Мемлекеттік қызметшілердің қатары толықты

    Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Дәстүрлі шара 23 маусым – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында өткізілді.

    22 маусым күні қалалық әкімдікте қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті. Ақтөбе қаласы әкімдігі персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Салтанат Баекенованың айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес жүргізіледі.

    - Мемлекеттік қызметке қабылдау заңға сәйкес, конкурстық негізде жүргізіледі. Бос лауазым орны болған кезде біз облыстық “Ақтөбе” және “Актюбинский вестник” газеттеріне хабарландыру жариялаймыз. Онда конкурстың талаптары мен шарттары толықтай көрсетіледі. Болашақ қызметкер сол бойынша құжат тапсырады. Бастысы, үміткердің қолында жоғарғы және арнаулы кәсіби оқу орнын бітіргендігі жөнінде дипломы болуы қажет. Яғни, конкурсқа қатысушы үміткерлер алдымен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде тестілеуден өтеді.Арнайы сертификатқа ие болған маман хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 10 күн ішінде құжаттарын тапсыруы тиіс. Конкурстық комиссияның мүшелері әңгімелесу қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтайды,- деді Салтанат Баекенова.

    Оның айтуынша, антты міндетті арнайы тексеруден өткен қызметшілер ғана қабылдайды. Түрлі органдардың тескеруінен сүрінбей өткен төрт жас қызметкер мереке қарсаңында ант қабылдады. Олар енді қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ, Благодар ауылдық округінің аппаратында қызмет етпек.
    Мемлекеттік қызметке тағайындалғандардың қатарында 22 жастағы Нұргүл Қыдырғали да бар.
    - 2010 жылы Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін құрылысшы мамандығы бойынша бітіргенмін. Студенттерге оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу оңай емес. Содан бері түрлі салада еңбек еттім. Жуырда алты заңнан тест тапсырып, әңгімелесуден де мүдірмей өттім. Мемлекеттік қызметші болу үшін алдымен жауапкершілік болуы керек деп есептеймін. Сондықтан халық алдында адал қызмет етуге ант бергендіктен, жұмысымды абыроймен атқаруға тырысамын,-дейді ол.

    Ал Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің түлегі Алтынбек Мұзар бұған дейін де бір рет мемлекеттік қызметке талаптанып көргенін айтады. Алайда, дайындығы аз болғандықтан, сынақтан өте алмаған. Бұл жолы Алтынбектің жолы болды.
    - Тарих факультетінің түлегімін. Бұрын Ембі қаласында жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша жұмыс істегенмін.Бұған дейін де бір рет тест тапсырып көрдім.Алайда, дайындығым аз болғандықтан, бағым жанбады. Екінші рет тест тапсырғанда, алдын-ала дайындалған сұрақтарымның көпшілігі кездесті. Қалалық ішкі саясат бөлімінде бас маман болып жұмысқа тұрдым,-дейді Алтынбек Оралбекұлы.
    Шара барысында қала әкімі аппаратының басшысы Жолдас Оразаев жас мамандарды құттықтап, оларға кәсіби біліктілік пен табысты еңбек тіледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тәртіптік кеңес: “Шалқар чики-чики” деген шенеунік қызметіне толықтай сәйкес емес
  • Қаржылық бақылау инспекциясының басшыларына үкім шықты
  • ҰБТ-ның басты төрт жаңалығы
  • Ветеринарлық станция басшысы жұмыстан шығарылды
  • Қурайлының тұрғындарына екпе туралы айтылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге