегіне тұрдым, бірақ әлі бермей жатыр. Қазір пәтер жалдап тұрамын. Пәтерақыға ай сайын 30 мың төлеймін. Мен жалға берілетін баспана сұраймын. Несиемді жауып берсе екен деймін. Балаларымның үлкені 6 жаста, кішкентайы 2,5 жаста. Мүгедек балам әлі сөйлемейді, биыл мектепке баратын уақыты. Маған логопедті өзіңнің ақшаңа жалда дейді. Ал оған алып отырған мүгедектік зейнетақысы ай сайын пәтерақыға, тамаққа кетіп отыр. Ақылы логопедке сағатына 4-5 мың төлеу қажет. Ал балама аптасына 3 рет логопедке баруы керек. Жолдасым құрылыста істейді, тұрақты табыс жоқ, өзім үйде баламен отырамын, - дейді Махаббат Сегізбаева.
    Әкімдікке ақпан айынан бері келіп жүрген аналар өздерінің мәселесі әлі шешілмегенін айтады.
    - Әкімдікке ақпан айынан бастап келіп жүрміз. Ешқандай да көмек жоқ, арқамыздан қағып шығарып салады. Осы жерде жиналған барлық аналардың арманы – бас-пана. Бәріміздің басымызда несие бар, қалай үй ала аламыз? Несиеміз жабылмаса, үй берілмейді, Ал егер несиеміз жабылмаса, қаңғып жүреміз бе? Біз баланы үкімет үшін тудық. Атаулы әлеуметтік көмек айына 127 мың аламын, бірақ ол жетпейді. Үйімде газ, су жоқ. Мұның алдында газ кіргізуге көмек сұраған болатынмын, онымен ешқандай хабар жоқ. Балаларымның ең кішкентайы 2,5 жаста. Қазір тек жәрдемақымен отырмыз,-дейді 5 баланың анасы Миуа Бекбосынова.
    Әкімдіктің алдында жиналған аналардың ішіндегі Гүлзинат Әуезова ІІ топтағы мүгедек жан. Ол үкіметтен төленетін жәрдемақыны толығымен дәріге жұмсайтынын айтып отыр.
    – Өзім ІІ топтағы мүгедекпін, қызым да мүгедек. Жалдамалы пәтерде тұрамын, 4 балам бар. Атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы және мүгедектік зейнетақы аламын. Онымен зейнетақыны санап, солайымен дәрі алуға жұмсаймын. Өйткені қызым екеуміз тек дәрі мен екпенің күшімен отырмыз. Атаулы әлеуметтік көмектен берілетін ақшаны несие төлеуге жіберіп отырамыз. Жолдасым басқа елдің азаматы, сондықтан тұрақты жұмысқа кіре алмай жүр. Осы отырғанда ақшамыз күнделікті тамаққа жетпей қалады,-дейді ол.
    Жиналған аналар қауымы әкімдікке мұның алдында келгендерін айтады.
    - Шаруаңыз бір айда шешіледі деп уәде берді. Үй және несие мәселесін шешіп береміз дегеніне қанша уақыт болды, әлі нәтижесіз,-дейді ашынған аналар.
    Талабымыз – баспана деп жүрген көп балалы аналардың дені көбі жұмыссыз. Кейбіреулерінің жолдастары тұрақты жұмыс істемейді.
    - Талабым – үй. Өзім ІІ топтағы мүгедекпін. Жолдасымның атында несие бар, ол ауырып қалғасын төлей алмай отырмыз. Маған жолдасың бар деп айта береді, сонда әкімдіктен үй алу үшін жолдасымнан айырылуым керек пе? Арызымызды алып қалып, арқамыздан қағып шығарып салады,-дейді Меңдігүл Байниязова.
    Ақтөбе облысының әкімдігіне арнайы келген көп балалы аналар өкінішке орай облыс әкімімен жүздесе алмады. Баспана сұрап жүрген аналардың сұрағына қала әкімі Мавр Абдуллин жауап берді.
    - Қалалық әкімдік ұлттық банк өкілдерімен бірлесе отырып, сіздерді арнайы қабылдайды. Сіздерге үй мәселесі бойынша толық мәлімет береді. Жеке қабылдауға келсеңіздер, осы жерде айтылған әрбір жеке сұрақтарыңыз қаралатын болады. Екінші мәселе - несие мәселесі. Жарлыққа қол қойылды, кімге қандай жағдайда өтелетіні жөнінде ережесі бекітілуі керек. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша қазір жарлыққа қол қойылғанымен, ережесін күтіп отырмыз. Бізге қолымызға ережесі түссе, содан бастап сіздермен жұмыс атқарамыз, -деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдллин.

    Көп балалы аналардың сұрақтарына Ұлттық банктің Ақтөбе облысы бойынша филиалының орынбасары жауап берді. Ол жиналған аналарға Президенттің жаңадан шыққан қаулысын таныстырды.
    - Көп балалылардың несиесін жабу үшін 300 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Бірақ бұл шешім әлі нақтыланбады. Әзірге жоба ретінде қаралып жатыр. Егер мақұлданып жатса, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі көп балалы аналардың тізімін жасайды. Оның ішінде жағдайы төмен отбасылардың несиесін жабуға жағдай жасайтын болады, - дейді Ұлттық банктің Ақтөбе облысы бойынша филиалының орынбасары Нағима Умерзакова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көпбалалы аналар көмек сұрайды
  • Ақтөбеде үш балалы келіншекті күйеуі үйінен қуып шықты
  • Ақтөбеде көп балалы аналар марапатталды
  • Екі мүгедек баласы бар отбасы көмек сұрайды
  • 14 баланың анасы биліктен көңілі қалғанын айтты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге