Ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

    Ақтөбеде Теміржол вокзалы ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Марқұмдардың бірі - ардагер ұстаз, енді бірі - зейнет жасындағы геолог. Ұзақ жыл отасып, тату-тәтті тірлік кешкен жұбайлық жұптың өліміне не себеп болғанын қазір полиция тексеріп жатыр.

    Оқиға 19 шілде күні болған. Полицияға түскі сағат 14:00 шамасында 52 жастағы әйел хабарласады. Ол әке-шешесінің үйінен олардың мәйітін тапқандығын айтқан. Қайтыс болған ақсақалдың жасы-77-де, ал оның жұбайы 70 жаста болатын.
    Оқиға куәгерлері зейнеткерлердің бірі өлер алдында хат қалдырып кеткенін айтады. Алайда, полиция онда не жазылғаны туралы айтпай отыр.
    -Мәселенің мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады,-дейді ІІД баспасөз қызметі.
    “Керек.info” тілшісі оқиға болған жерге барған болатын. Қайтыс болған ерлі-зайыптылармен ұзақ жылдар көрші тұрған Мария Ивановнаны кездестірді. Мария әжей тату-тәтті отбасының мұндай жағдайға қалай тап болғанына әлі аң-таң. Бірнеше күннен бері өз-өзіне келе алмай, есеңгіреп жүргенін айтты.

    - Бұл үйде 1977 жылдан бері бірге тұрамыз. Марқұм әйелмен құрбы едік. Сенбі күні екеуміз саяжайға барып қайттық. Көңіл-күйі де жақсы болды. Құрбым ұзақ жылдар ұстаз болып еңбек етті. Білім саласына еңбегі сіңген мақтаулы ұстаз. Ал жолдасы мұнай саласында жұмыс жасады. Ешқашан арақ ішкенін көрмеппін. Екеуі де сондай мейірімді адамдар болатын. Өздерімен бірге ұл-қызы тұрды. Жантүршігерлік оқиғаны естігенде жағамды ұстадым,-дейді Мария Ивановна.

    Мария Ивановнаның айтуынша, 19 шілдеден бері зейнеткерлердің пәтеріне ешкім кіріп-шықпаған.Көршілері ерлі-зайыптыларды кім, қашан және қайда жерлегенінен де бейхабар.

    Жергілікті полицияның болжамы бойынша, 77 жастағы қария алдымен әйелін өлтіріп, сосын өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Мұндай болжамды марқұмдардың төменгі қабатта тұратын, аты-жөнін атамауды жөн санаған көршісі де айтты. Көршісінің сөзіне қарағанда күйеуі әйелін пышақтап тастаған. Сосын өзіне пышақ сұққан. Сол күні 7 қабат қызыл ала қан болды,-дейді ол.

    Ерлі-зайыпты марқұмдарға қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жеке үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды
  • Алғада шопан өзіне өзі қол жұмсады
  • Ақтөбеде екі оқушы өзін өзі өлтірді
  • Аңшылардың мәйіті 16 күннен кейін табылды
  • Өгей әкесі өлімші етті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге