Қарғалыда спорт мектебі ашылды

    Қарғалыда спорт мектебі ашылды

    Қарғалы елдімекенінде балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жаңа мектептің жалпы ауданы 4 468,4 шаршы метр.

    Жаңа типтегі спорт кешені Қарғалының Сәтпаев көшесінің бойында. 11 шілде күні спорт мектебінің ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен қала әкімі Ерхан Омаров та келді.

    -Бүгін пайдалануға берілгелі тұрған спорт мектебінде дені сау, рухы таза, патриоттық сезімі мол, еліміздің көк байрағын биіктетер спортшылар шығатынына сенімім мол,-деді Архимед Мұхамбетов.

    Облыс әкімінің айтуынша, Батыс-2 ауданындағы “Достық” суға жүзу кешені қасынан жекпе-жек спорт мектебін ашу да жоспарға енгізілген.

    Мемлекетіміздің стретегиялық бағыттарының бірі - бұқаралық спорт түрін дамыту. Ол үшін Ақтөбе облысында да игілікті шаралар атқарылып жатыр. Дәл осындай орталықтар бір айдың көлемінде Алға және Шалқар қалаларында да ашылады. Аталмыш екі аудандағы құрылыс 90 пайызға дайын.

    Ал алдағы бір-екі жылдықта құны 2 млрд болатын облыстық спорт мектебінің құрылысы бас-талады. Оған жеке кәсіпкерлер көмегін беріп жатыр. Облыстық спорт мектебі 2,5 мың адамға лайықталып салынбақшы.

    Қарғалыдағы жаңадан бой көтерген мектеп құрылысын бір жыл ішінде “Алихан Ойл-3” мекемесі аяқтады. Мұнда үш спорт залы, сауна, бассейн, балалар тынығатын бөлме мен медициналық кабинет бар. Күрес залына екі кілем төселген. Жалпы ауданы - 447 шаршы метр. Күрес залында күніне 10 топ, яғни, 200 оқушы жаттыға алады.

    Ойын залының аумағы - 612 шаршы метр. Бірнеше спорт түрінен оқу жаттығу сабақтары өткізіледі. Мұнда 5 топ, күніне 100 оқушы жаттығады.

    Тренажер залы 158 шаршы метр аумақты қамтиды. Мұнда ауыр атлетикаға арналған құрал, бұлшықеттерді қатайтуға арналған қондырғылармен қамтамасыз етілген. Балалар мен жасөспірімдердің жаттығудан кейін сауна мен бассейнге барып тынығуларына мүмкіндік бар.

    Қарғалыда балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі бұрыннан да бар болатын. 1980-1981 оқу жылында ашылған ескі мектептің аумағы 200 шаршы метр болатын. Шағын ғана ғимарат облыс, республика құрама командаларына мүше танымал спортшыларды тәрбиелеп шығарды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асхат Құдайбергенов пен Әсет Әділовті Қарғалы мектебі мақтаныш тұтады. Жаңа мектеп чемпиондар санын көбейте түседі деген үміт бар.

    Қазіргі таңда облыста 1837 денешынықтыру ұжымы бар. Онда барлығы 213 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде веложарыс өтеді
  • Шаңғышылар жарысы өтті
  • Кроссфиттен жарыс өтті
  • Қазақстанда биыл жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 4 мыңнан аса пәтер беріледі
  • Ақтөбеде жаңа ойын-сауда орталығы ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге