Жұмыссыз жастар назарына!

    Жұмыссыз жастар назарына!

    Қолында дипломы бар бірақ, жұмыс таба алмай жүрген қыз-жігіттердің “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” жастар қанатына жолығуына болады. “Жас Отанның” жергілікті 11 кәсіпорынмен келісімшарты бар. Яғни, жастарды жұмысқа орналастыруға септігін тигізе алады.

    “Жас Отан” жастар қанаты келісімшарт жасасқан мекеме-кәсіпорындардың арасында “Қазхром”, “Қазақстан теміржолы”, “Қазпошта”, “Қазақтелеком” секілді ірі компаниялар бар. Одан бөлек облыстық басқармалар да партияның жас-тар қанатымен жасалған келісім аясында жастарды жұмысқа қабылдай алады.
    - “Сәтті қадам” жобасы жүзеге асырыла бастаған 2013 жылдан бері 23 жас жұмысқа орналасты,-дейді “Жас Отан” жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мейіржан Жұбан. –Бір түлек жұмысқа орналасып кеткен жағдайдың өзінде қатты қуанамыз. Соның өзі үлкен жеңіс. Көп жағдайда “Жас Отанның” жолдамасымен барған қыз-жігіттер кәсіпорында өздерін көрсете алмайды. Тәжірбиеден өте алмай қалған жағдайда біз жастарға сертификат, мінездеме береміз. Аталмыш құжаттар басқа бір кәсіпорында өз бағын сынап көруіне мүмкіндік береді.

    Өндірістік тәжірбиенің ұзақтығы екі ай. Бұл кезеңде жұмыс беруші жастарға ақы төлемейді. Керісінше, білімі мен білігін, жеке қасиеттерін сынға алады.
    “Сәтті қадам” жобасы бойынша жастардан құжат қабылдауды “Жас Отан” жастар қанаты биыл 22 маусым күні бастады. Құжат тамыз айының орта шеніне дейін қабылданады. Әзірге 114 қыз-жігіт құжат тапсырған.

    “Сәтті қадамның” биылғы жаңалығы - колледж түлектерінен де құжат қабылдана бастады. Бұған дейінгі екі жылда тек ЖОО тәмамдағандар ғана жобаға қатысу мүмкіндігіне ие болған еді.

    “Жас Отан” жастар қанаты жоғарғы немесе орта білім беретін оқу орындарын былтыр немесе одан бұрынырақта тәмамдаған
    жастарды да “Сәтті қадам” жобасы бойынша бақ сынауға шақырады. Басты шарт - білімділік пен ынта.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үш мың адам “Жасыл ел” еңбек жасағына жұмысқа алынады
  • Ақтөбеде автокөліктер шеруі өтті
  • Еріктілер штабы құрылды
  • Бауырластар зираты мен ескерткіштер маңы тазартылды
  • Ерікті жастар ардагерлерге қол ұшын берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге