Құрылысқа жұмысшылар қажет

    Құрылысқа жұмысшылар қажет

    Дүйсенбі күні, 13 шілдеде Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңке тек құрылысқа қажетті мамандарды іздеді.

    Жәрмеңкеге небары 6 жұмыс беруші мекеме қатысты. Соған қарамастан жұмыс іздеп келген кісі қарасы көп болды. Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаеваның айтуынша, бұл мекемелер инвестициялық жобаларды мемлекеттік тапсырыс аясында орындап жатқан кәсіпорындар. Ақтөбе өңірінде “Нұрлы жол болашақтың бастауы”, “Саламатты Қазақстан”, “Жұмыспен қамту жол картасы 2020” бағдарламалары бойынша 93 жоба бар.

    - Осы жобаларды жүзеге асыратын мердігер мекемелер анықталған кезде оларға жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздарды жіберіп отырамыз. Кәсіпорындар жаңа қабылданған қызметкерлермен өздері келісімшарт жасасады. Бізге күн сайын бос жұмыс орындары туралы хабарлап тұрады. Қазір
    200-ден астам бос жұмыс орны бар. Дәл қазіргі таңда ең қажет жұмысшылар - құрылысшылар. Дәрігерлер мен менеджерлерге де сұраныс бар,- дейді Гүлшат Қаңтарбаева.

    Өзін “Қоныс” деп таныстырған қала тұрғыны барлық санаттағы жүргізушінің жұмысын іздейді. Ол бұрын КАМАЗ жүргізетін әріптестерімен топтасып алыс сапарларға шыққанын айтады. Қоныстың отыз жылдық жүргізушілік тәжірбиесі бар.

    -Бұрын автотізбектер болды. Олар барда жұмыс дейтін үздіксіз жүріп тұратын. Қазір жабылып қалды. Жеке КАМАЗ-ың болмаса, жұмыс та жоқ. Соңғы үш жылда көлік мектебінде нұсқаушы болып істедім. Таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүріп алатын жалақым 50 мың-ақ теңге еді. Ақылы оқуда студент балаларым бар. Жалақым аз болғасын ол жұмыстан шығып кеттім. Қыстан бері боспын. Жеңіл көлігім бар. Такси жүргізушісі болғым келмейді. Көпшілікпен жұмыс істеу қиын. Кейбір адамдар көлігіңе мініп алып, шылым шегіп отырады. Кейбір жолаушылар мас күйінде отырады. Ондай клиенттерге өз басым төзе алмаймын. Сондықтан қолайлы жұмыс іздеп жүрмін. Ең болмаса 75-80 мың теңге жалақы берсе, отбасыма да, пәтерақыма да жетіп қалар еді,- дейді Қоныс.

    Ақтөбеге былтыр Орал қаласынан көшіп келген Ақсұлу Назарова да тұрақты жұмыс таба алмай жүр. Бұрынғы асхана қызметкері қаладағы дәмханалардың бәрін дерлік аралап шыққан. Өзінің айтуынша, жасы ұлғайған әйелді ешбір дәмхананың жұмысқа қабылдағысы жоқ.
    – Мені тіпті ыдыс жууға да алмай қойды. Жарты жылдан бері жұмыссыздар есебінде тұрмын. Жарты жылдай биржаның көмегімен қоғамдық жұмыстар істедім. Қазір боспын. Отбасындағы жалғыз асыраушымын. Қызым болашақ дәрігер. Оқу бітіруіне әлі екі жыл бар. Өзімнің зейнетке шығуыма да екі жыл керек,- дейді Ақсұлу Назарова.

    Жәрмеңкеде жұмыссыздарға бос орын ұсынған мекемелердің бірі “Казпромстройгрупп” құрылыс компаниясы болды. Кадр бөлімінің менеджері Гүлбаршын Бұхарбаеваның айтуынша, компания тәжірибесі мен білімі бар, білікті құрылысшыларды іздейді. Оның ішінде сылақшы, желдеткіш құрал-жабдықтарын құрастырушы, газдәнекерлеуші мамандар кәсіпорынға ауадай қажет.

    – Бізге білікті жұмысшылар керек. Еңбек тәжірибесі бес жылдан кем болмауы керек. Себебі, біз мемлекеттік тапсырысты орындаймыз. Олардың бізге қоятын талаптары қатты. Біздің жұмысымыздың игілігін халық көретін болғандықтан, әр жұмысшының өз ісіне жауапты болғанын қалаймыз. Басында 15 адамдай қажет деген болатынбыз. Бірақ, қазір тапсырыс азайғандықтан, жұмыс тоқтаңқырап тұр. Сондықтан қажет жұмысшылардың саны кеміді,- дейді “Қазпромстройгрупп” ЖШС кадр жөніндегі менеджері Гүлбаршын Бұхарбаева.

    Ал “Ақтөбе Сәулет ” құрылыс компаниясының маманы Айжан Көптілеуованың айтуынша, компания жұмысшыларға тек талап қоймайды. Мүмкіндігінше жағдай да жасайды. Мәселен, жұмысшыларды таситын қызметтік автобус бар. Жұмысшылар таңғы сегізден кешкі беске дейін құрылыс алаңында болуы тиіс. Құрылыс жұмыстары төзімділікті қажет ететіндіктен жұмысшылардың денсаулығы мен жасына мән берілетіндігі айтылды.

    -Тәжірибені міндетті түрде сұраймыз. Тас қалаушы, құрастырушы, әрлеуші, сылақшы, электргазбен дәнекерлеуші адамдар алып жатырмыз. Зейнеткерлер біздің жұмысқа шыдамайды. Әрі кетсе 50 жасқа дейінгілер қабылданады. Құрылыстың қиын шаруа екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан жұмысшының дені сау болуы біз үшін басты талаптардың бірі,- дейді Айжан Көптілеуова.

    Инвестициялық жобаларды мемлекеттік тапсырыс арқылы орындап, құрылыс салып жатқан мекемелердің бірі “Бабәк Құрылыс” ЖШС. Компания қаладағы бес нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізуді бас-тап кетті. Осыған орай электргазбен дәнекерлеушілер, қазандық жабдықтарын жөндейтін темір ұсталары қажет.

    -Бізге тапсырыс беруші - “Трансэнерго” компаниясы. Алдағы бес ай ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізбекпіз. Анығын айтқанда, су таратқыш құбырларды алмастыруымыз керек. 25-30 шақты жұмысшыға орын бар. Бізге кәсіби тұрғыдан білікті жұмысшылар керек. Өйткені, уақыт тығыз. Жұмысты тез арада бастап, уәделі уақытында аяқтауымыз керек. Қарашаның аяғына дейін межелі мерзім белгіленіп берілген. Рас, жұмыс уақытша. Дегенмен жұмысшылар ұнап жатса, штатқа алып қалуға да әбден болады. Жалақы мәселесіне келгенде басшылық ренжітпейді,- дейді “Бабәк Құрылыс” ЖШС кадр жөніндегі менеджері Ольга Михальчук.

    Жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаеваның айтуынша, жәрмеңкеге тіркеуде тұрған жұмыссыздар, өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендер, тұрмысы нашар отбасыдан шыққандар мен жұмысынан қысқарып қалған қала тұрғындары шақырылған.

    Қазір орталықта 500 ден астам қала тұрғыны жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған. Жұмыссыздық және жұмысынан айырылу бойынша есепте тұрғандарға арнайы жәрдемақы тағайындалады. Тіркеуде тұрған жұмыссыз әрбір 10 күн сайын орталыққа келіп, көрініп кетуі тиіс. Оларға жаңадан келіп түскен бос жұмыстар ұсынылады. – Ал ол азаматтар біз ұсынған жұмыстардан екі рет бас тартса, оларды есептен шығарамыз,- дейді Гүлшат Қаңтарбаева.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үш мың адам “Жасыл ел” еңбек жасағына жұмысқа алынады
  • Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
  • Қалада дәрігерлер жетіспейді
  • Сұрақ-жауаптар
  • Тәжірибесіз дәрігерлерге жұмыс бар
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге